Өскемендік мұғалімнің хаты көпшілік арасында талқыға түсіп жатыр. Ашып айтпаса да, "бір қайнауы ішінде жүрген" көпшіліктің көкейіндегісін дөп басқаны рас. БАҚ бетінде Оксана Александрованың мұғалімдердің ахуалы туралы жанайқайы бірден желіде тарап кетті. Ол мұғалімдердің жанына батқан мәселелерін көтеріп, өз ұсыныстарын жазған.
Ол хатта «Мұғалімдердің мәртебесі туралы» дайындалып жатқан заңға қатысты өз ұсыныстарын жазған, деп хабарлайды YK-news.kz басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
«Мен Өскемендегі №39 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеймін. Жасым 40-та. Еңбек өтілім – 28 жыл», – деп бастаған мұғалім өз мамандығын жақсы көретінін айтты.
Өз сөзінде ол Қазақстанда мұғалімдердің мәртебесін арттыру мәселесі көтерілгеніне қуанышты екенін және өзінің хатын БҒМ қызметкерлері оқитынынан үмітті екенін айтып, өз ұсыныстарын жазған.
«Бүгінгі педагог жүйелі түрде күнделікті күйзеліске түседі. Ата-аналардың, мектеп әкімшілігінің, қалалық білім басқармасының және басқа да бақылаушы органдардың тарапынан күнделікті агрессия, кемсіту, шабуылдарға тап болады.
Мұғалімнің өзін-өзі бағалауын кім көтере алады. Әрине, педагогтің өзі дейсіздер және бұл дұрыс. Алайда мұғалім өзінің пікірі, жан-дүниесі, хоббиі және қызығушылықтарымен өзін қорғаны бар адам сияқты сезіне алмайды. Оны қорғайтын ешкім жоқ. Бәрі тек бақылап, ұрысады», – деп жазады ол.
Мұғалімнің сөзінше, қазіргі уақытта педагогтар «білім беру жүйесіндегі ең қорғансыз жаратылыс» болып табылады. Ол кәсіподақтың мұғалімдерді қорғамайтынын, сонымен қатар жас педагогтардың мектептен кетіп жатқанын атап өтті. Жастар бі-екі жыл жұмыс істейді де, кетіп қалады, дейді өскемендік педагог.
Осыған байланысты мұғалім төмендегі ұсыныстарын жеткізді:
әр мектепке мұғалімдермен жұмыс жасайтын психолгтарды енгізу. Олармен тренингтер, тынықтыратын шаралар жасап, әңгімелесу және т.б. Мұғалімдерді қорғау жөніндегі комитеттер құрылуы тиіс;
ата-аналардың оқу процесіне араласуына мүлде тыйым салу;
ата-аналардың балаларына қатысты міндеттерін орындауы бойынша бақылау енгізу.
Мұнан кейін Александрова мұғалімнің бос уақыты туралы сөз қозғады.
«Мұғалімдердің бос уақыты жоқ. Себебі бұл уақытта дәртер тексеріп, формативті жұмыстарды жасап, тексеріп, балалармен бірге мұражайға, театрға т.б. барады», – дейді мұғалім.
Сондай-ақ, ол құжаттарды жүргізу цифрлық режимге көшіріліп жатқанда, неліктен мұғалімдердің әлі күнге дейін қағазда есеп беріп, оның электронды нұсқасын қайта жасайтынын түсінбейтінін айтты.
Сонымен қатар оны неліктен мұғалімдерге сабаққа дайындық пен сабақтан тыс уақыттағы жұмыстары үшін ақша төленбейтіні қызықтырды. Ол өзінің ештеңеге уақыты қаламағанын айтып шағымданды.
«Отбасым мені көрмейді, жаңалықтарды қарамаймын, кешкі ас жасамаймын. Әр педагогта тұлғаның деформациялануы болып жатыр», – дейді ол.
Оған қоса мұғалім демалыс уақытындағы жүктемелердің көптігін атап өтті. Шаршағанымыз арта түседі, дейді педагог.
Өз кезегінде мұғалім төмендегідей ұсыныс жасады:
педагогтардың қызметін 5 күндік жұмыс аптасына қосу;
демалыс уақытында педагогтардың жұмысын шектеу. Оларға жаңа тоқсанның алдында тынығып, күш жинауға мүмкіндік беру;
мұғалімнің сабақтан тыс уақытта сабақтарға дайындығын үшін ақша төлеу.
