3 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Маңғыстау облысында айналаны ластаушылар дрон арқылы анықталады

Маңғыстау облысында айналаны ластаушылар дрон арқылы анықталады
Маңғыстау облыстық экология департаментіне өндіріс орындары аумағындағы табиғатты ластаушыларды анықтайтын дрондар сатып алынуда. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Facebook парақшасындағы тікелей эфирде өңірлік департаменттің директоры Руслан Төкенов айттты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Экология департаментіне соңғы үлгідегі дрон сатып алынып жатыр. Ол 12 түрлі ластаушы көздерді онлайн режимде анықтай алады. Жеті шақырым радиуста, үш жарым шақырым биіктікке ұшыруға болады. Видео, фотофиксациясы бар. Қазір аталған құрылғы сату-сатып алу процесінен өтіп жатыр. Келер жылдан бастап қолданысқа енгіземіз. Дрондарды көбіне өнеркәсіп кәсіпорындарының аумағында, зауыттардың, кен орындарының төңірегінде пайдаланамыз. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда дрон қолданылмайды. Сондықтан шу мәселесі болмауы тиіс, - деп атап өтті Руслан Төкенов.

Айта кетейік, биыл Маңғыстау облысы бойынша кәсіпорындарға қоршаған ортаға келтірген зияны үшін 2,8 млрд теңге айыппұл салынып, оның 90% -ы өндірілген. Тікелей эфирдегі сұхбатта Руслан Төкенов өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу бойынша бекітілген Жол картасына кеңінен тоқталды.

Жол картасы жеті тараудан, отыз алты бөлімнен тұрады. Шығарындыларды азайту, көгалдандыру, қалдықтарды басқару, тарихи ластану орындарын реттеу, биоалуантүрлілікті қорғау және тағы да басқа экологиялық мәселелердің бәрі осы құжатқа енгізілген. Министрдің тапсырмасы бойынша, біз тоқсан сайын жергілікті халықпен кездесіп, атқарылған жұмыс бойынша есеп беріп отырамыз. Онда шешілген мәселелерді, шешімін таппаған дүниелерді баяндап, себебін де түсіндіреміз, - деді департамент басшысы.

Жақында Қазақстанның Қызыл кітабының сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жануарлар тізіміне енгізілген Каспий итбалығының ахуалы да сұхбатқа арқау болды.

Каспий жағалауынан кейде өлі итбалықтардың табылып жататыны жасырын емес. Көп жағдайда бұған итбалықтың браконьерлік ауға оратылып қалуы себеп болады. Биыл әкімдіктің қатысуымен теңіздегі біраз жер заңсыз аудан тазартылды. Егер бұл жұмыс жалғасса, оң нәтиже болатыны сөзсіз. Ал итбалықтардың Қызыл кітапқа енуі бізге жаңадан ерекше қорғалатын аймақтар құруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Төкенов.
Өңірдегі қоқыс проблемасы туралы айтылғанда соңғы уақытта жұртшылық талқысына түсіп жатқан Бозжыра шатқалының тазалығы да назардан тыс қалмады.

Есеп бойынша биыл Бозжыраға 2000 адам барған. Оның әрқайсысында өздерімен бір бөтелке су болды десек, жартысы саналы түрде бос бөтелкесін алып кетеді. Қалған мыңынан қалдық су жерде қалады. Алдағы жылы шатқалға он мың турист келеді деп күтілуде. Яғни, біз қоқыс мәселесін қазірден реттеп, оны тастайтын орындарды дайындап, қонақ үй салатын инвесторға міндет жүктеуіміз қажет. Жалпы қонақ үй Бозжыра шатқалынан алыс орналасса, экологиялық талаптар орындалса, жоба дайын болғанда халыққа таныстырылса, сонымен қатар айналада киелі орындар болғандықтан түнгі мезгілде тыныштық режимі сақталса бұл жобаға жұртшылықтың бәрі бірдей қарсы емес, - дейді департамент басшысы.

Сұхбат кезінде 105 млн тонна радиациялық қалдық төгілген Қошқар ата қалдық қоймасы, Шетпе маңындағы карьерлер, экологиялық мәдениет, жаңа Экологиялық кодекстің жергілікті жердегі ахуалды жақсартуға тигізетін септігі және тағы да басқа қордаланған мәселелер сөз болды.
Просмотров материала: 621

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 216 219 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 215 890 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 215 391 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 215 435 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 215 804 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 499 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 534 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 859 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 519 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 580 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 771 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 793 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 892 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 558 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 432 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 380 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 672 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 413 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 815 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 613 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 440 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 284 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 485 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 369 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 857 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 203 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 189 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 433 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 820 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 168 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 117 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 251 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 194 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 422 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 569 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930