19 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Өзімді қорғамақ болдым»: күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеген петропавлдық әйелдің әңгімесі

09 сентябрь 2020, 11:39
«Өзімді қорғамақ болдым»: күйеуін өлтіріп, денесін бөлшектеген петропавлдық әйелдің әңгімесі
Петропавл қаласындағы ЕС 164/6 түзету коллониясында жазасын өтеп жүрген Елена күйеуін өлтіріп, кейін бөлшектеп қоқысқа лақтырғаны үшін сотталған. Ол жантүршіктірерлік қылмысы үшін өмірінің 10 жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Қылмыскермен «Azattyq Rýhy» сұхбаттасқан еді.

Елена бір қарағанда өзгелерден еш айырмашылығы жоқ қарапайым әйел. Ал, істеген қылмысы жайында сөз қозғалса үнсіз қалады. Өткен күндерінің естеліктерімен бөліскісі келмейді.

Ол Петропавл қаласында туып-өскен. Орта мектепті аяқтап, «Станок жасау» мамандығы бойынша арнайы білім алады. Жұрт қатарлы тұрмысқа шығып, екі баланы дүниеге әкеледі. 25 жыл отасқан қосағы 2007 жылы дүние салады. 2010 жылы жесір әйел Иван есімді жігітпен танысып, қайтадан тұрмыс құрады. Ерлі-зайыптылар азаматтық некеде тұрып жатады.

«Бастапқы екі жылда бәрі жақсы болды. Отбасы болып, бір шаңырақ астында бейқам өмір сүрдік. Уақыт өте келе мінезі өзгере бастады. Жұмыс істеуден қалды. Күніге араққа тойып алып, ылаңдататын болды. Тапқан азын-аулақ ақшасы арақтан қалмайды. Өз қалауымен өмір сүріп жатты. Бойындағы қызғаныш сезімінің кесірінен үйде үнемі жанжал туындайтын халге жеттік. Үнемі несие алуға көндірмек болатын», - деп есіне алады жазасын өтеуші.

ДЕНЕ МҮШЕЛЕРІН ҚАПҚА САЛЫП, ҚОҚЫСҚА ТАСТАҒАН

2018 жыл. Ақпан айы. Елена күндегі әдетімен кешке жұмыстан үйге оралады. Арақ ішіп отырған Иванмен сөзге келіп қалады. Оның соңы үлкен жанжалға ұласады.

«Ұрыс-керісті жалғастырмау үшін кешкі ас әзірлеуге кірістім. Бірақ Иван қайта-қайта жанжалдаса берді. Оның арақ сатып алу үшін ақша талап еткенін елемегесін жұдырық қосылды», - дейді әйел.

Тамақ әзірлемек болып қолына пышақ ұстаған Елена жұдырықтың жауабын суық қарумен қатады. Сұлық құлаған күйеуін диванға жатқызбақ болған сәтте оның өліп қалғанына көзі жетеді. Мәйітті балконға шығарып, өзі үйден қашып кетуге бел байлайды.

Далаға шығып, біраз ойланған әйел болған жайтты жасырып қалуға шешім қабылдайды. Балалары не ойлайтыны, ары қарай қалай өмір сүретіні жайында қайғырып, ойы сан-саққа жүгірген әйел келесі күні түк болмағандай жұмысына барады.

Мәйіттен біртіндеп құтылуды ұйғарған қылмыскер оны бөлшектеп, күн сайын жұмысқа бара жатқанда бір-бір мүшеден қоқысқа тастап тұруды ұйғарады. Алайда ол мәйіттен құтылып үлгермейді. Өйткені қанішер әйелдің қылмысы әшкере болады. Қоқыстан қапқа салынған адам денесінің бөлшегін көрген көршілер полицияға хабарлаған екен. Істің соңы сот, одан кейін темір торға ұласады.

