21 декабря 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Праймериз: «Nur Otan» партиясы онлайн дауыс беру механизмін пысықтады

29 июль 2020, 16:31
Праймериз: «Nur Otan» партиясы онлайн дауыс беру механизмін пысықтады
17 тамыз бен 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясында партияішілік таңдау – праймериз өткізу жоспарланып отыр. Бұл Қазақстанның партиялық-саяси даму тарихында алғаш рет жалпыреспубликалық партияішілік масштабта өтеді. Бауыржан Байбектің айтуынша, бұл партияның «қайта жаңғыруының» және алдағы Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау науқанына дайындығының қорытынды кезеңдерінің бірі.

«Праймериздің негізгі мақсаты – партиялық тізімдерді бәсекелі және айқын негізде қалыптастыру. Нұротандықтар еліміздің барлық аймағында қоғамның сенімі мен қолдауына ие болған беделді партия көшбасшыларын өздері анықтайды.

Өкінішке қарай, коронавирус пандемиясы тыйылар емес және өміріміздің барлық саласына әсер етіп жатыр. Карантин және әлеуметтік оқшаулану жағдайында біз қашықтан жұмыс істеп, өзара әрекет етуге мәжбүрміз. Мұндай жағдай Қазақстанда және әлемде қашанға дейін созыларын ешкім де болжап айта алмайды. Бұл – ішкі саяси процестерді де осыған бейімдеуді талап ететін жаңа құбылыс. Себебі барлығымыз үшін негізгі басымдық – азаматтарымыздың денсаулығы», - деп жазды ол facebook-парақшасында.

«Nur Otan» партиясы онлайн дауыс беру механизмін пысықтап, оны саяси кеңес мүшелері қолдаған

«Партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияішілік сайлауда онлайн-форматта дауыс беру механизмін пысықтадық. Саяси кеңес мүшелері Праймериз өткізу ережесіне енгізілген тиісті толықтыруды сырттай дауыс беру арқылы қолдады.

Өздеріңіз білетіндей, партия қызметін цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар 2014 жылдан-ақ басталған болатын. «Nur Otan» елімізде алғашқы болып «Электронды партия» ауқымды жобасын іске асыруға кірісті. Партияның орталықтандырылған деректер базасы, онлайн қоғамдық қабылдауы, веб-порталы жасалып, мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы жаңа коммуникация арналары енгізілді», - деп жазды.

Бүгінде халық жаңа цифрлық мүмкіндіктерді қарқынды қолданып жатыр екен.

«Карантин енгізілген сәттен бастап партияға онлайн жүгінушілер саны 5,3 есе, оның ішінде Facebook пен Instagram арқылы – 17,5 есе, ал Whatsapp бойынша – 9,5 есеге артты. Партияның қоғамдық қабылдауына бірінші жартыжылдықта 224,1 мың адам хабарласты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өскен. Осы мәселелердің көбі шешілді және бірқатары партия бақылауында», - деді Б.Байбек.

«Электронды партия» жобасы «Праймериз» ақпараттық жүйесін әзірлеуге негіз болған. Ол веб-портал мен мобильді қосымшадан тұрады. Партия басшылығы шетелдік озық тәжірибелерді зерттеп, тиісінше қолданған.

«Мұнда біз жеті базалық қағидатты басшылыққа аламыз. Атап айтқанда, олар қолжетімділік, автономдылық, айқындық, сенімділік, легитимділік, көп функционалдық және қауіпсіздік қағидаттарын қамтиды. Бұлар жүйені қолдануға жеңіл етіп, ақпараттық қауіпсіздікті, сайлаушының «таңдау құпиясын», сырттан араласу мен бұрмалау тәуекелдерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

«Праймериз» жүйесі тұрғындармен кері байланысты барынша күшейтіп, сауалнамаларды жедел жүргізуге, түрлі бастамалар мен заң жобаларын талқылауға, шалғайдағы елді мекен тұрғындарының пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді», - негізгі басымдықтарына тоқталды.

Бауыржан Байбек «Праймериз» жүйесін әзірлеуге қызу атсалысқан ІТ-мамандар тобы мен партия мүшесі Асқар Жұмағалиевке ерекше алғыс білдірді.

«Онлайн-формат – партияның ашық әрі қолжетімді бола түсуіне жасалған тағы да бір қадам. Әсіресе, жастар үшін жақсы мүмкіндік. Елбасының тапсырмасы бойынша әрбір мәслихат пен Мәжіліске арналған партиялық тізімдерде кемінде 20% 35 жасқа дейінгі жастарды қамту жоспарланып отыр.

Адал да бәсекелік негізде праймериз өткізу бәріміз үшін маңызды. Сарапшылар қоғамдастығы ағымдағы қоғамдық-саяси мәселелерді шешуде бұдан үлкен үміт күтіп отыр. Мұны таяуда өткен «Nur Otan» жақтастары Лигасының дискуссиясы нақты көрсетті. Біз Лиганың бүкіл ел көлемінде партияшішілік таңдаудың өткізілу барысына қоғамдық бақылау жасау бойынша бастамасын қолдаймыз», - деді партия Төрағасының бірінші орынбасары.

Сондай-ақ Бауыржан Байбек «Nur Otan» партиясы елімізді сөзбен емес, іс жүзінде дамытқысы келетін барша жанды праймеризге қызу қатысуға шақыратынын жеткізді.

Просмотров материала: 1 045

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 180 280 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 179 785 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 179 375 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 179 427 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 179 735 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 515 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 647 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 882 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 057 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 213 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 816 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 074 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 443 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 271 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 099 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 305 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 359 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 039 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 432 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 154 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 158 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 987 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 827 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 094 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 030 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 543 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 064 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 863 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 129 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 496 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 881 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 826 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 885 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 842 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 071 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 215 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031