4 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бозжырада қонақүй салуға жұрттың бәрі бірдей қарсы емес – Экология министрлігі

23 ноябрь 2020, 10:35
Бозжырада қонақүй салуға жұрттың бәрі бірдей қарсы емес – Экология министрлігі
Маңғыстау облыстық Экология департаментіне өндіріс орындары аумағындағы 12 түрлі ластаушы көздерді анықтайтын дрондар сатып алынуда. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің әлеуметтік желідегі тікелей эфирінде өңірлік департаменттің директоры Руслан Төкенов айттты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Экология департаментіне соңғы үлгідегі дрон сатып алынып жатыр. Ол 12 түрлі ластаушы көздерді онлайн режимде анықтай алады. Жеті шақырым радиус бойынша үш жарым шақырым биіктікке ұшыруға болады. Видео, фотофиксациясы бар. Қазір аталған құрылғы сату-сатып алу процесінен өтіп жатыр. Келер жылдан бастап қолданысқа енгіземіз. Дрондарды көбіне өнеркәсіп кәсіпорындарының аумағында, зауыттардың, кен орындарының төңірегінде пайдаланамыз. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дрон қолданылмайды. Сондықтан мәселе болмауы тиіс», - деп атап өтті Руслан Төкенов.

Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысы бойынша кәсіпорындарға қоршаған ортаға келтірген зияны үшін 2,8 млрд теңге айыппұл салынып, оның 90%-ы өндірілген. Тікелей эфирдегі сұхбатта Руслан Төкенов өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу бойынша бекітілген жол картасына кеңінен тоқталды.

«Жол картасы жеті тараудан, отыз алты бөлімнен тұрады. Шығарындыларды азайту, көгалдандыру, қалдықтарды басқару, тарихи ластану орындарын реттеу, биоалуантүрлілікті қорғау және тағы да басқа экологиялық мәселелердің бәрі осы құжатқа енгізілген. Министрдің тапсырмасы бойынша, біз тоқсан сайын жергілікті халықпен кездесіп, атқарылған жұмыс бойынша есеп беріп отырамыз. Онда шешілген мәселелерді, шешімін таппаған дүниелерді баяндап, себебін де түсіндіреміз», - деді департамент басшысы.

Жақында Қазақстанның Қызыл кітабының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар тізіміне енгізілген Каспий итбалығының ахуалы да сұхбатқа арқау болды.

«Каспий жағалауынан кейде өлі итбалықтардың табылып жататыны жасырын емес. Көп жағдайда оған итбалықтың браконьерлік ауға оралып қалуы себеп болады. Биыл әкімдіктің қатысуымен теңіздегі біраз жер заңсыз аудан тазартылды. Егер бұл жұмыс жалғасса, оң нәтиже болатыны сөзсіз. Ал итбалықтардың Қызыл кітапқа енуі бізге жаңадан ерекше қорғалатын аймақтар құруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Р. Төкенов.

Өңірдегі қоқыс проблемасы туралы айтылғанда соңғы уақытта жұртшылық талқысына түсіп жатқан Бозжыра шатқалының тазалығы да назардан тыс қалмады.

«Есеп бойынша биыл Бозжыраға 2000 адам барған. Оның әрқайсысында өздерімен бір бөтелке су болды десек, жартысы саналы түрде бос бөтелкесін алып кетеді. Қалған мыңынан қалдық су жерде қалады. Алдағы жылы шатқалға он мың турист келеді деп күтілуде. Яғни, біз қоқыс мәселесін қазірден реттеп, оны тастайтын орындарды дайындап, қонақүй салатын инвесторға міндет жүктеуіміз қажет. Жалпы, қонақүй Бозжыра шатқалынан алыс орналасса, экологиялық талаптар орындалса, жоба дайын болғанда халыққа таныстырылса, сонымен қатар, айналада киелі орындар болғандықтан түнгі мезгілде тыныштық режимі сақталса, бұл жобаға жұрттың бәрі бірдей қарсы емес», - дейді департамент басшысы.

Сұхбат кезінде 105 млн тонна радиациялық қалдық төгілген Қошқар ата қалдық қоймасы, Шетпе маңындағы карьерлер, экологиялық мәдениет, жаңа Экологиялық кодекстің жергілікті жердегі ахуалды жақсартуға тигізетін септігі және тағы да басқа қордаланған проблемалар сөз болды.

Айта кетсек, жуырда әлеуметтік желі беттерінде Маңғыстау жеріндегі Бозжыра табиғи ескерткішінің аумағынан қонақүйдің құрылысы басталғаны жөнінде видео тараған болатын. Осы жағдайға байналысты бір топ маңғыстаулық белсенді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовқа ашық хат жолдап, нақты талап қойған еді.

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли қоғамдық кеңестер мен эколог сарапшылардың пікірі ескеріліп, қонақүй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалатынын айтты.
Просмотров материала: 542

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 207 096 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 746 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 234 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 292 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 657 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 022 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 071 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 373 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 013 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 094 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 276 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 728 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 469 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 333 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 093 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 568 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 276 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 682 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 494 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 050 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 378 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 880 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 103 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 339 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 722 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 086 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 029 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 158 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 307 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031