12 апреля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Дәрігерлердің парасыз, таза табысын 550 мыңға жеткізу жоспарланды

19 октябрь 2020, 11:25
Дәрігерлердің парасыз, таза табысын 550 мыңға жеткізу жоспарланды
Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы Қанат Төсекбаев жыл сайын мыңдаған білікті дәрігердің шетелге кететінін жасырмайды. Әлеуметтік жағдайдың төмендігі, құқық саласының әлсіздігі мамандарды осындай қадамға мәжбүрлеуде, деп хабарлайды zakon.kz Курсив-ке сілтеме жасап.

Сондай-ақ ішкі миграция да қатты жүріп жатыр. Ресми дерек бойынша дипломы бар кадрлар ауылдан қалаға қоныс аударуға құштар. Сол себепті де өңірлерде медициналық көмек көрсету сапасы көңіл көншітпейді.

"Мемлекет басшысы 2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысын 2,5 есеге арттыру туралы тапсырма берді. Жақсы әлеуметтік кепілдеме, өмір сүруге жақсы жағдай жасау арқылы дәрігер мен медициналық жұмысшылар мәртебесін көтеру керек. 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды дамыту туралы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2025 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 550 мың теңгеден кем болмайды",- дейді Төсекбаев.
Сондай-ақ елде медициналық қызметкерлерді бөлістіру бойынша да теңсіздік байқалып отыр екен. Қазір денсаулық сақтау саласында 253 883 адам жұмыс істесе, соның 74 046-сы – дәрігер, 179 837-сі – орташа медициналық қызметкер. Бір жыл ішінде дәрігер кадрлардың өсімі небәрі 1,5 пайызды құраған. Орташа медперсонал 2,6 пайызға көбейген.

"Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында жағдай біршама жақсы. Ал Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында дәрігер кадрларымен қамту бойынша көрсеткіш өте төмен. Дәрігерлермен қамтылу бойынша өңірлер арасындағы айырмашылық 24,5 пен 75,9 арасында. Бұл ресурсты бөлістіру тұрғысында теңсіздік бар екенін көрсетеді", - дейді Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының басшысы.
Жалпы, 2020 жылдың 15 шілдесіндегі жағдай бойынша дәрігер кадрлардың тапшылығы 5201-ге жеткен. Әсіресе, Қостанай облысына 624 дәрігер керек. Ал оқу бітірген жас мамандарды түрлі өңір мен мекемелерге жібергеннен кейін тапшылық біршама азайған. Соның өзінде еліміздің денсаулық сақтау саласы әлі 4122 дәрігер кадрларын қажет етеді. Негізінен анестезиолог-реаниматолог, терапевт, жалпы практика дәрігері, дәрігер-лобарант, психиатр, акушер-гинеколог және педиатрлар өте қажет мамандар санатында тұр. Сонымен қатар инфекционист, эпидемиолог, неонатологтар да ерекше сұраныстағы мамандар қатарында. Еліміздің денсаулық сақтау саласы дәл қазіргі сәтте 8,5 мың орташа медициналық қызметкерді қажет етіп тұр.

Маман тапшылығын болдырмау жолында еліміздегі медицина саласындағы ең іргелі оқу орны Асфендияров атындағы ҚазНМУ үлкен күшпен атсалыспақ. 2020 жылы оқу орнын 1347 маман бітіріп шыққан. Оның 154-і – бакалавр, 924-і – интерн, 146-сы – резидент, 68-і – магистратура, 25-сі – докторантура түлектері. Сондай-ақ университеттің 350 қызметкері коронавируспен күреске қатысқан. Университет клиникасының ішкі аурулар орталығына 100 төсек-орын қойылған.

"Оқу жылының басым бөлігі пандемиямен күрес уақытымен тұспа-тұс келіп біздің профессорлық-оқытушылық құрам Алматы қаласында ұйымдастырылған инфекциялық және провизорлық орталық жұмыстарына белсене араласты. Университеттің 350 қызметкері емхана мен стационар жұмысына қатысты. Ал оқу орнындағы ішкі аурулар орталығында 150-ден астам науқас ем қабылдады",- дейді университет ректоры Талғат Нұрғожин.

Сонымен қатар биыл 6 шілдеде диагностика және науқастарды емдеу бойынша халыққа консультативті көмек беретін "Науқастарды бақылау орталығы" құрылған. Талғат Нұрғожиннің айтуынша, орталық жұмысы үш деңгейде жүзеге асады.

"Біріншісі – резидент-операторлар тәулік бойы колл-орталықта анықтама ақпараттар беріп, мамандармен байланыстырады. Екіншісі – профессорлық-оқытушылық құрамның кезекші дәрігерлер бригадасы КВИ, пневмония және ілеспе ауруларды бақылау және емдеу бойынша қашықтан кеңес береді. Үшіншісі – "тар" профилдегі дәрігер-эксперттер науқас – дәрігер – консультант режимінде видео-консультация өткізеді. Практикалық тәжірибесі өте жоғары 40-тан астам мамандар, оның ішінде кардиолог, инфекционист, гастроэнтеролог, аллерголог-иммунолог, пульмонолог, хирургтар еліміздің әртүрлі өңіріндегі науқастар үшін онлайн-консультация өткізді. Консультация 24/7 режимінде жалғасады" дейді ректор.

Оның айтуынша, университет денсаулық сақтау ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, мамандарды жетілдіруді көздейді. Қазір білім ордасындағы 500-ден астам мұғалім терапевтік, хирургиялық, педиатриялық және стоматологиялық 42 клиникалық кафедрада жұмыс істейді екен. Ал 106 денсаулық сақтау ұйымы университеттің клиникалық базасы болып саналады. Олар – 49 емхана, 53 стационар және 4 перзентхана.

"Клиникалық дайындықтың сапасын арттыру мақсатында университет Алматы қаласының клиникаларында профессорлық-оқытушылық құрамды біріктіру шарттарында жұмысқа орналастыруды бастайды. Штаттық қызметкер ретінде клиникалық орындарда практикалық іс-шаралар өткізу, медициналық ұйымдардың ақпараттық бағдарламасына қол жеткізу жауапкершілікті арттырып, мұғалім-дәрігердің жоғары кәсіби деңгейін қамтамасыз етуге және студенттерге тәжірибелік сабақ өткізуге мүмкіндік береді. Клиникалық оқытуда тиімді тәлімгерліктің маңызы зор. Осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде клиникалардың тәжірибелі мамандары студенттерді практикалық оқыту үшін күндізгі бөлімде жұмыс істейді. Биыл 306 клиник дәрігер тәлімгерлік етуде",- деді медицина ғылымдарының докторы.

Ректордың сөзінше, 2717 интерндер мен резиденттер практикалық тағылымдамадан өтіп, халыққа медициналық көмек көрсетуге қатысады. Олардың 546-сы Қазақстанның аймақтарындағы 100 медициналық ұйымға таратылмақ.
Просмотров материала: 491

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 195 029 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 194 622 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 194 132 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 194 190 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 194 539 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 355 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 448 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 741 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 195 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 298 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 630 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 468 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 584 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 392 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 231 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 713 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 475 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 166 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 566 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 342 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 268 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 102 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 947 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 247 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 166 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 669 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 479 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 999 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 253 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 630 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 006 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 949 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 036 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 001 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 203 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 360 Просмотров





Опрос


«    Апрель 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930