2 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Nur Otan" праймеризіне көпбалалы аналар мен жастардан көп өтініш түсті

18 август 2020, 15:00
"Nur Otan" праймеризіне көпбалалы аналар мен жастардан көп өтініш түсті
Кеше елімізде "Nur Otan" праймеризі басталды. Кандидаттарды тіркеудің алғашқы күні 1000-нан астам адам өтініш берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Олардың – 336-сы әйел, оның ішінде 20 көпбалалы ана, 35 жасқа дейінгі – 228 жас, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар – 8 азамат. Бастауыш партия ұйымдарынан 322 адам ұсынылса, 717 кандидат өзін-өзі ұсынды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, партия көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен праймериз тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтеді. Бұл – Елбасының бастамасымен қолға алынған "Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам" партия жұмысын "қайта жандандыру" бағдарламасының қорытынды кезеңдерінің бірі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кешегі үндеуінде атап өткендей, партия өз ісінің шеберлерін, ел тағдырына алаңдайтын тұлғаларды, шешім қабылдай алатын және конструктивті ұсыныстар жасай алатын жаңа азаматтарды билікке ұсынатын қайнар көз болуы тиіс. Партияішілік сайлаудың ашық әрі әділ өтуіне партия тарапынан қажетті жағдай жасалған. Бастысы – айқындық пен тазалықты, барлық қатысушыларға тең мүмкіндік пен бәсекелестікті қамтамасыз ету. Партия Лидері азаматтарды толғандырып жүрген көкейтесті мәселелердің өзара сенім мен сыйластық аясында көтерілетініне сенім білдірді. Көтерілген мәселелерді партия бақылауға алуы тиіс. Әрбір ауданның, қаланың, облыстың сайлауалды бағдарламасына енгізу үшін барлық шешімді бюджеттің мүмкіндіктерімен үйлестіре қарастыру қажет.Еліміздің алдында пандемиядан кейін экономикалық өсімді қалпына келтіру, жұмыс орындарын құру, шағын және орта бизнестің жұмысын жандандыру міндеттері тұр. Сонымен бірге пандемиямен күрес мәселелерін талдап, оның екінші толқыны орын алуы мүмкін жағдайға дайындалу қажет. Мұның барлығы партияның сайлауалды бағдарламасына енгізіліп, нұротандықтардың алдағы 5 жылда атқаратын іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар болады. Тағы да барлық партиялықтар мен "Nur Otan" жақтастарын елдегі аса маңызды саяси додаға белсенді қатысуға шақырамын,- деп жазды Бауыржан Байбек.

Праймеризге қатысу үшін өтінішті https://primaries.kz/ сайтында "Праймериз" ақпараттық жүйесі арқылы онлайн жолдауға немесе аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өтініш беруге болады. Кандидаттарды ұсыну және тіркеу 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады.

Партия құндылықтарын ұстанатын және сайлау құқығы бар кез келген азамат үміткер бола алады. Ол үшін праймеризге қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғанға дейін "Nur Otan"-ның қатарына қосылу керек.

Праймериздің негізгі мақсаты – алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына партиялық тізімдерге енгізу үшін қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын анықтау.

Сонымен, кандидаттарды ұсыну және тіркеу 17 тамыздан басталып, 28 тамызға (қоса есептегенде) дейін жалғасады. Үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына дайындалу үшін 7 күн беріледі - 31 тамыздан 6 қыркүйекке дейін.

7 қыркүйектен 3 қазанға дейін аралықта кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын, оның ішінде 14-30 қыркүйек аралығында жария пікірсайыстар өтеді. Пікірсайыстар "Праймериз" арнайы ақпараттық жүйесі арқылы өтіп, партияның ресми аккаунттарында таратылады.

1 қазан (00-00) мен 3 қазан (14.00) аралығында мобильді қосымша және арнайы веб-портал арқылы электронды дауыс беруді өткізу жоспарланып отыр.

Дауыс берудің соңғы күні (3 қазан) бастауыш партия ұйымдарының базасында сайлау учаскелері ашылады. Интернет жоқ елді мекендерде осындай сайлау учаскелеріне келіп, қағаз бюллетеньдер арқылы дауыс беруге болады.

Үміткерлердің рейтингі көрсетілген праймериз нәтижелері 5 қазанда жарияланады. Праймериз өткізу, сондай-ақ кандидаттарға ұйымдастырушылық және құқықтық қолдау мәселелері бойынша "Nur Otan" партиясы 8 (800) 080 4441 арнайы жедел желіні іске қосты.
\
Просмотров материала: 848

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 206 886 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 206 535 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 206 024 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 206 080 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 206 447 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 011 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 061 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 364 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 002 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 083 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 265 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 689 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 725 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 468 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 331 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 091 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 567 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 275 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 681 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 493 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 352 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 189 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 048 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 375 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 269 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 751 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 875 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 102 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 338 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 716 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 084 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 028 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 157 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 100 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 306 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 469 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031