22 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Той бизнесіне тықыр таянды: продюсерлік орталықтар жабылып, асабалар өзге кәсіппен айналысуда

12 июнь 2020, 12:53
Той бизнесіне тықыр таянды: продюсерлік орталықтар жабылып, асабалар өзге кәсіппен айналысуда
Әлемдік пандемияға байланысты карантиндік шектеулер той тойлап, сауық-сайран құрып қалған қазаққа оңай тиіп тұрған жоқ. Бүгінде той бизнесінен нәпақасын айырып жүрген мыңдаған адам жұмыссыз қалған. Әсіресе, тойхана иелері кредитке салынған мейрамхананың шығынын қалай өтерін білмей үкіметке өкпесін жиі айтып жүр. Ал, тойдың дәурені жүріп тұрған шақта миллиондап ақша тапқан асабалар енді шаң басқан дипломын шығарып, мамандығы бойынша жұмыс істеуге кіріскен. Azattyq Rýhy тілшісі коронавирустық дағдарыс той бизнесіне қалай әсер еткені туралы мәлімет жинап көрді.

Жаңаөзен тұрғыны Гүлнар Жаңбырбаева қызының ұзату тойын мамырдың 20-на жоспарлаған. Ең алдымен жұртты жинайтын мейрамхананы тауып, алдын ала төлем жасаған. Тойдың тізгінін ұстайтын асаба таңдауда ең мықтысын іздепті. Мықтысын тауып, оған 450 мың теңге төлеуге келіскен. Алайда, тойдың күні жақындағанда карантин режимі енгізіліп, айтулы оқиға кейінге шегерілді.

«Қызымызға 31 қаңтарда сырғасын салып қойды. Тойды күн жылынғанда асықпай тойлаймыз деп келістік. Өйткені, жер шалғай, алыс-жақыннан келім-кетім туыс бар. Билік карантиндік шараларды жеңілдете бастағанда қуанып отырдық. Бірақ той тойлауға рұқсат бермеді. Тойханаға, тамадаға ақшасын төлеп қойдық. Қызым «Нұр-Шах» дизайнерлік үйінен той көлегіне тапсырыс берді. Онысы да дайын тұр. Ақшамыз босқа күйіп кете ме деп алаңдаймын. Шығынды айтпағанның өзінде қызыма обал. Өміріндегі маңызды оқиғаның осындай жағдайға тап болғаны өкінішті», - дейді Гүлнар Жаңбырбаева.

ТОЙХАНАЛАР ҚАҢЫРАП БОС ТҰР, КОММУНАЛДЫҚ ҚАРЫЗДАРЫ ШАШ ЕТЕКТЕН

Той бизнесінің тоқтауы мыңдаған адамның жұмысына кері әсерін тигізген. Карантиндік шектеулер салдарынан бизнесім банкротқа ұшырайды деп жанұшырып жүрген кәсіпкердің бірі – астаналық Берік Жамбаев. 100-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған бизнесмен үкіметтен қолдау сұрады.

«Үкімет карантин кезінде кәсіпкерлерге көмектемесіз деді. Олардан қандай көмек болатыны белгісіз. Көктем, жаз мезгіліне белгіленген тойлар өтпейтін болды. Алдын ала берілген төлемдерді қайтарып бердім. Елде төтенше жағдай жарияланғалы "Montebianco" кешені жұмысын тоқтатты. 250 адамға арналған тойхана қаңырап бос тұр. Соған қарамастан кешеннің коммуналдық төлемлерін коммуналдық шығындарын уақытында төлеп отырмын. Бүгінге дейінгі 5-6 миллион теңге шығынға баттым. Жинаған қорымдағы қаражат бітуге жақын. Алдағы уақытта қалтамның түбі көрінеді. Сонда қайтемін? Мемлекеттік комиссия рұқсат бермесе, жағдайымыз қиын. Күн көруіміз қиындап барады», - дейді кәсіпкер.

АСАБАЛАР МАМАНДЫҚ БОЙЫНША ЖҰМЫС ІСТЕЙ БАСТАДЫ

Той-думанның қызығын келтіріп жүрген асабалар мен жарнамасы жер жарған продюсерлік орталық иелеріне де тықыр таянған. Кейбірі тіпті жабылып та қалған.

«Өзімнің жеке той орталығым бар еді. Қазірге уақытта жұмысын тоқтатты. Оған карантин тікелей әсер етті. Мүмкіндігімізше алған тапсырыстарымызды орындап жатырмыз. Ал, тойын өткізбей алдын ала төлем жасағандарға қаржыны қайтарып жатырмыз. Бұдан бөлек, әлі де үмітін үзбей, шектеулер алынғаннан кейін қуанышымызды тойлаймыз дегендердің тойларын міндетті түрде өткізіп береміз», - дейді той орталығының директоры Абай Түзелбай.

Ақтау тұрғыны, жас асаба Абай Түзелбай бір емес үш дипломның иегері. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Маңғыстау гуманитарлық колледжін аударма ісі мамандығы бойынша тәмәмдаған. Сондай-ақ, педагогика ғылымдарының магистрі. Бүгінде қаладағы мектептердің бірінде жұмыс істейді. Өзінің айтуынша, той бизнесі – қосымша табыс, асабалық – хоббиі.

«Той орталығында жұмыс істеген қыз-жігіттердің негізгі өз жұмысы бар. Той мен әр түрлі мерекелік шараларды ұйымдастыру арқылы қосымша табыс табады. Әрине, ондай шаралардан түсетін табыс әлдеқайда көп. Оны жасыратын түгі жоқ. Қазір той бизнесінде жүрген кімге болса да оңай тиіп тұрған жоқ. Бірақ, әлемде болып жатқан құбылысқа қарай бейімделуіміз керек», - дейді журналист асаба.

«ХАЛЫҚ АСТА-ТӨК ТОЙ ӨТКІЗУДЕН БАС ТАРТУЫ ТИІС…»

Абай Түзелбай продюсерлік орталықтарға қарызданып той өткізетіндердің барын айтады. Жиған-тергенін тойда шашатын қазақтарға көрпесіне қарай көсілетін уақыт келді дейді.

«Халықтың көбі несиеге той жасайды. Нақты жинақ қаражаты болмағасын қарызға ұлын үйлендіріп, қызын ұзатып, басқа да қуаныштарын атап өтеді. Жұрт тойдан түскен сый-сияпат есебінен қарызды жабамыз деп ойлайды. Меніңше, халық ендігі жерде аста-төк тойдың орнына, ықшамдап, шағын ортада қуанышты атап өтуді үйренгені дұрыс секілді», - дейді асаба Абай.

Ал, биліктегілер той бизнесі тұралап қалса да, карантиндік шектеулерді алып тастауға асығар емес. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақталмай той өткізуге рұқсат етілмейтінін кесіп айтты.

Еске салайық, бұған дейін танымал әнші «Бүркіт» (Айбек Сейітов) бастаған шоу-бизнес өкілдері ҚР Президентінің атына үндеу жариялап, әншілерге қолдау көрсетуін сұраған. Оның айтуынша, мейрамханалар жабылып, той-томалақ тоқтағаннан кейін өнер иелері ақшасыз әбден қиналған.
Просмотров материала: 2 863

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 127 165 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 126 981 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 126 637 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 126 656 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 126 964 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 660 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 829 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 907 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 147 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 291 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 657 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 392 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 677 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 569 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 379 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 498 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 681 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 351 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 690 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 455 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 454 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 289 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 138 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 383 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 320 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 843 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 205 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 170 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 390 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 729 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 146 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 153 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 194 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 128 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 354 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 506 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031