16 сентября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Көбі Еділбай қойын алып жатыр». Алматыда қой бағасы 90 мыңға дейін жетті

20 июль 2020, 15:39
«Көбі Еділбай қойын алып жатыр». Алматыда қой бағасы 90 мыңға дейін жетті
Алматыда қой қымбаттап кетті. Әсіресе Еділбай тұқымына сұраныс артқан. Бір жағынан қойдың еті, құйрық майы мен сорпасы қауіпті індеттің бетін қайтарады деп санайтын тұрғындар жаппай мал алып жатса, екіншіден індеттен қаза болғандарға құран оқыту үшін сатып алатындар көбейген. Azattyq Rýhy мал базарларынан фоторепортаж ұсынады.

Қаланың ортасындағы мал базарларының бірі Айнабұлақ ықшам ауданының жанында орналасқан. Дәл жанында қасапханасы бар базарда тек ұсақ мал сатылады. Таңдаған қойыңыз қанша келі ет беретінін көзмөлшермен дәл айтып беретін сатушының бірі Еркебұлан.

«Көбі Еділбай қойын алып жатыр». Алматыда қой бағасы 90 мыңға дейін жетті


«Қазір 90 мың теңгенің қойы қалмады. Ондай бағадағы денесі ірі, жуан ісек қойлар мен қошқарлар жылдам өтіп кетеді. Әрі ондай бағаға тұралық қойда сирек келеді. Міне, мынау былтыр желтоқсан айында туған, бір жастан асқан қошқар. Тұқымы өзгеше болғандықтан денесі де ірі. Бағасы 80 мың теңге. Құдайы тамақ берсеңде, өзің үшін сойсаңда ұятқа қалдырмайды, семіз қошқар. Қырық келідей ет шығарады», - деді сатушы жігіт.

Қой базарына келушілерге қалағанын тауып беріп, ақша санап алудан қолдары босамай жатқан жігіттердің көп сөзге уақыттары жоқ. Қанағат есімді жіттің айтуынша, биыл мал бағасы қымбаттаған. Баға тағы қосылмаса, қойдың құны жуық арада түспейді. Әрі құрбан айтта жақындап қалды.

«Меринос қойын көбінесе кәуап жасайтын адамдар мейрамхана, кафелерге алып кетеді. Қазір тұмауға байланысты елдің көбі қазақы, Еділбай қойын сатып алып жатыр. 30 келі ет шығаратын қойлардың бағасы 65-70 мың теңге. Тоқтылар 40 мың теңгеден басталады. Егер қалаған етім шықпай қалады деген күмән болса, сойғызып, таза тушасын өлшеп те сатамыз. Бірақ, сойып беретіндерге ақшасын жеке төлейсіздер», - деді өзін Қанағат деп таныстырған жігіт.

Базардағы қасапшылардың да уақыты тығыз. Сатып алған қойын сойғызу үшін келушілер кезекке тұрады.

«Қойды сойып, етін мүшелеп, жіліктеп береміз. Оның бағасы 3,5 мың теңге. Бұл бағаға ішек-қарнын тазалауда кіреді. Бас сирақты үйту 1,5 жарым теңге алады. Қойды тұтастай үйткізіп, құйқа қылып жеймін дегендерден 15 мың теңге сұраймыз», - деді пышағын қайрап жатып жағдайды түсіндіре кеткен Байболат Қорғанбаев.

Келушілердің көбі коронавирустан көз жұмған жақындарының жетісін, қырқын беру үшін қой іздегендер. Баян Төлеуханқызы қара тоқтыны саудаласып жүріп, 38 мың теңгеге сатып алды. Қасапхананың қасында құран оқытқан әйел, күйеуінің ауруханада жатқанын айтып қалды. Жолдасына жұққан дерт жеңіл өтсін деген тілекпен қара тоқтыны құрбан қылған әйел етін енді садақаға таратпақ.

Алматының айналасында «Алтын Орда», «Үш қоңыр», «Каменка», «Сұлтан», «Қарабұлақ», «Ашыбұлақ» сынды оншақты мал базары бар. Тек ет сататын базарларда қойдың еті қымбаттап, сиыр еті арзандаған. Сиыр етінің келісін 1850 теңгеден таңдап алса, қойдың етін 2200-2400 теңге аралығында саудалайды. Бұрын өтпей, үйіліп жататын құйрық майды да табу қиын. Бұрын бір мың теңге тұратын құйрық майдың келісі қазір екі, екі жарым есеге көтерілген.

Алматы облысында мал шаруашылығымен айналысатын адамның бірі Мұхтар Әбдуәлиұлы. Кәсіпкер жігіт мал бағасының көтерілуін тек сұраныстың артуымен ғана емес, жем-шөптің қамбаттатуымен де байланыстырады. Алыс аймақтардан арық малды жинап, оларды семіртіп сататын жіттің сөзінше, биыл тоқтының өзі 15 мың теңгеге дейін қымбаттаған.

«Малдың бағасы әжептәуір қымбаттады. Мысалы, былтыр осы уақытта көктемде туған қозылардың бағасы ары кеткенде 20-25 мың болса, биыл 35 мың теңгеден төмен емес. Жабағыларды былтыр 120-140 мың теңге аралығында алып жүрсек, биыл 200 мың теңгеге жетті. Бұның бәрі жем-шөппен байланысты. Былтыр жоңышқаның бір орамасы 500 теңге болса, биыл ол 800 теңге, ал дала шөбінің престелген орамасы қазір 500 теңге, ол былтыр 350 теңге болған еді. Оның үстіне биыл қуаңшылық, жайылымды жерлерде де шөп аз. Биыл қыста жем де қымбат болады деп жатыр. Мәселен, арпаның келісін былтыр 45 теңгеден алып жүрсек, биыл таныс арқылы 60 теңгеден табасыз, онда да тонналап алса ғана», - деді мал шаруашылығының қыр-сырын жақсы меңгерген Мұхтар Тұрсынов.

Ал 2 немесе 3 жасар жылқының бағасы 450 мың теңге шамасында.1 жастан асқан өгіздер 250 мың теңгеден басталады. 300 келіден жоғары ет беретін ірі өгіздер 700-800 мың теңге тұрады.


Алматы қаласынан 20 шақырым жердегі үйінің ауласына жылқы жемдеп отырған кәсіпкер Олжас Көпжасардың сөзінше, қолдағы семіз жылқылар жылдам өтіп жатыр. Ауладағы нәбірі 5 соттық жерге 30 шақты жылқы байлап, табыс тауып отырған жігітке түн ортасы, таңға жуықта мал іздеушілер келеді екен. Той азайып, соғым уақыты келмесе ірі қараға сұраныстың артуын кәсіпкер коронавирустың кесірінен болып жатқан кісі өлімімен байланыстарады.
Просмотров материала: 2 331

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 166 313 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 166 146 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 165 772 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 165 814 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 166 099 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 810 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 952 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 168 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 091 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 259 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 014 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 699 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 275 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 124 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 947 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 130 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 229 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 895 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 278 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 004 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 012 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 846 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 686 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 946 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 892 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 403 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 860 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 725 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 989 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 319 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 733 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 697 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 740 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 696 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 918 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 065 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930