20 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Погондыларды тергесе, күдіктілер көбейеді": тұрғындар полицейлерге сенуден қалды

23 июнь 2020, 10:13
"Погондыларды тергесе, күдіктілер көбейеді": тұрғындар полицейлерге сенуден қалды
Түркістан облысында малмен күнелткен жұрттың жылдап жиған жылқысын барымташылар айдап кете беретіні үйреншікті жайтқа айналды. Әсіресе, Қазығұрт ауданының кәсіпкерлері ұрылардан зәрезап болдық дейді. Барымташылар жылқы бағып, қымыз сауып отырған жұрттың бас-аяғы 2-3 жылда жарты мыңнан астам малын айдап әкеткен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал істі бірде тіркемей, бірде "өзің ізде" деп шығарып салатын полицияға жұрт сенбейтін болған. Кәсіпорыны мен өндірісі аз Қазығұрт ауданының тұрғындары негізінен малмен күнелтеді. Ол үшін жұрт қырға кетіп, айдаладан үй тұрғызады, қора-қопсы салады. Сөйтіп малын көбейтуге әрекет жасайды. Бірақ соңғы екі-үш жылда барымташылардың көбейгені сондай, ұрылардан әбден мезі болған жұрт қора-қопсысын тастап кетіп жатыр.

Санаулы ғана жыл бұрын қырда мыңдап өрген жылқыны қазір көре алмайсыз. Енді жұрт дені сиыр мен қой бағуға көшіп жатыр. Өйткені ұрылардың есіргені сондай, жайылып жүрген жылқыны былай қойып, қорадағыны да оп-оңай айдап кететін болған.

"Бір менің, өзімнен жоғалған 19 бас бар. Сол жылқыны түнде ұрлап әкетті. 10 жылдық еңбегім. Бір-ақ тайым қалды ішінде. Ай сайын ұрланып жатыр осы өңірде. 10-15 шақырым өңірде отыратын 20 шақты қора. Сол қорадан ай сайын бір үйір жылқы кетеді", - дейді малшы Әмірсейіт Күмісбеков.

Малшыларды ұрып-соғып алып кеткен жағдайлар да жиілеген. Полицияға арыз түсіргенде бір ғана адам куә бола алмайды, "дерек жеткіліксіз" деп шығарып салыпты.

Жалпы, қазығұрттық малшылардың погондыларға өкпесі қара қазандай. Себебі, өмір бойы жиғанын айдап әкеткенде, полиция не Өзбекстан мен Қырғызстанға өтіп кетті деп, не өздерің іздеңдер деп ашық айтуды көбейткен. Тіпті жазылған арыз тіркелмей де қалады екен.

"Полиция өкілі келгенде айттым, біздің арызымыз бар еді. Бірінші арызымыз 17-сәуірде, наурызда ұрланды. "Арызыңыз бізге келген жоқ" деді. Ол арыз жоқ боп кетіп, жетпеді ол жаққа. Халықпыз ғой, жылап тұрмыз. Малға қарап тұрғаннан кейін, біз жыламағанда кім жылайды? Дұрыс па?", - дейді Роза Орманбекова.

Полицияның қауқарсыздығынан кейін екі жылда 525 жылқысын алдырғандар бірігеді де, жоғын өздері іздеуге кіріседі. Сөйтіп екі жылдың ішінде таудағы белгілі бір байлардың үйір-үйір жылқысының ішінен өз малын тапқан.

"Оны бағып жүргендерден өзіміз түсінік алып, полицияға бергенде, тәртіп сақшылары тағы жолымызды кесті", - дейді тұрғындар.

Қазығұрт ауданының тұрғыны Өмірсейіт Әмірбеков оларды ұстап, дайындап қойғанда, Әзиз деген опердің бастығы: "Өй, сіздер кейін аласыздар, сіздер әлі таныған жоқсыздар" деп, ұстап қойған жылқыларды босаттырып жіберген.

Полицияға сенімсіздік танытқандар Қазығұрт аудандық полиция бөліміне барып бастығын шақыртқан еді. Бірақ басшы түгілі, қосшы да көрінбеді.

Ал облыстық полиция департаменті жуырда ғана Қазығұрт, Сарыағаш және Төлеби аудандарынан 300-ге жуық жылқыны айдаған қылмыстық топты ұстап, үш баппен қылмыстық іс қозғаған. Келтірілген шығын 150 миллион теңгеден асып кеткен.

"Қылмыскерлер жылқыны ұрлағаннан кейін қораға тығып, арасын суытқаннан кейін жылқыларды мал базарларда сатып немесе ет өнімдеріне өткізіп отырған. Малды сатып алып сатушылар да бізбен анықталып отыр. Қазіргі таңда екі күдікті тұлға қамауға алынды. Бір күдікті тұлға кепілге жіберілді сот санкциясымен, екі адам қолхатта", - дейді Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Бірақ зерттеу жүргізіп, күдіктілерді өздері анықтаған ел ұрылардың саны полиция көрсеткендей 5-еу емес, 20-дан асады дейді. Аудандардағы полиция мен ұрылар сыбайлас болуы мүмкін деген олар погондыларды да тергесе, күдіктілер саны әлдеқайда көбейетініне сенімді.
Просмотров материала: 757

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 214 058 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 727 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 213 226 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 213 261 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 639 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 391 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 424 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 743 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 392 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 462 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 652 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 763 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 855 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 535 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 415 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 306 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 645 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 385 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 785 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 586 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 419 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 263 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 118 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 462 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 350 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 825 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 116 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 172 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 413 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 800 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 155 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 092 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 229 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 171 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 389 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 540 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31