18 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Түзу жолға түскіміз келеді»: Сириядан оралғандар бастан өткен сұмдықтарын айтты

19 январь 2019, 10:35
«Түзу жолға түскіміз келеді»: Сириядан оралғандар бастан өткен сұмдықтарын айтты


“Жусан” операциясы арқылы Қазақстанға оралған отандастарымыз Сирияда көзімен көрген сұмдықтарын баяндады. Жұмақты аңсаймын деп тозақтан бірақ шыққандар бүгінде туған жерге табанымыз тигеніне шексіз бақыттымыз дейді. Сириядан оралғандар бүгінде Ақтаудағы бейімдеу орталығын паналауда. Мұнда бүлдіршіндерге балабақша, ал оқушыларға арнайы мектеп бар. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Сириядан оралғандардың бірі Жанна осыдан 5 жыл бұрын елден кеткенін айтады. Әйел тура жолдан тайған күйеуінің соңынан еремін деп соғыстың ортасынан бір-ақ шыққан. Онысын кейін түсінген. Түркиядан күтіп алған күйеуі оны ертіп Сирияға өтіп кеткен. Өзі осыдан 1,5 жыл бұрын өмірден озған.

“Ол кезде менің аяғым ауыр болды. Күйеуім баланы тастап өзің қайта бер деді.

– Өзі қайтқысы келмеді ме?

– Жоқ, өлемін осы жақта деді. Басында бәрі әдемі ғой. Тұратын үй ішінде бүкіл дүниесі болды. Бәрі бар. Әйел болғасын қызықтық”, – дейді Жанна.

Алғашқыда жылтыраған дүниеге қызыққан Жанна аз уақыттан кейін қалай соғыс ортасынан бірақ шыққанын түсінбей де қалған. Жарылысты көзбен көрген әйел ол сұмдықты әлі күнге дейін ұмыта алар емес.

“Ракка деген қалада болған кезде небір қуыстармен жүрдік. Сонда адамдардың бастары ілініп тұрды. Соны көріп қатты жыладым”, – дейді әйел.

12 жастағы Жәнібек болса елге жалғыз оралды. 2 жылдай Сирияда болған жігіт әжесін қатты сағынған. Ойы сергек, дүние жүзі картасынан кез келген елді тауып береді. Алайда жеткіншектің соғыстан әбден қорқып қалғаны көрініп тұр.

“Балалардың бойында әлі қорқыныш бар. Суреттерінің бәрін қарап шықтық. Лл жақта лагерде оқыдық деп айтты. Көбінесе арабша білім алған. Сосын құран жаттатқан”, – дейді психолог Несібелі Бағдыбаева.

Сириядан орылған 10 әйел мен 30 бала қазір Ақтаудағы бейімдеу орталығында тұрады. Әлеуметтік қызметкерлер мен писхологтар олармен күндіз-түні жұмыс істеуде. Мұнда жанға қажеттінің бәрі бар. Бүлдіршіндерге – балабақша, оқушыларға – мектеп. Барлығының денсаулығы ақ халаттылардың қатаң бақылауында. Өйткені оралғандардың түгелінен дерлік вирустық инфекция табылған.

“Тұмауға қарсы препараттар тағайындадық. Аналарына, балаларына да тұмауға қарсы дәрмуендер берілді. Қазір жағдайлары жақсы”, – дейдң дәрігер Әсия Сапарғалиева.

Қауіпсіздікті сезінген балалар қазір ойыншық ойнап, мәз мейрам болуда. Ал ересектер Қазақстанның қадірін жете түсіндік дейді.

“Ұшақтан түскен кезде жылайтын да, күлетін де шама болған жоқ. Үйіме туған жеріме қайтқаныма біразға дейін сене алмай жүрдім. Енді бір мүмкіндік береді деп ойлаймын. Мүмкіндік берсе балаларымды дұрыс тәрбиелеп, түзу жолға түскіміз келеді”, – дейді Жанна.

Отанына оралғандар әлі бір ай орталықта болады. Қазіргі уақытта олардың құжаттары реттелуде. Алайда мамандар олардың қалыпқа келуі біраз уақытты алады деп отыр. Ал адасып, тура жолды қайта тапқандар енді жақындарымен кездескісі келеді.
Просмотров материала: 1 957

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 200 455 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 200 072 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 199 567 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 199 621 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 199 988 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 661 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 730 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 032 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 623 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 706 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 908 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 602 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 642 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 422 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 277 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 797 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 518 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 212 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 610 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 415 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 305 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 137 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 988 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 301 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 211 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 706 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 569 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 056 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 289 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 667 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 043 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 985 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 100 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 054 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 247 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 399 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031