25 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«5-10-20»: Келесі аптада банкке 90 млрд теңге аударылады

22 июль 2020, 14:33
«5-10-20»: Келесі аптада банкке 90 млрд теңге аударылады
Алдағы аптада «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» «5-10-20» мемлекеттік бағдарламасы бойынша алғашқы траншты иегере бастайды. Банк екі айдан бері бағдарламаны жүзеге асыру үшін талаптары мен механизмдерін жасап, қаражат күтіп отырған болатын. Аталған бағдарламаға қарастырылған 210 млрд теңгенің алғашқы бөлігі дайын. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

«Жақсы жаңалық бар. Алдағы аптада бюджеттен қарастырылған 210 млрд теңгенің жартысы келе жатыр. Банкке 90 млрд теңгесі келеді. Сөйтіп бағдарламаны бастаймыз. Біз аптаның басында бұрыннан кезекте тұрған азаматтарға SMS-хабарлама жолдаймыз. Олардың бізде жасақталған тізімі бар. Біріншіден, кезекке қашан тұрғаны маңызды. Сол үшін біз бұрыннан пәтер кезегінде тұрған отбасыларға хабарлайтын боламыз. Олар 2010, 2011, 2012 жылдары үй алуға кезекке тұрғандар. Біз олардың құжаттарын қабылдап, талаптарды түсіндіріп, реттеген соң келесі адамдар легін қыркүйек айында қабылдай бастаймыз»,- деді банк басшысы.

Тұтынушылар қажетті кеңесті онлайн түрінде алады. Бағдарлама талаптарына сай болса, құжаттарын өз аймағындағы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» бөлімшесіне келіп тапсыра алады. Оның ішінде бағалау, нотариус қызметі және банкпен келісімшарт жасау көзбе-көз жүргізілетін болады.

Үкімет «5-10-20» бағдарламасы бойынша 16 мың отбасын баспанамен қамтуды жоспарлап отыр. Ләззат Ибрагимованың айтуынша, алғашқы 90 млрд теңге шамамен, 7-8 мың адамға жетеді.

Айта кету керек, баспана құны Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында 18 млн теңгеден, ал өзге аймақтарда 15 млн теңгеден аспауы тиіс. Жаңадан салынып жатқан, яғни пайдалануға берілмеген үйлерден де алдын ала пәтерлерді рәсімдеуге мүмкіндік беріледі.

«Біз барлық аймақтар бойынша орташа есеппен, бір пәтерді 13 млн теңгеден бір адамға деп есептегенде, 7 мың мен 8 мың адам пәтер алады деп ойлаймыз. Жыл соңына дейін алғашқы траншты игереміз. Талаптар өзгерген жоқ. Алдағы аптаның сейсенбісінде Үкімет отырысы болады. Сол жерде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында оны толықтай бекітуі керек», - дейді Л. Ибрагимова.
«5-10-20»: Келесі аптада банкке 90 млрд теңге аударылады

Президенттік «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасының негізгі шарттары төменгідей:

Азаматтың өзінің басында баспана болмауы керек.
Азамат бұрыннан баспана кезегінде тұруы шарт;
ТҮҚЖБ-дегі депозитіңізде пәтер құнының 10 пайызы көлемінде жинақ болуы тиіс;
Тұтынушының несие алған мерзімінде берешек 5 пайыз үстемақымен өтеледі;
Қарызды қайтару уақыты 20 жылға дейін есептеледі;
«Коммерциялық банктерге қарағанда төлем қабілетіңізді растаудың жеңілдетілген формасы қарастырылады. Отбасы мүшелерінің шығынына мейілінше төмен сома есептелетін болады. Сондықтан жалақысы 150-180 мың теңге аралығындағы азаматтардың осы бағдарламамен баспаналы болуға мүмкіндігі бар», - деді Ләззат Ибрагимова.

ТҮҚЖБ жыл басынан бері 205 млрд теңге көлемінде халыққа несие берген. Күніне шамамен, 145-150 тұтынушымен баспана келісімшарты жасалады.

«Бізде орталық аппарат 50 пайыз қазір қашықтан жұмыс істеп жатыр. Ал филиалдардың барлығы офлайн жағдайында жұмыс істейді. Банк жұмысын тоқтатқан жоқ. Бөлімшелерде отырғандар негізінен, жастар. Ауырып қалса, орнын алмастырамыз, ол жазылып шыққан соң, басқасы ауырып қалады. ПТР-сараптамаларды тегін жасаймыз. Осылайша пандемиямен де күресеміз, жұмысты да тоқтатпаймыз», - дейді банк төрағасы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 13 мамырда Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін «7-20-25» бағдарламасына ұқсас «5-10-20» атты жаңа жоба жүзеге асатынын мәлімдеген еді. Ол Үкіметке жыл соңына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» «үй бөлуді, тағайындауды және есеп жүргізуді» қамтамасыз ететін «Отбасы банкі» атты даму мен қолдау институтын құруға тапсырма берген.

Ләззат Ибрагимованың айтуынша, қаржы институтын «Отбасы банкі» деп атау туралы тапсырма 2021 жылы жүзеге асырылмақ. Банк атауын өзгертпес бұрын Индустрия және инновациялық даму министрлігімен бірге банк жұмысын оңтайландыру бағдарламасы жүргізіледі. Ол бойынша осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр, тұтынушылар үшін үй алу, кезекке тұру, құжаттарды рәсімдеуді онлайн тәртібіне көшіру көзделген.
Просмотров материала: 1 418

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 223 872 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 223 579 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 223 072 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 223 106 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 223 474 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 923 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 955 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 288 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 977 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 18 002 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 200 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 915 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 042 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 668 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 549 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 580 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 780 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 540 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 949 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 732 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 546 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 394 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 231 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 606 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 481 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 964 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 404 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 295 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 532 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 924 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 272 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 216 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 360 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 295 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 542 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 669 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031