2 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оралда катер басын шауып кеткен әйелдің туыстары депутаттың ұлын кешірді

Оралда катер басын шауып кеткен әйелдің туыстары депутаттың ұлын кешірді
Оралда абайсызда катер басын шауып кеткен Екатерина Ананьеваның туыстары осы іске қатысы бар деген күдікпен ұсталған депутаттың ұлын кешірді, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Сол күні моторлы қайықты жергілікті депутат Валерий Крыловтың кәмелетке толмаған ұлы жүргізген. Бірақ қайғылы оқиғадан кейін қашып кеткен. Оны екі айдан кейін ғана ұстап, тергеу абақтысына қамады. Басында әкесі ұлының қылмысқа қатысы жоқ екенін айтқан. Артынан марқұмның үйіне барып, туыстарынан кешірім сұрады.

"Ол келді де, бір минуттай үнсіз отырды, сөз таба алмады-ау деймін. Қолы дірілдеп тұрды. Болған жағдайға қатты өкінетінін жеткізді, қайғырып көңіл айтты. Біз оларды кешірдік. Олар кез келген уақытта көмек беруге дайын екенін айтты", - деді Екатерина Ананьеваның туысы.

Шағандағы қайғылы оқиға

6 маусымда Батыс Қазақстан облысында Шаған өзенінде суға түсіп жүрген 41 жастағы әйелді моторлы қайық қағып кеткен. Қайғылы оқиға сағат 22.15-те болған. "Шойын" көпірінің маңында катер винтпен Екатерина Ананьеваның басын және бір қолын шауып түскен.


Қаза болған Екатеринаның 19 жастағы ұлы Роман оқиғаның қалай өрбігенін айтып берген. Сол күні Екатерина мен оның құрбысы саяжайға барған. Сол жақта жұмыс істеп болғаннан кейін екі әйел суға түскісі келген.

"Анамның құрбысы шомылғысы келмеген, тек су беліне жеткен жерге дейін ғана барған. Ал анам жағадан алыстау жерге жүзіп кетеді, сол сәтте шамы қосылмаған катер жүзіп өткен. Құрбысы айғайлап, жағаға шық деп қолын бұлғай бастайды. Кенет катер қайтып келеді де, сол сәтте тарсыл естіледі. Құрбысы жақын маңда демалып жүрген адамдарды көмекке шақыра бастаған. Ақырында анамның бөлшектелген денесін қапқа салып судан алып шықты. Ал катер бірден кетіп қалды", - дейді Роман.
Анасының басы сол күйі табылмады. Оны бассыз жерлеуге тура келді. Ал марқұмның немере апасы катерде жас жігітпен бірге қаладағы танымал кәсіпкердің қызы да болды деп отыр. Оған аса ауыр қылмысты жасырғаны үшін айып тағылды. Бірақ қыз Лондонға кетіп қалу үшін виза ашпақшы екен.

Депутат ұлының кінәлі екенін мойындамады
Бұған дейін Орал қалалық мәслихатының депутаты Валерий Крылов ұлының қамауға алынғанын растаған болатын. Алайда оның кінәлі екенін жоққа шығарды.

"Негізі, жағада бір емес, бірнеше қайық болған. Барлығына сараптама жасап жатыр. Тергеу кезінде бәрін тексеріп шығады. Қазір олар менің ұлымды кінәлі еткісі келеді. Бірақ дәлел жоқ. Осы істі аяғына дейін жеткізеді деп ойлаймын. Бірақ мен анық білемін, ұлым кінәлі емес", - деді депутат.

Сол кезде Крылов катерде қанның ізі табылғаны туралы ақпаратты да жоққа шығарды.
Просмотров материала: 1 575

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 220 432 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 220 114 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 219 617 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 219 654 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 220 031 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 714 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 746 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 079 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 754 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 789 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 991 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 834 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 955 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 603 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 478 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 441 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 711 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 461 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 866 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 663 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 479 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 315 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 169 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 526 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 409 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 897 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 263 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 220 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 462 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 858 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 212 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 156 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 298 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 225 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 467 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 605 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031