28 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Он күн бұрын Оралда катер астында қаза тапқан әйел әлі жерленбеген

Он күн бұрын Оралда катер астында қаза тапқан әйел әлі жерленбеген
Оралда осыдан 10 күн бұрын қаза тапқан әйелді туыстары әлі жер қойнына тапсыра алмай отыр. Оған себеп, өзен арнасымен жүйткіп келе жатқан қайық марқұмның басын жұлып әтеткен еді. Ғайып болған бас та, қайғылы оқиғаға кінәлілер де әлі табылған жоқ, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал марқұмның туыстарын бұл жағдай мүлдем есеңгіретіп тастаған. Олар: «Адамды турап өтетіндей үлкен қайық біздің өңірде өте аз екеніне сенімдіміз» - дейді. Бірақ осылай бола тұра, тергеу шараларының осы уақытқа дейін ешқандай нәтиже бермегеніне наразы.

Марқұм Екатерина Ананьеваның отбасы 10 күннен бері қара жамылып отыр. 40 жасқа енді ғана толған әйелдің өлімі туралы қайғылы оқиға бүкіл туған-туыстарының еңсесін түсірген. Ол жергілікті коммуналдық кәсіпорындардың бірінде еңбек ететін және екінші мамандық алуға жоғары оқу орнында білім алып жүрген болатын. Өкінішке қарай, бұл арман-мақсаты орындалмай қалды. Фәниге атттанғанына оныншы күн болғанына қарамастан, жерлеуге мүмкіндік берілмеді, денесі әлі күнге мәйітханада жатыр.

«Берген жоқ, өйткені ертең басы табылса оны сараптама жасап салыстыру үшін көрден қайтадан қазып алуға тура келеді деді. Бірақ олар істі созбалай бастады. Ал бір аптадан соң мәйіт толығымен қажет дейді. Себебі, денесінде қайықтың жарақаттарынан қалған із де сараптаманы талап етеді деген уәждерін алға тартты», - дейді марқұмның ұлы Роман Ананьев.

Бүкіл қаланы дүр сілкіндірген қайғылы жағдай Шаған өзенінде болған еді. Екатерина саяжайдағы демалысы кезінде құрбысымен кісі қарасы көп бола бермейтін жағажайға шомылуға барған. Куәгерлердің айтуынша, өзенде моторы қуатты қайықпен аса қатты жылдамдықпен серуендеп жүргендер қайтар жолында жағадан 15 метр жерден оны қағып өткен. Бір кері оралып қол ұшын созбастан оқиға орнынан қараларын батырған. Құтқарушылар судан марқұмның тек денесін ғана алып шықты. Ал басы әлі күнге жоқ, аяғы сиырқұйымшықтанып бара жатқан бұлыңғыр іс туыстарын да қатты алаңдатып отыр.

«Мұндай жүрдек қайықтар қарапайым халықта жоқ. Сондықтан оның саны да аз. Егер тергеушілер дер кезінде мән беріп, бірден із кескенде, ары кетсе үш тәуліктің ішінде қылмыскерді табуына мүмкіндік әбден бар еді», - дейді марқұмның анасы Вера Ворожбет.

Полиция қызметкерлері аймақта «мұндай оқиға алғаш рет болып отыр» дейді. Көптеген сараптама тағайындалған. Шаған өзенінің бойында 23 саяжай қоғамдастығы орналасқан. Жүздеген адамнан сұрастырғандарымен, еш нәтиже жоқ.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша ресми тіркеуде тұрған 379 қайық бар. Әзірге дейін олардың 100-ден астамын сараптамадан өткіздік. Марқұмның денесіндегі жарақаттарды салуы мүмкін деп күдік тудырғандарын арнайы сараптамаға жібердік», - деді БҚО ПД бастығының орынбасары Асхат Теміржанов.

Бұл істің жедел шешілуіне жақын маңдағы теміржол көпіріне орнатылған бейнебақылау камералары да көмек бола алар еді. Өкінішке қарай, ол онлайн режимінде жұмыс істейтіндіктен қорға ешқандай бейнежазба сақталмайды. Бұл мәселе бойынша бөлек тексеру шаралары жүргізіліп жатыр. Ал судағы көлік құралымен қозғалыс ережесін бұзу және кісі өлтіру дерегі фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Просмотров материала: 797

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 176 975 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 176 569 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 176 173 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 176 222 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 176 520 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 362 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 501 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 728 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 847 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 007 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 650 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 006 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 424 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 254 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 071 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 282 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 343 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 022 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 412 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 133 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 141 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 973 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 811 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 072 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 013 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 526 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 017 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 843 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 117 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 465 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 859 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 813 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 860 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 821 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 053 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 197 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930