28 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Арман Жұмаділ: Адамға деген құрмет... өлген соң да болу керек!

Арман Жұмаділ: Адамға деген құрмет... өлген соң да болу керек!
Мемлекеттің өркениеттігі оның қоғамда кәрі адамдар мен балаларға деген қамқорлығымен өлшенеді деген бір қағида бар. Бірақ осы көрсеткіш бойынша біз қатарына енеміз деп отырған озық 30 елмен салыстырғанда оңып тұрғанымыз шамалы.

Кәрілік – Құдайдың сыйы. Кәрілікке жеткен де бар, жетпегендер де бар. Қоғамымызда кәрі кісілерге қаншалықты жағдай жасап отырғанымыз олардың өмір сүруінің орташа жасы (қазақстандықтардың орташа өмір сүру жасы 73 жас. Ер адамдар – 69, әйелдердікі – 77 жас.) мен зейнеткерлікке шығу (ерлер – 63 жаста, әйелдер – 59 жаста) жасынан байқалады.

Тәуелсіздік алып, нарықтық экономиканы құру барысында, тіпті бүгін де қаншама қарт адамдар үй-ішінің, бала-шағасының қамқорлығынан айырылып, қарттар үйіне түсіп, өмірінің соңғы күндерінде немере-шөберелерін бір көруге зар болып дүниеден өтіп жатыр. Әрине, біреулер шет елдердегі қарттар үйлерін мысалға келтіруі мүмкін. Бірақ ондағы қарт адамның күтімі мен біздегінің айырмашылығы жер мен көктей екенін естен шығармайық. 1990 жылдардың ортасында ел анасындай болған бір кісінің аузынан: «Қазақтардың аталары мен әжелеріне зейнетақының не керегі бар, оларды бала-шағасы асырамай ма?» – дегенді де естігенбіз.

Қалай ойлайсыздар, мұндай жағдай қазақ халқының төл құндылықтарына немесе өркениеті озық елдерге жараса ма? Жоқ. Сондықтан да қарт адамдарға қамқорлық көрсету жағынан біздің қоғамды өркениетті деуге шартымыз толыңқырамайды.

Мақұл, қарттар мәселесінде әлемнің озық елдеріне ілесе алмай қалдық. Ал, балаға қамқорлық қандай деңгейде екен, соған көз жүгіртіп көрейік те, тағы да 1990-жылдары нарықтық қатынастардың қалыптаса бастаған кездерін есімізге түсірейік. Сол 1990 жылдары туу азайып кеткендіктен бе, әлде Үкімет қазақстандықтар енді бала таппайтын шығар деп шешті ме, неге екен, бала-бақшалардың көбі жеке меншікке өтіп қойма, көтерме сауда дүкендері т.б. сияқты комерциялық құрылымдарға айналды. Тек бертін келе, естеріңде болса, 2007 жылы «100 мектеп пен 100 емхана» салу бағдарламасы қабылданып, дағдарысқа байланысты бітпей қалған. Ал бала-бақша салу туралы мәселе көтерілмеді де. Бүгін, қарап отырсаңыз, кез келген мөлтек ауданда 2-3 қабатты котедж үйлерді қолынан келгеннің бәрі бала-бақшаға айналдырып алғанын байқайсыз. Соған да шүкір дейміз! Әке-шешелері бар мұндай балдырғандарды бақытты десе де болады.

Ал, әке-шешелері жоқ кішкентай жетім қазақстандықтардың тағдыры қандай болды дейсіз ғой? Олар Қазақстанның табыс көзіне айналды. Шетелдік азаматтарға қазақстандық жетім баланы асырап алу үшін ресми түрде 15800-38500 евро аралығында ақы төлеулері тиіс болды. 1990-жылдардың аяғынан 2017 жылға дейін Қазақстанда 9 мың бала шет елдіктердің асырауына берілді. Негізінен олар Испания, Италия, Франция, Канада, Бельгия, Англия сияқты 6 елдің азаматының қолына тиді. Тек АҚШ азаматтарына 2012 жылдан бері Қазақстаннан бала асырап алуға тыйым салынды. Өйткені олар асырап алған қазақстандық балалардың тағдырына қатысты есеп беруден бас тартты (https://24.kz/ru/news/delovye-novosti/item/296359-okolo-9-tysyach-kazakhstanskikh-detej-usynovili-inostrantsy).

