8 мая 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Нұр-Сұлтанда соғымның бағасы қанша?

18 ноябрь 2019, 10:47
Нұр-Сұлтанда соғымның бағасы қанша?
Аяз түскеннен кейін астаналықтар соғым мәселесіне кірісіп кетті. Биыл жылқының еті сәл қымбаттаған.

Ет неге қымбаттайды?

Ақмола облысының тумасы Талғат Айтмұхамедұлы жылқының етін Қызылту ауылынан тасып жүр. Сол жақта малды бордақылап, астанаға әкеліп сатады. Аптасына бір-екі рет келіп кетеді. Бір келгенде екі-үш малды әкеледі. Осы жолы тай мен байталды алып келген.

"Базар болғасын әртүрлі мал болады ғой. Сондықтан бағасы да әралуан. Мен өзім жылқының келісін 1 800 теңгеден беріп жатырмын. Бұл – көтерме баға. Салмағын өлшейміз де, тұтастай сатамыз. Мәселен, тайлар 320 000-360 000 теңге болса, байталдар 400 000 теңге, тіпті 420 000 теңгеге дейін шығып жатады. Ұтылмаймын десеңіз, таразымен алған дұрыс қой", - деді Айтмұхамедұлы сұхбатында.

Оның айтуынша, сатушылар малдың сыртына қарап, орташа бағасын да қойып жатады. Ондайда етті алған адам ұтылады. Бірақ етті сатып жатқан адам да қателесуі мүмкін.

"Мына жерде көбісі жай көзбен қарап, бағасын айта салады. Бірақ халық таразыға салып, өлшеп алуға үйреніп жатыр. Бағасы салмағына сәйкес келсін деп өлшетіп алады", - деп атап көрсетті ол.

Ал басқа шаруалар етті астанаға жеткізгенше біраз шығын шығаратынын жеткізді. Содан еттің бағасы өсіп отыр.

"Биыл жем қымбаттады. Тоннасына 60 000 – 80 000 теңге сұрайды. Сондықтан мал байлаған тиімсіз болып кетті. Сосын етті қалаға жеткізгенде, зертхананың анықтамасын алып келеміз ғой, ал сауда орталығының әкімшілігі тағы өз зертханасынан өткізуге міндеттейді. Оған қоса, 5-6 келіге "скидка" жаса дейді. Бұның барлығы қып-қызыл ақша ғой. Осыдан кейін ет қалай қымбаттамайды?", - дейді олар.

Саудагерлер не дейді?

Сауда орталығындағы сатушылар да еттің қымбаттағанын сезіп отыр. Олар даладан жылқының етін бір келісі үшін 1 800-1 900 теңгеге алады да, 2 300-2 500 теңгеден сатады.

"Ойбай, масқара қымбаттап кетті. Былтыр арзандау болды. Жыл сайын қымбаттап жатыр ғой. Мысалы, былтыр біз 2 000 теңгеден саттық. Қазір қарасаңыз, 2 300 теңгеден сатып жатқандар да бар. Еттің сапасына қарай сатамыз ғой. Бүгінде етті жеткізетін шаруалар да көп жеңілдік жасамайды. Ет жақсы болса, бағасын түсірмейді. Ал нашарлау болса, 50-100 теңгеге түсіреді", - дейді сатушылар.

Шаруалар жақсы еттің бағасын түсірмегесін, саудагерлер де жеңілдік жасамайды. Үстінен өз ақшасын қосады да, одан төмен түсірмейді.
Мәселен, былтыр жақсы ет 1 700 – 1 800 теңгеден келсе, биыл екі еліге баратын байталдың еті 2 000 – 2 100 теңгеден жеткізіледі.

30 жылдан астам уақыт бойы ет саудасымен айналысып жүрген Жасәділ Ермекбаев астанаға мамыр айында көшіп келген. Оның айтуынша, Қазақстанның барлық жерінде ет қымбат болып тұр.

"Негізі, бізде – Таразда да осындай баға. Бұдан да қымбат. Шығыс жақты білмеймін. Ақтөбе жақта ғана сәл арзан шығар. Жалпы, былтыр ет сәл арзандау болған. Биыл 1-9 мамыр аралығында күрт қымбаттап кетті ғой. Мен ол кезде Таразда болғанмын. Сол кезде астанада да көтерілді", - дейді Ермекбаев.

Оның сөзіне қарағанда, малды бордақылау оңай емес. Оған біраз уақыт кетеді. Ал етке деген сұраныс төмендемейді. Мамыр айында нарықта ет азайып кетті. Сұраныс жоғары болғасын бағасы көтерілді. Содан бері арзандамай келеді.

"Бұл жаққа келіп жатқан еттің басым бөлігі - "шымкентский". Ол жақта Қарабұлақ деген жер бар. Олар малды көп байлайды. Қазақстанның жартысы сол жерден алады. Өзімізде ет аз, тіпті ресейлік ет те жеткізіледі. Ол жақтан қашаннан бері еттей де, тірідей де әкеледі", - деді саудагер.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан
Просмотров материала: 1 558

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 198 999 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 198 606 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 198 108 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 198 156 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 198 528 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 585 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 658 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 963 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 528 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 618 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 833 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 585 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 631 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 418 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 271 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 781 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 509 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 202 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 601 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 402 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 299 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 130 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 982 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 290 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 200 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 697 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 559 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 047 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 283 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 661 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 039 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 977 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 086 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 043 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 240 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 392 Просмотров





Опрос


«    Май 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031