24 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қай дөкейдің туысы екен: жас мұғалімдерді сипайтын секс-директор дауға қалды

Қай дөкейдің туысы екен: жас мұғалімдерді сипайтын секс-директор дауға қалды
Павлодар облысындағы мектеп директорының басы дауға қалды. Орта білім ордасының жетекшісі жас мұғалімдерге қырындап, олардың әуретті жерлерін сипаған. Дәл осындай шағымын білдірген нәзік жандар бетімен кеткен басшының жазалануын талап етіп отыр, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

Екібастұздағы №9 мектеп ұжымының ішіндегі атмосфера адам ұяларлық! Мектеп директоры Талғат Ахметов қоластындағы қыз-қырқынға қырындап, оларға арам ойын ашық білдіретін көрінеді. Физика пәнінің мұғалімі Дина Мұқатаеваның білім бөліміндегі шенеуніктерге басшысының біртүрлі әрекетіне назар аударуды сұрап жүргеніне бір жыл болған.

Дина Мұқатаева, мектеп мұғалімі:

Өз кабинетімде отырсам да, артымнан білдіртпей келіп құшақтап алатынды шығарды. "Біздің ұжымда жұмыс істегеніңізге ризамын", деп алғысын білдірген соң қолымнан сипап, белімнен ұстады. Одан мұндай әрекет күтпеген мен не істерімді білмей қалдым. Жанымда көмекке шақыратын ешкім де болмады.

Педагогтың сөзінше, Талғат Ахметов осы жылдың сәуір айында тіпті оның бетінен сүймек болған. Бұған шамданған бұрымды жұмыстан кетпекке бел буыпты. Бірақ бұлай оңай жеңіле салудың бұрыстығын түсінген нәзік жан қалалық білім бөліміне шағым түсірген. Бірақ, ондағылар бұл мәселені назарына ілмеген. Ал қоластындағы қызметкердің арызқойлығына ашуланған директор, оған жұмысты үйіп-төгіпті.

Дина Мұқатаева, мектеп мұғалімі:

Кешкі сағат сегізден онға дейін рейдке шығып, шағын ауданда ересектер қарауынсыз жүрген балаларды іздеуге міндеттелдім. Мұндай жасөспірімдерді кезіктірген жағдайда, оларды үйіне апарып, ата-аналарымен сөйлесуге де мәжбүр болдым. Үйіме он бірлер шамасында оралғанда өз балаларым қалың ұйқыда жататын.

Әріптестер арасында Дина Мұқатаеваны қолдап, оған демеу білдіргендердің бірі мектептің әлеуметтік педагогы Анар Жақыпова. Ол жас келіншектің жағдайын жақсы түсінеді. Өйткені өзі де директордың дәл осындай әрекетінен жапа шеккен.

Анар Жақыпова, әлеуметтік педагог:

Ол мені бірнеше рет үйге көлігімен апарып тастағысы келетінін айтты. Мен үнемі бас тартатынмын. Бір күні ол мені өз кабинетіне шақырып алып, белімнен қапсыра құшақтағысы келгенде, кеудесінен итеріп жібердім. Ал 21 қазан күні кешке мектеп фойесінде такси күтіп отырғанымда, ол тағы да мені үйге апарып тастағысы келетінін алға тартты. Мен тағы да бас тартқанымда, ол мұндай ілтипатты менен басқа өзгелерге көрсетпегенін айтты.

Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мектеп директорының үстінен педагог этикасына жат қылық жасағаны жөнінде екі бірдей арыз келіп түскенін және шағым бойынша тексеріс жүргізілетінін айтты. Бірақ сарапшылар мектеп басшысының әрекетінен ешқандай заңсыздық таппаған. Ал Павлодар облысының білім департаменті қызметкерлері Талғат Ахметовке айыппұл салып, аталған тұлға оны уақытында төлеген. Білім ордасының бас ұстазына қатысты тағы бір этика кеңесі құрылып, тексеріс жүргізу тапсырылған. Дегенмен...

Мәриям Маликова, Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары:

Мектеп директоры 27 қарашадан бастап денсаулығына байланысты демалыс алған. Бұл фактіні азамат тіркелген емхана да растады. Сол себепті оны қазір тексеру мүмкін болмай тұр.

Ал ұжымдағы жас мамандардың қарғысына қалып, қазір ауырып жатыр деген мектеп директорын түсірілім тобы қалалық әкімдік ішінен күтпеген жерден кезіктіріп қалды. Камераны көрген Талғат Ахметов тым асығыс екенін айтып, қоластындағы қызметкерлердің сөзін жала деп қысқа қайырды.

Талғат Ахметов, мектеп директоры:

Маған тағылған айыптаулардың барлығы жала. Ешқандай дәлелсіз. Олар болған жайтты тым әсірелеп айтып жүр. Ал бұдан бұрын мен мұғалімдің арқасы мен қолын байқаусыз қағып жібергенім үшін, сондай - ақ арақашықтықты сақтамағаным үшін әкімшілік айыппұлға іліктім. Ал қалғанының бәрі дақпырт әңгіме.

Бірақ дау мұнымен бітпейді! Білім ордасының директоры жұмысқа шыққан соң оның ісін этика кеңесі май шаммен қарауға бекініп отыр. Егер комиссия оның әрекетінен кілтипан тапса, онда бұрымдыларға қырғидай тиген басшы қызметінен қуылуы мүмкін!


Просмотров материала: 7 370

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 749 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 456 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 950 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 984 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 351 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 918 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 950 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 282 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 972 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 996 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 195 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 915 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 041 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 667 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 548 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 579 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 779 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 540 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 947 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 732 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 546 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 394 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 231 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 606 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 480 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 403 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 295 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 532 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 924 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 272 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 216 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 360 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 294 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 540 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 669 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031