«Жаңа өмірге» бейімделу оңай болған жоқ. СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесіне түскен сәтте-ақ Петропавл кәсіптік колледжінің «плитка төсеуші» мамандығына жазылдым. Еңбек қана біртіндеп өмірге оралуыма көмектесті», - дейді Елена.

Қазір жазасын өтеуші түзету мекемесінің жанындағы «Еңбек-Қызылжар» кәсіпорнында жұмыс істеп жүр.

«ҚЫЛМЫСКЕРЛЕРДІ ҚАЛЫПТЫ ӨМІРГЕ ҚАЙТАРУ ҚИЫН...»

Петропавл қаласындағы ЕС 164/6 түзету коллониясында 200-ден астам әйел жазасын өтеп жүр. Олардың барлығы дерлік ауыр, аса ауыр қылмыс үшін сотталған.

«Жазасын өтеуші әйелдер үшін ең қиыны – отбасы, бала-шағадан ажырау. Олар жақындарымен сөйлесіп тұрады, Skype арқылы жүздеседі. Біз мұндай әлеуметтік қарым-қатынасты қолдаймыз. Біздің психолог ретіндегі басты міндетіміз қылмыскерлерге сабақ беріп қана қоймай, сотталғандардың проблемасын тыңдап, қолдау көрсету, дұрыс жолға бағыттау. Қылмыскерлер істегеніне өкінгенімен, оларды қалыпты өмірге қайта бейімдеу қиын. Дегенмен, кешенді жұмыс істеудің арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз», - дейді әділет аға лейтенанты Майя Ақанова.

Жазасын өтеушілердің бірі Лилия есімді әйел де өзінің басынан өткен оқиғаны баяндауға келісім берді. Ол 30 жыл отасып, екі баласын бірге тәрбиелеген күйеуін өлтірген. Бұл оқиғада да жанжалдың басты себебі – ішімдік.

«Отбасын асырау менің мойныма жүк болды. Ал оны арақ көбірек ойландыратын. Жыл өткен сайын «ауруы» асқына берді. Қазір ажырасып кетпегеніме өкінемін. Солай жасасам осының барлығы болмас па еді? Қорқыныштың соңы осындай сұмдыққа алып келді», - дейді Лилия.

Ол да жанжал кезінде күейінің ішіне пышақ сұғып алған. Ал Еленадан айырмашылығы – өз қылмысын бірден мойындап, балаларына хабарлаған, кейін полиция шақыртқан. Осыны ескерген сот қылмыскерді 8 жылға бас бостандығынан айырған.

СҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз хатшысы Мадина Ерғалиеваның айтуынша, жазасын өтеп жүрген әйелдердің арасында ағасын, бауырын, тіпті әкесін өлтіргендер де бар.

«Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қылмыстың туындауының басты себептерінің бірі – отбасылық жанжал, зорлық-зомбылық. Көп жағдайда әйелдер өздерін қорғамақ болады. Алайда бұл ешкімді жауапкершіліктен босатпайды. Адам өмірі ойыншық емес. Кім болса да қолмен жасаған қылмысының жауабын беруге тиіс», - дейді Ерғалиева.

Қолын қанға бояп, қылмыстың ауыр күнәсін арқалаған әйелдердің өткен іске өкінері анық. Әрбір жазасын өтеуші мерзімі аяқталғанда бостандыққа шығады. Ал шаңырағы ортасына түскен отбасы, жүрегіне ешқашан жазылмас, дауасы табылмас жара түскен бала-шаға сол қалпында қала бермек. Ана үшін ең ауыр жаза осы болар.
Просмотров материала: 1 096

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 260 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 081 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 161 715 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 161 755 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 045 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 541 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 683 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 893 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 732 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 913 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 700 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 512 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 158 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 016 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 837 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 005 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 120 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 786 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 164 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 894 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 900 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 738 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 580 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 836 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 784 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 290 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 735 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 613 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 876 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 205 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 616 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 593 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 628 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 583 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 815 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 954 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031