Бұл бұл ма, ҚР 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» атты Қазақстанда денсаулық сақтау саласын жетілдіруге арналған бағдарламаның өзі неге тұрарлық?.. Бұл бағдарлама бойынша дәрігерлер дайындайтын ЖОО-да педиатрия мамандығын, ал ауруханалардан педиатрия бөлімі алынып тасталды. Құдайға шүкір, соңғы жылдары оларды елдің айғайымен қайта орынына келтіре бастадық.

Мінекеи, бір-екі мысалмен, қазақстандық қарттар мен балалардың қаншалықты мемлекет қамқорлығына ілінгенін көріп отырмыз.

Бірақ, бұлардан басқа қоғамның даму деңгейін көрсететін тағы бір көрсеткіш бар. Ол түбінде әр адамның басынан өтетін – өлімнің дәмін тату.

Соңғы айларда дүние жүзіндегі эпидемиалогиялық ахуалға байланысты ел ішінде өлім-жетімнің күрт өсуі біраз мәселелердің бетін ашты.

Әсіресе мәйітханаларда (моргтарда) мәйіттердің сақталуы мен соңғы сапарға шығарып салу үдерісі тұрғындардың жаппай наразылығын тудырып отыр. «Өлі риза болмай тірі байымайды» дейді қазақ. Аруақ пен сүйекті ерекше қастерлейтін қазақ үшін қазіргі жағдайда мәйітханалардан туыстарының денесін алу көп қиындықтар тудырып, сүйекті қорлау, тіріге қиянат етумен бірдей болып отыр.
Арман Жұмаділ: Адамға деген құрмет... өлген соң да болу керек!


Соңғы бір аптаның өзінде ғана бірнеше рет жерлеуге қатыстым. Сондағы байқағанымыз – мәйітханаларда дәрігер мамандар мен қызметкерлердің жетіспеуінен және мәйітханалардың жабдықталуының нашарлығынан қайтыс болғандардың туыстарына мәйітті қайтару өте көп уақыт алатыны.

Ресми статистиканың қандай екенін білмеймін, бірақ 7 шілдеде біз барған Алматыдағы Қалқаман емханаларына тиесілі мәйітхананың қызметкерлері соңғы тәулікте 86 сүйекті әкелгенін, соның салдарынан оларды рәсімдеп үлгірмей жатқанын айтты. Емханадан кеше жіберілген мүрделер мәйітханадан табылмай жатты, денесі табылса «историясы» табылмай әлек боп тұрған ондаған отбасы қайғыға тұншығып тұрды. Ақіреті мен киізін көтеріп таңертең 8-де барған адамдар өз туыстарының денесін кешке дейін ала алмай қиналғандары сонша, қайғығадан ашу-ызаға булығып, наразылықтарын білдіре бастады.

Оның үстіне соңынан келген өзге біреулер жолын тауып мәселені шешіп жатуы қолдарында артық қаржысы жоқ адамдардың ашу ызасын тудырып жатты. Сол ашу-ызаның өршіп кетпеуін қадағалағын патрульдік полиция мәйітхананы айналып жүрумен болды.

Сонда келген бір ой, ендігі әлеуметтік сілкініс бола қалса, осы мәселенің айналасында өрбуі әбден мүмкін. Сондықтан да, мәйіттерді беру рәсімін тез арада дұрыстау қажет. Ал өркениетке сай жаңа үлгіде жабдықталған мәйітханаларды салу – жақын арадағы уақыттың талабы.

Алда қандай заман болатыны белгісіз. Бірақ адамға деген құрмет ол өлгеннен соң да болу керек. Әйтпесе адамның қадірі жоқ кешегі тоталитарлық жүйе сияқты мәйіттер тау-тау боп үйіліп, аты-жөні жоқ ортақ зираттарда (братская могила) жерленетін болады.

Аруақ атып жүрмесін, ағайындар...

Арман Жұмаділ

Дереккөз: Abai.kz
Автор: Арман Жұмаділ -
Арман Жұмаділ: Адамға деген құрмет... өлген соң да болу керек!
Просмотров материала: 1 000

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 163 663 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 163 494 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 163 123 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 163 161 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 163 450 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 637 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 779 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 990 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 864 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 041 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 808 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 583 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 203 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 058 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 880 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 055 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 161 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 829 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 210 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 938 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 948 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 780 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 624 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 877 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 828 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 333 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 786 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 661 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 920 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 254 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 659 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 634 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 673 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 627 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 856 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 001 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031