10 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Президентке арыз жазу әдетке айналды

04 ноябрь 2020, 12:51
Президентке арыз жазу әдетке айналды
Бүгінде Үкіметке өкпелі ағайынның арыз-шағымы азаймай тұр. Тіпті Президентке ашық хат жолдауды да жұртшылық әдетке айналдырып алды. Әрине «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы бойынша бұл дұрыс-ақ. Алайда аудан немесе қала шеңберінде шешілетін мәселені Мемлекет басшысына жеткізу орынды ма? Міне, осы түйткілге Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аппараттық жиында баса көңіл аударды, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жалпы ағымдағы жылдың 9 айында облыстың жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 31 357 өтініш келіп түсіпті. Өтініштердің 7566-ы қанағаттандырылған, 1801-і қанағаттандырудан бас тартылған, 21 809-не түсініктемелер берілген, 181-ін қарау тоқтатылған. Есепті кезеңде жеке және заңды тұлғалардың 1655 өтініші бақылауға алынып, орындалған. Қалған «бақылауда емес» 1209 өтінішке тиісті жауаптар берілген. Десе де, халықтың бір мәселемен қайталап қайырылуы азаймай тұр. Мәселен Шу ауданының тұрғыны Е.Каршигабеков «Ақжол-2000» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметіне тексеру жүргізу бойынша 10 рет, Жуалы ауданының тұрғыны К.Таджибаев ағаштарды кесу бойынша 23 рет шағым түсірген. Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалар тарапынан жоғары тұрған мемлекеттік органға оның ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне бірненше рет шағымданған. Шу ауданының тұрғыны У.Масақова 2 рет, Тараз қаласының тұрғыны О.Громик 2 рет арызын жолдаған.

Бердібек Машбекұлы жалпы бұл дұрыс үрдіс емес екенін, алайда шағымданған адамдарды «арызқой» атамау қажеттігін баса айтты.

– ҚР Президентіне Үндеу жариялау, Президент Әкімшілігіне шағымдану соңғы кездері дәстүрге айналды. Неге? Бәлкім түрлі арыз-шағыммен қайырылған тұрғындарды «арызқой» деп айыптарсыздар. Естеріңізге жақсылап сақтап алыңыздар, тұрғындарды кінәлауға болмайды. Егер көтерген мәселесі аудандық немесе қалалық деңгейде уақытында шешілсе Үндеу жариялап, Президент Әкімшілігіне шағымдана ма? Әрине жоқ. Кінә өзімізде. Халықпен кері байланыс жоқ. Қандай жағдай болмасын тұрғындардың талап-тілегіне дер кезінде назар аударып, жауап беруіміз керек. Халықтың алғысын алуға жұмыс жасамасаңыздар ешқашан жақсы атқа ие болмайсыздар,–деді Б. Сапарбаев.


Негізі облыс әкімі бұл мәселені кейінгі кездері жиі көтеруде. Олай дейтініміз аймақтың тоғыз айдағы табысын қорытындылаған жиында Бердібек Машбекұлы бұқараның Президентке жиі Үндеу жолдауы әкімдердің кінәсі деген еді.

– Қазір халық ауылдық, аудандық деңгейде шешімін таппаған мәселелерін облыс әкіміне, тіпті Президентке жолдап жатыр. Шындап келгенде сол мәселені жергілікті жерде де шешуге болады. Сондықтан аудан әкімдері бұқананың әлеуметтік желілердегі өтініш-тілегіне құлақ асып, жағдайды ушықтырмауы керек. Халықтың көңіл-күйі – бұл аудан әкімдерінің жұмысына байланысты, – деді аймақ басшысы.

Әрине тұрғындардың көкейіндегі мәселесіне әкімдер көңіл бөліп, жергілікті жерде шешіп беріп жатса, ешкім Президентке Үндеу жолдамайтыны белгілі. Алайда жұртшылықтың жергілікті әкімдерге деген сенімі жоғалып бара жатқандай. Сондай-ақ тек Мемлекет басшысына Үндеу жолдаса ғана мәселе бақылауға алынады деген түсінік қалыптасқан. Бұл тұрғыда Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың айтып отырғаны дұрыс. Бірақ одан сабақ шығарып, халқына жақын болар әкім бар ма?

Просмотров материала: 681

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 194 751 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 340 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 193 856 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 193 913 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 263 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 336 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 432 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 726 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 168 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 275 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 618 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 458 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 580 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 390 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 227 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 711 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 474 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 164 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 564 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 341 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 266 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 100 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 944 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 243 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 163 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 664 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 474 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 996 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 252 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 627 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 947 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 033 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 998 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 202 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 358 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930