22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тоқаев ұсынған «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары белгілі болды

Тоқаев ұсынған «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары белгілі болды
Тұрғын үйге несие беру бағдарламасының талаптары мен шарттарын Үкімет алдағы екі аптада бекітетін болады. Жаңадан іске қосылатын баспана бағдарламасының басты шарттары туралы «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова айтып берді, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұқбатында банк жетекшісі бюджеттен қарастырылған 390 млрд теңгенің 210 млрд теңгесін «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» игеретінін айтты. Бұл қаржыға баспанасы жоқ бюджеттік мекеме қызметкерлері үй алады. Ал, қалған 180 млрд теңге облыс әкімдіктеріне үлестірілмек. Банкирдің айтуынша, бұл қаражатқа аймақтарда аталған бағдарлама үшін жыл соңына дейін жаңа баспаналар салынады.

«Президент 11 мамырда «5-10-20» деп аталатын тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды тапсырды. Біз оны алдағы жарты жылдықта жүзеге асыруға тырысамыз. Біріншіден, бұл бағдарламаға үй кезегінде тұрғандар ілінеді. Олардың саны 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 540 мың адам. Одан соң мемлекеттік қызметкерлер, әскерилер және бюджеттік сала мамандары. Олардың саны 212 мың адам. Толық емес отбасылар, көп балалы отбасылар және мүгедек бала тәрбиелеп отырған балалар да осы бағдараламаға қатыса алады», - деді Ләззат Ибрагимова.

Банк басшысының айтуынша, соңғы үш категория бойынша үй кезегіндегілерді «Бақытты отбасы» бағдарламасы қамтып келеді. Сондықтан «5-10-20» бағдарламасында дәрігерлер, мұғалімдер және бюджеттік саланың өзге барлық қызметкерлері қамтылатынын айтады.

Бағдарламаға қатысушы жаңа салынған үйлерден пәтер сатып алу үшін жергілікті әкімдіктің арнайы бағамен салған үйлерін таңдайды. Оның шаршы метрінің бағасы Нұр-Сұлтан қаласында 240 мың теңгеден, Алматы қаласында 220 мың теңгеден, Атырау мен Ақтауда 200 мың теңгеден, ал өзге аймақтардың барлығында 160 мың теңгеден аспауы керек.

Тоқаев ұсынған «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары белгілі болды


«Алайда мұндай көпқабатты үйлер, яғни әкімдік салған үйлер арнайы аудандарда, қаладан қашық жерлдерде орналасуы мүмкін. Сондықтан жеке құрылыс компанияларынан да сатып алуға мүмкіндік беріледі. Жеке құрылыс кәсіпорны салған пәтер құнының қанша болатыны талқыланып жатыр. Қазір бұл сомма шамамен 18 млн теңгеден аспауы керек деп отырмыз. Бұл Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалаларындағы баға.
Ал өзге аймақтарда шамамен 15 млн теңге болатын шығар. Айта кету керек, жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Ол «Нұрлы жер» бағдарламасының бір тарауы ретінде жүзеге асатын болады», - дейді ТҮҚЖБ басқарма басшысы.

Банк жетекшісінің айтуынша, «5-10-20» тұрғын үй бағдарламасының шарттары мен өзге де параметрлері алдағы екі аптада қабылдануы тиіс. Десе де оның негізгі шарттары төменгідей болатынын еске салады.

Азаматтың өзінің басында баспана болмауы керек.

Азамат баспана кезегінде тұруы шарт;

ТҮҚЖБ-дегі депозитіңізде пәтер құнының 10 пайызы көлемінде жинақ болуы тиіс;

Тұтынушының несие алған мерзімінде берешек 5 пайыз үстемақымен өтеледі;

Қарызды қайтару уақыты 20 жылға дейін есептеледі;

«Коммерциялық банктерге қарағанда төлем қабылетіңізді растаудың жеңілдетілген формасы қарастырылады. Отбасы мүшелерінің шығынына мейілінше төмен сомма есепелетін болады. Сондықтан жалақысы 150-180 мың теңге аралығындағы азаматтардың осы бағдарламамен баспаналы болуға мүмкіндігі бар», - деді Ләззат Ибрагимова.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт кеше Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында тұрғын үй кезегінде тұрғандар үшін «7-20-25» бағдарламасына ұқсас «5-10-20» атты жаңа жоба жүзеге асатынын мәлімдеді.

Сонымен бірге, ол Үкіметке жыл соңына дейін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде «үй бөлуді, тағайындауды және есеп жүргізуді» қамтамасыз ететін «Отбасы банк» атты даму мен қолдау институтын құруға тапсырма берді. Азаматтарға зейнетақы қорындағы жиналған ақшаларының бір бөлігін пайдалану мәселесі бойынша шешім қабылдану керектігін айтты.
Просмотров материала: 4 294

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 237 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 069 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 710 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 734 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 042 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 905 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930