22 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Төрегелді Шарманов: Бізде коронавирус пен жемқорлық – ажырамас дос!

Төрегелді Шарманов: Бізде коронавирус пен жемқорлық – ажырамас дос!
Егеменді ел болып, есімізді жинағалы бері біз әлі күнге қоғамымызда бар бір үлкен дертпен күресіп келеміз. Ол жегі құрттың тура өзі – жемқорлық!

Адам өлтіру ауыр қылмыс болса, мен үшін ең сорақысы осы жемқорлық. Осының кесірінен көптеген елдер батпаққа батқан көліктей, не алға жылжуға, не кері айналып өтуге еш мұршасы жоқ.

Мына коронавирустық пандемия кезінде көп нәрсенің беті ашылғандай болды. Кейіндері тіпті, ауру дендеп, халықтың көпшілігі науқастанып, бейбіт заманда қанша азаматтарымыздан айрылып қалдық. Шетел мамандары біздегі жағдайды «ерекше» пневмония деп, әлек болды. Белгілі болғандай, бұл кәдімгі коронавирус. Ашық айтқанда, жемқорлықтың басынып, өз шегіне жетуі еді.

Жемқорлыққа көнгіштігіміз қаншама адамдардың өліміне, үлкен қиындықтарға әкелді. Қырылып қала жаздадық. Дәрі-дәрмектің тапшылығы және бағаның ушығуы, науқастардың уақытылы емханаға жатқызылмауы, қажетті нәрселердің негізсіз қымбат бағаға сатылуы – бұл өзеннің бергі жағасы ғана. Арғы жағында одан да қорқынышты көріністер.

Жемқорлыққа қатысты іс-әрекеттерге өте қатаң шаралар қолданылуы керек. Оның жазасы ауыр болып, еш аяушылық болмауы тиіс. Билікте отырған қандай шенеунік болмасын, байлығы тасыған қандай дөкей болмасын, мына жемқорлыққа қатысы бар әр азамат өте қатал түрде жазасын алуы керек.

Бұл жерде заңның күші мықты болуы шарт. Заңмен тәртіп реттеледі. Тәртіп бар жерде ғана жарқын болашақ қалыптасады.

Көк байрағымызда көкке самғаған бүркіттің бейнесі біздің арман-мақсатымызды айқындайды. Ал сол бүркіттің қанатын кең ашып, еркін самғауына кедергі ететін – осы жемқорлық. Мұны жеңбей, еш ісіміз оңбайды. Ол түгіл жемқорлық ұлттық қауіпсіздігімізге үлкен қауіп төндірмек.

Жемқорлық алған адаммен шектелмейді, берген адам да барып тұрған қысмыскер. Әрине, алғаны мен бергені болсын, бұларың аспаннан салбырап түспейді. Олар біздің ортамыздан шығып отыр. Барлығы да біздің аға-көкелеріміз, ұл-қыздарымыз, өз азаматтарымыз. Кішілері үлкенінен үлгі алып, ал үлкені арам пиғылына ерік берген заман.

Мұны қазір алдын алып, шорт кесіп доғартпасақ, келешек ұрпақ та осылай болып қалыптасады. Балапан ұядан нені көрсе, ұшқанда соны іледі. Тұрған жерден кенет саналы ұрпақ пайда бола кетпейді. Бұл ертегіде ғана болады. Қазірдің өзінде жас бүрдіршіндеріміз, студент пен оқушыларымыз жемқорлық дегенде жиіркенетіндей болуы керек.

Жалпы қарасақ, бұл кесел жоқтықтан туындайды. Ал жоқтықты туындататын үкімет тарапынан бөлінетін қаражат болсын, көмек болсын, әр нерсе өз діттеген жеріне жетпеуі. Халықтың тұрмысы жақсаруы керек.

Үкімет ешкімді елеусіз қалдырмайды. Әр салаға жыл сайын қомақты қаражат бөлінеді. Мемлекеттік бағдарламалардың басым бөлігі тура тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған. Алайда, көп жағдайда тиесілі нәрсенің өз жеріне жетпеуі, арада талан-таражға кетуі халықтың тұрмысын нашарлатады. Бұл барып тұрған опасыздық.

Абайдың мерейтойын атап өтіп, Ұлы ақынның өлеңдерін жатқа айтып, түрлі челлендждер өткіздік. Бірақ, біз Абайдың айтқанын, тіпті, болмасын бір ақылын жөнді орындасақ, Ұлы ақынның рухы марқайып қалар ма еді. Басымызға туа біткен Абай біз қалай ел боламыз деп қаншама ұйқысыз түндер өткізген болар.

Біздің халық талай қиындықтарды өткеріп, көп нәрсеге шыдап келді. Біз өте шыдамды халықпыз. Біздің әр шаңырақта «біреудің ала жібін аттама, біреудің ақысын жеме» деген қағида міндетті түрде айтылатын. Біз батамен үлкендердің алғыс-тілегін алатын едік. Мұның барлығы ешқайда кете қойған жоқ.

Ауруын жасырған ауырмай өледі демекші, қақсап тұрған жерімізді ашық мойындауымыз керек. Бұл бір. Екіншісі оны заң түрінде өте қатал жазалау қажет, тіпті өлім жазасына дейін... Ұсталған жемқор алғанын түгел қазынаға қайтарып беріп, ақша төлеп құтылуына еш мүмкіндік бермей, өмірінің соңғы уақытына дейін түрмеге қамау қажет. Жемқор нағыз қылмыскер. Ол өз халқына жаны ашымаған адам. Өз пайдасын жоғары қойған адамнан еш нәрсе өңбейді.

Жемқорлықтың көптеген көріністері бар. Оны тізбелеп отыру көп уақытты алмақ. Жемқорлық – ата-бабаларымыздан мұра болып келген дүние емес. Бұл бізге жат нәрсе. Сондықтан, оны жеңу, тамырымен жұлып алу – қолдан келетін іс.

Біз қанша уақытты құр бос өткізіп алдық, осы уақытта жемқорлық тамырын жайды, коронавирус секілді қанша азаматтарымыз отбасымен бірге оны жұқтырып та үлгерді. Дегенмен, қандай ауру болмасын, оны емдеуге болады. Қажет болса күштеп емделеді де.

Қаншама ақын-жазушыларымыз «жарқын болашақ» жайлы ұрандатып, үміт етеді. Оған қол жеткізудің жолы – жемқорлықты жығып, дәуренін жүргізбеу.

Бізге әзір айға ұшудың, дамыған ел боламыз деп шетелдің ұстанымдарын ендірудің еш қажеті жоқ. Алдымен, бізде өршіп тұрған жемқорлықты ауыздықтау. Осыны орындасақ, расымен одан да көркейіп шыға келеміз. Және бұл ғажайып нәрсе емес, бұл қарапайым заңдылық.
Ләйім солай болғай.

Төрегелді Шарманов, академик.



Дереккөз: Abai.kz
Автор: Төрегелді Шарманов -
Төрегелді Шарманов: Бізде коронавирус пен жемқорлық – ажырамас дос!
Просмотров материала: 790

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 162 732 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 562 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 189 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 232 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 519 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 569 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 711 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 923 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 773 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 955 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 735 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 533 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 170 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 027 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 849 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 018 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 130 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 798 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 174 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 905 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 916 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 747 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 591 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 846 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 795 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 299 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 751 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 627 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 888 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 220 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 630 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 602 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 641 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 593 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 825 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 966 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031