2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Салафизмді таңдадым, бұл менің басты қателігім» – Сириядан оралған әйел

06 март 2020, 10:12
«Салафизмді таңдадым, бұл менің басты қателігім» – Сириядан оралған әйел
Ұмайша «Жусан-3» операциясы аясында Сириядан Қазақстанға қайтарылған. Ақтөбелік келіншек Шам еліне 2014 жылы сіңлісімен бірге аттанған. Қазір ол Петропавл қаласындағы әйелдер коллониясында жазасын өтеп жүр. Терроризмді насихаттап, жұртты жихадқа шақырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылған. Сирияда бірнеше мәрте тұрмысқа шығып, сәбилі болған. Қазір балалары анасының қолында. Сіңлісі хабар-ошарсыз кеткен. Ұмайша соғыс болған аумақта қалай аман қалғанын Azattyq Rýhy тілшісіне айтып берді.

ЖЕРДЕГІ ЖҰМАҚТЫ УӘДЕ ЕТЕДІ

Ұмайша 2014 жылы Интернет арқылы салафиттік ағым өкілдерімен танысады. Виртуалды таныстары келіншекті желі арқылы бірден баурап алады. Ақша жібереді, Сирияда үлде мен бүлдеге оранып, шалқып өмір сүруге шақырады. Уақыт өте келе Ұмайша шақыртуды қабылдауға бел буады. Онымен бірге кетуге сіңлісі де келісім береді.

«Сіңілім екеуміз олармен Интернет арқылы таныстық. Жігіттер бізге ақша жіберді, билет сатып алды. Ислам мемлекетін құратындарын жеткізді. Сирияда әділеттік орнағанын, әйелдер жұмыс істемейтінін, ер адамдар оларды толықтай қаржыландыратынын айтты. Біз сөздеріне сендік. Көп ойланбай, сапарға шықтық. Сирияға жеткеннен-ақ жігіттердің сөзі мен шынайы өмір қабыспайтынына көзіміз жетті», - дейді жазасын өтеуші.

НАМАЗ ОҚЫМАЙТЫННЫҢ БӘРІ КӘПІР

Ұмайша өзінің салафиттік жолға түсуіне бірінші күйеуінің себепші болғандығын айтады. Дәстүрлі емес дінді қабылдаған сәттен-ақ туған-туыспен қарым-қатынасы алшақтай бастаған. Біртіндеп байланыс мүлде үзілген. Бұл – бірінші кезекте Сирияға баруға үгіттейтін топтар үшін тиімді. Тәжірибе көрсеткендей, жат ағымдарды насихаттап, өз қатарына шақырушылар өзгелерді адастыру үшін басқалардан оқшаулап, толықтай өз ықпалына алады. Біртіндеп санасын улап, айтқанына көндіріп, айдауына жүргізеді.

«2010 жылы күйеуім екеуміз намазға жығылдық. Түрлі діни кітаптар оқыдық. Бастапқыда туған-туыспен қарым-қатынасымыз жақсы болды. Одан кейін араласатын адамдардың тізімі қысқара берді. Соңында сіңліммен ғана сөйлесетін болдым. Күйеуім екеуінен басқа ешкімді көрмейтінмін. Анама анда-санда барып тұрдық. Кейін ол да мүлде тыйылды. Өйткені салафиттер намаз оқымайтындарды кәрпірлердің қатарына қосады. Сондықтан біз ағайынмен араласудан қалдық», - дейді Ұмайша.

Кейіпкеріміз тероризмді насихаттап, жұртты жихадқа шақырғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылған. Ол Whatsapp мессенжері бойынша анасын, таныстарын жихадқа шақырып, Сирияға баруға үгіттегенін жасырмайды. Мәтін түріндегі хабарлама мен түрлі видеоматериалдар жолдағанын да жоққа шығармады.

СОҒЫС. АШТЫҚ. ӨЛІМ.

«Соғыс, өлім, аштық, әділетсіздік». Ұмайша Сиряны осындай сөздермен сипаттайды. Өйткені шайқасудан бас тартқандардың жазасы – өлім. Соғысқа бармағандар әдейі көпшіліктің көзінше жазаланады. Жазасын өтеушінің айтуынша, дарға асу – бұйрықты орындаудан бұлтарғандардың өмірі осылай аяқталатынын көрсетіп, өзгелерді қорқытудың амалы еді.

«Сырттан келгендерге қатысты көп әділетсіздік болды. Басқа мемлекеттерден жиналғандарды соғысуға мәжбүрлейді. Аш жүрген кезіміз де болды. Ал арабтар шалқып өмір сүрді. Сирияға табаным тиіп, осының барлығын көрген сәтте-ақ қателігімді түсіндім. Бірақ кеш еді. 2015 жылдан жазықсыз адамдарды дарға асу басталды. 2016-2017 жылдары Ракка қаласы қоршауда қалды. Біз сонда болған едік. Аман қалу үшін окоптарда отырдық. Балалар бізбен бірге болды», - дейді Ұмайша.

Діни сауаты төмен адамдардың санасын жаулау, оларды қоғамнан оқшаулау, жайлы өмір, жарқын болашақ ұсынып, Сирияға шақыру, соғысуға мәжбүрлеу – арандатушылар осындай схема бойынша жұмыс істеген.

«Сирияға бір кірген адамның шығуы қиын. Бізді арабтар қашқандарды күрдтер ұстап алатынын, олар балаларды зорлап, барлығын өлтіретінін айтып сендірді. Үстімізден күнде снарядтар түсіп жатқанда тірі қалуымыз неғайбыл еді. Тәуекелге бел буып, қашуды ұйғардым. Балаларымды алып, Аль-Холь лагеріне жеттім. Күрдтер бізді жақсы қарсы алды. Тегін тамақтандырды. Қазақстан өкілдері келіп, елге кетуге өтініш білдіргендердің тізімін жасады. Мен жазылдым. «Жусан-3» операциясы барысында елге жеттім», - дейді Ұмайша.

ӨЗЕКТІ ӨКІНІШ ӨРТЕЙДІ

Жазасын өтеуші Сирияны қинала еске алады. Өмірінде осындай кезеңді бастан кешіргеніне тек өзін кінәлайды. Дұрыс жасалмаған таңдау – тағдырын түбегейлі өзгертті. Жат ағымның жетегінде жүріп, Сирияға тап болды. Онымен қоймай, өзгелерге терроризмді насихаттап, жихадқа шақырды. Оның соңы түзету коллониясымен аяқталды.

«Қазақстанда мешіттер, имамдар бар. Ал мен басқа жолмен кеттім. Салафизімді таңдадым. Бұл менің басты қателігім еді. Әттең, уақытты кері қайтару мүмкін емес», - дейді Ұмайша.

Ұмайша 5 жылға бас бостандығынан айрылған. Әзірге оның 9 айы ғана өтелді. Балалары анасының қолында тәрбиеленуде. Өзімен бірге Сирияға ертіп әкеткен сіңлісінен ешқандай хабар жоқ. Әпкесі оның тірі немесе о дүниелік болғанынан бейхабар.
Просмотров материала: 987

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 856 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 505 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 205 994 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 050 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 417 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 010 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 060 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 363 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 001 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 082 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 264 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 492 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031