Одан бөлек мұғалім білім беру жүйесінде бақылаушы органдардың көптігіне көңілі толмайтынын білдірді.
«Сіздерге бақылаушы органдар тым көп болып көрінбей ме? Мұғалімдер балалар үшін емес, солар үшін жұмыс істейтін сияқты», – деп шағымданды ол.
«Барлық бақылаушы органдағы әдіскерлер құрамының сапалылығын талдаңыздар. Олар – еңбек өтілі, санаты, мектепте тәжірибесі жоқ жас педагогтар. Менің сабағыма келген мұндай маман неге үйрете алады? Бұл күлкілі.
Сондықтан әдіскерлердің тәжірибелі педагогтардың алдында қадірі жоқ. Тек біліксіздігімен және мұғалімге жүргізе алатын билігімен қорқыта алады», – дейді ол.
Сонымен қатар ол мұғалімдердің беделі түсіп бара жатқанына алаңдаушылық танытты.
«Егер баланың ата-анасына оның тоқсан қорытындысы бойынша бағасы ұнамаса, ол бірден білім басқармасына, департаментке немесе әкімдікке қоңырау шалып, мұғалімнің үстінен шағымданады. Осындай факт бар.
Мұнан кейін ол жақтан мектепке хабарласып, мұғалімды жоғары баға қоюға мәжбүрлейді. Осылайша, біз оқушының көз алдында мұғалімдердің беделі қалай түсіп бара жатқанын көре аламыз», – дейді педагог.
Осыған байланысты өскемендік мұғалім мынадай ұсыныс тастады:
бақылаушылар мен органдардың санын қысқарту. Осылайша, бұл мамандар мектепке мұғалім болып келеді. Мектептердегі мұғалім жетіспеушілігі азаяды;
есеп беруді, бақылаушы органдарға берілетін жоспарларды қайта көшіруді шектеу;
мектептер рейтингіне тыйым салу;
құзырлы органдардың ата-аналардың орнысыз қалауын орындауын доғаруы.
Сонымен қатар оны мұғалімдерді еңбекақсының әділеттілігі алаңдатады. Айтуынша, сынып жетекшілігі үшін қосымша 4 мың теңге төленетіндіктен,мұғалімдердің көбі мұндай жұмысқа келіспейді. Сондай-ақ, ол мұғалімдердің мөлшерлеремесі туралы да айтты.
Осыған байланысты ол келесі ұсынысын білдірді:
мұғалімнің еңбек жағдайының зияндылығын (көзінің көруі, психологиялық қысым, күйзеліске түсіретін жағдайлар) лайықты түрде бағалау;
сынып жетекшілік үшін 4 мың теңге емес, арнайы мөлшерлеме төленуі тиіс;
мұғалімдердің жалақысы жоғары болуы тиіс;
сыныптан тыс жұмысқа, оқушылармен жеке жұмыс жасау үшін параллель сыныптардың әрқайсына штаттық бірлік қосу;
неліктен мұғалімдерге көмекші бермеске;
бастауыш сынып мұғалімдерінің мөлшерлемесін 14 сағатқа қысқарту;
жаңартылған білім беру аппробациясына қатысатын мұғалімдерге қосымша ақы төлеу.
Сөз соңында мұғалім педагогтарға арналған кәсіби курстарға назар аударды. Айтуынша, мұғалімдерді мұндай курстарға өз ақшасына баруға мәжбүрлейді.
«Ал байқауларға қатысу – мүлде фантастика. Жүлделі орындардың барлығы алдын ала сатып алынған. Өзім облыстық «Жыл мұғаліміне» қатысып, бәрін көзіммен көрдім», – дейді педагог.
Одан бөлек мұғалімді аттестациялау процесі алаңдатады.
Ұсыныстары:
мектепте 25 жыл жұмыс істеген мұғалімдердің аттестациялауға, байқауларға қатысуын шектеу;
педагогтарға арналған ақылы кәсіби байқауларға тыйым салу.
«Осылайша, бүгінгі таңда мұғалімнің жыныссыз, ақшасыз, қорғансыз, бос уақыты жоқ жаратылыс екенін көруге болады. Мұғалімнің мәртебесін көтеру – мемлекеттің ішкі істерінің міндеті», – деп түйіндеді өскемендік педагог.
Просмотров материала: 7 358