4 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бір жылда сыбайлас жемқорлығы үшін 33 лауазымды тұлға сотталған

29 апрель 2020, 10:33
Бір жылда сыбайлас жемқорлығы үшін 33 лауазымды тұлға сотталған
Жамбыл облысы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жиында өткен жылы және осы жылдың алғашқы үш айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы сараланды. Ондағы көрсеткіштер сыбайлас жемқорлық қоғам мен мемлекет үшін әлі де елеулі мәселе болып отырғандығын айғақтай түскендей.

2019 жылы Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 33 лауазымды тұлға сотталса, олардың басым бөлігі білім саласына қатысты. Басқа салалардан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзушылар бар. Ең көп қылмыс Тараз қаласында, Шу, Байзақ, Жуалы және Меркі аудандарында орын алған, - деп атап өтті облыс әкімі.

Өзекті тақырып бойынша толық ақпаратты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің облыстық департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев баяндады.

Ол еңбек және сыбайлас жемқорлық заңнамасының орындалуы бойынша мониторинг барысында қызықты фактілер анықталғандығын алға тартты. Мысалы, сыбайлас жемқорлық әрекеттері фактілері бойынша жауапкершілікке тартылған мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың 9 лауазымды тұлғалары өз басшылық қызметтерін жалғастырып келген. Тек сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің араласуынан кейін ғана олар өз өкілеттігін доғаруға мәжбүр болған.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы тұру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тапсырмасы бойынша "Ашық бюджеттің интерактивті картасы", "Бизнесті және инвестицияларды қорғау" сияқты жобалар іске асырылуда. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдардың басқармалары мен бөлімдеріне қарасты 900 ұйым өз бюджеттері туралы жариялады.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша департамент сотқа сыбайлас жемқорлық жасаған 70 істі жолдаса, 90 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан келтірілген шығын көлемі 1,2 миллиард теңгені құрап, 930 миллион мемлекетке қайтарылды. Шағын және орта бизнес қызметіне араласумен, сондай - ақ мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға бөлінген қаражатты жымқыруға қатысты қылмыстардың саны артқан, - деп атап өтті А. Әшірбаев.

Анықталғандай, мемлекеттік құрылымдар арасында жергілікті атқарушы органдар сыбайлас жемқорлыққа аса бейім. Әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ауыл шаруашылығы, құрылыс, энергетика және ТКШ салаларында заңбұзушылыққа жол берілеуде. Сонымен қатар, жиныда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қарсы өткен жылы 29 қылмыстық іс қозғалғандығы да айтылды.

Ағымдағы жылдың үш айында сотқа жолданған сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істердің саны 27-ге жетсе, осы бөлік бойынша 28 тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Баяндамашы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2020 жылға арналған кешенді жоспарды іске асыруға байланысты бірқатар ұсыныстарын ортаға салды.

Ол жергілікті атқарушы органдардың маңызды міндеті "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде халықпен тиімді кері байланыс орнату болып табылатындығына айрықша көңіл бөлді. Соңғы уақытта "Адалдық аланы" жобалық кеңсесінің жұмысында оң тәжірибе жинақталғандығын, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру керектігі айтылды.

Басқосуда "Жамбыл – адалдық аланы" жобалық кеңсесінің жұмысы мен перспективалық бағыттары туралы аталған жобаның жетекшісі Назима Жувандыкова баяндады.

Жиынды қорытындылай келе Бердібек Сапарбаев ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы сыбайлас жемқорлық көріністерінің себептерін егжей-тегжейлі талдау және нақты іс-қимыл бағдарламасын әзірлеу қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жүйелі, кешенді шаралар қажет. Аймақ басшысының айтуынша, бұл істе өз қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының отставкасы бойынша түзетулер енгізілген заңнама айрықша негізге алынуы тиіс.

Жергілікті атқарушы органдар халық үшін ашық және қолжетімді болуға міндетті. Осыған байланысты, аудандық әкімдіктерге 1 шілдеге дейін Тараз қаласы, Меркі және Талас аудандарының әкімдіктері сияқты сервистік режимге көшу тапсырмасы жүктелді.
Просмотров материала: 885

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 756 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 437 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 939 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 976 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 350 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 741 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 769 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 103 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 781 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 812 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 015 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 845 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 968 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 613 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 488 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 461 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 724 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 479 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 878 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 673 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 489 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 332 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 178 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 537 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 422 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 909 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 289 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 231 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 474 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 871 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 221 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 167 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 307 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 237 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 479 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 619 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031