17 августа 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Балаларын Қытайға оқуға жібермекші болған азамат алаяқ компанияға 975 мың теңгені ұстатқан

30 январь 2019, 9:22
Балаларын Қытайға оқуға жібермекші болған азамат алаяқ компанияға 975 мың теңгені ұстатқан


Алматыда балаларын Қытайға оқуға жібереміз деп алданған тұрғындар туристік компанияға баса көктеп кірді. Ондағылар былтыр алпысқа жуық тарапкерден аспан елінің үш бірдей қаласына апарып, университетке орналастыру үшін қомақты қаржы алыпты. Бірақ, ақша аударылмақ түгілі, ол білім ордалары бұл компанияны білмейміз деп шығарып салған. Сөйтіп, қазақстандықтардың көбі далада қалған еді. Енді жиған тергенін оқуға беріп, жер сипап қалған жұрт өз ақшаларын қайтаруды талап етуде. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ақшаларын күтіп, фирманың берген уәдесіне әбден тойған тұрғындар бүгін кеңсеге баса-көктеп кіруге мәжбүр болды. Өйткені, жаппай полицейлерге арыз жазғанымен компания әлі жұмысын тоқтатпады, дейді. Өздері секілді тағы талапкерлер алданып қалады деп қорқады. Гүлден Есімқызы жиенін оқуға жіберіп опық жегендердің бірі. Алты айдан бері 490 мың теңгесінің тең жартысын ала алмай жүр.
“Содан артық сұрап тұрғаным жоқ. Анау шығындалған. Менің ары бері жүргенімді санап отырғаным жоқ” – дейді тұрғын Гүлден Есімқызы.

Дәл осы фирманың қызметіне имандай сенген тағы алпыстан астам адам бар. Еліміздің түпкір түпкірінде тұратын жұрт балалары жақсы білім алу үшін миллиондап берген. Келісім-шартқа да отырған. Қағазда аэропорттан күтіп алады, жатақхана беріледі, тіпті грант бөлінеді деп көрсетіліпті. Алайда, шетелге жеткенде бәрі басқаша болған.

“Ұлым мен келінімді осы фирма арқылы Қытайға оқуға жібердім. 795 мыңды санап бердік. Олар виза жасап бергенімен, ешкім ұшақтан күтіп алмаған. Жатақхананы айтпағанда Университет бұл компанияны білмейтін болып шықты. Бір күнде далада қалып, қонақ үй іздеді. Енді бар ақшамызды бермей отыр” – дейді тұрғын Нұрбек Болатжан.

Яғни талапкерлер алданғанын тек Қытайдағы Гуанжу, Наньин қалаларына барғанында түсінген. Әйтеуір елшіліктегілер университет басшылығына шығып, барлығы әрең дегенде студент атаныпты. Тек, сан соқтырған фирма әлі күнге дейін ақшаларын қайтармағанына ашулы. Бірақ, компания өкілдері елшіліктің көмегімен білім ордасына оқуға түскендерін мойындағанымен, сұхбат беруден бас тартты. Әйтпесе, бізге де уәде берген еді.

Сол бойы, компания өкілдері ресми сұхбаттан бас тартты. Ал тәртіп сақшылары «алаяқтық» фактісі бойынша іс қозғағандарын айтады. Алғашында 20 адам арызданыпты.

“Қазіргі таңда 11 іске тергеу жалғасып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижесінде, істің соңында тиісті процесуалдық шешім қабылданатын болады” – дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жұрттың бір ғана түсінбейтіні әр талапкерден кем дегенде жарты миллион теңгеден жинап алған компания әлі жұмысын тоқтатпағаны. Әйтпесе, полиция департаментінде арыз жатыр. Тексеріс жүргізілуде. Онда күйген ақша күйсін, тек болашақ түлектердің алданып қалмауына ықпал етсе, дейді.


Просмотров материала: 1 891

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 213 709 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 213 379 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 212 876 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 212 913 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 213 288 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 375 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 405 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 726 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 375 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 444 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 634 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 759 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 848 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 533 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 410 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 302 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 643 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 380 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 781 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 583 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 416 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 261 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 116 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 459 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 346 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 113 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 410 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 796 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 154 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 089 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 226 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 165 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 387 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 538 Просмотров





Опрос


«    Август 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31