12 ноября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Жалюзи сатып алуға мәжбүрледі": Алматылық мұғалім мектепте ақша жиналатынын айтып шағымданды

14 сентябрь 2019, 9:35
"Жалюзи сатып алуға мәжбүрледі": Алматылық мұғалім мектепте ақша жиналатынын айтып шағымданды
Алматыда лицей мұғалімі мектепте ақша жиналатынын айтып шағымданды. Мұғалімнің сөзінше, білім беру мекемесінің директоры мұғалімдерді өз ақшасына кабинеттерге перде сатып алуға мәжбүрлеген. Ал директордың өзі мұндай айыптауды жоққа шығарып отыр. Бұл туралы «Астана» арнасы хабарлайды.

25 жыл мұғалім болып жұмыс істеген Ләззат Мұсанованың сөзінше, ол осы жылдар бойы бордан бастап, шүберек, шкаф пен стендке дейін, яғни түрлі оқу материалдарын сатып алу үшін өз ақшасын жұмсаған. Ол мектеп басшылығының ақша жинайтыны туралы айтпай келген.

«Ол менен жалюзи туралы сұрады. Мен әлі ілмегенімді айттым. Себебі ұлым Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс істеуге кеткен. Оның көшуіне көп ақша кетті. Пәтер жалдады. Ол маған: «Білмеймін, ілу керек», - деді», - деп шағымданады қаладағы №143 мектеп-лицейдің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Мұсанова.

Ақырында мұғалім жалюзиді сатып алған. Мектептегі басқа мұғалімдер де осылай жасапты. Алайда Ләззат мектеп басшылығынан екі жалюзиге жұмсаған 14 мың теңгесін сұрауды ұйғарыпты. Артынша анықталғандай, ол жалюзи үшін өзге мұғалімдерге қарағанда аз төлеген екен. Үлкен кабинеттердегі жалюзилердің бағасы 30-дан 40-мың теңгеге дейін тұратын көрінеді.

Мұғалім жалюзи сатып алғаннан кейін өмір сүруіне ақшасы қалмағанын айтады. Сол кезде ол өзінің проблемасы туралы әлеуметтік желіде жазған. Мұғалімнің даулы жазбасына білім беру басқармасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіндегілер назар аударған.

Анықталғандай, жалюзиді орнатуға қалалық бюджеттен 2,5 миллион теңге бөлінген. Бұл ретте лицей директоры мектепте ақша жиналғанын жоққа шығарып отыр. Оның сөзінше, мұғалімдер пердені өз бастамасымен сатып алған.

«Ол ешкімге айтпай, жалюзиді өзі сатып алған. Меңгеруші оған телефон арқылы жазып, жалюзи сатып алудың керегі жоғын айтқан. Ал ол: «Маған қиын емес. Өзім сатып аламын, уайымдамаңыз», - деп жауап беріпті. Мен ешкімді мәжбүрлемедім. Бәрінен сұрасаңыздар, айтады. Тіпті, мен де жайлылық үшін жалюзи сатып алдым», - дейді мектеп-лицейдің директоры Гүлнара Байеділова.

Ендігі бюджеттен жалюзиге бөлінген қаржыны өзге де қажеттіліктерге жұмсамақ. Директордың бұл ойын мұғалімдер де қолдап отыр.

«Оның қажеті бар-жоғын мұғалімдер өздері шешеді. Егер маған кабинет берсе, қажет заттарды өз ақшама сатып аламын. Оған ешкім мәжбүрлемейді. Ешкім шағымданбайды. 40 жыл жұмыс істеп жүрмін, барлық стендті өзіміз сатып алғанбыз. Ешкім ол туралы айқайлап айтқан емес», - дейді аталған мектептің мұғалімі Бақыт Омарова.

Десе де мұғалімге жалюзиге жұмсаған 14 мың теңгесі қайтарылыпты. Ал өзге мұғалімдердің басшылыққа шағымы жоқ. Алайда осыған қарамастан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіндегілер бұл оқиғаға назар аударды.

«Бұл жемқорлыққа қатысты қылмыс емес. Алайда бұл бұзушылық болып табылады. Бұлай жасауға болмайды. Мемлекет мектепке қажетті заттарға ақша бөледі. Бұл деректі, тіпті, мұғалімдер білмейді», - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының басшысы Елнар Игіліков.

Ләззат Мұсанова салалық департаментке шағым түсірген. Мұнан әрі қарайғы тексерісті қалалық білім басқармасы жүргізетін болады.
Просмотров материала: 3 143

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 226 535 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 226 231 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 225 734 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 225 781 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 226 136 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 14 068 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 13 090 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 432 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 18 139 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 156 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 356 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 959 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 090 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 702 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 583 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 641 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 822 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 577 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 993 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 768 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 584 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 435 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 275 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 647 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 511 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 18 011 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 450 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 329 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 563 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 963 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 310 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 246 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 391 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 325 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 586 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 701 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30