19 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Бір келі күл 100 теңге»: Павлодар облысында тұрғындар күл сатып, күнелтіп жүр

«Бір келі күл 100 теңге»: Павлодар облысында тұрғындар күл сатып, күнелтіп жүр
Павлодар облысында жұмыссыз тұрғындар күл жинап күн көріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жергілікті тұрғындар күлге таласып, жаға жыртысуға дейін баратын болған. Көл бетінде көбікпен бірге қалқыған күлді алу үшін, адамдар топталып барады. Жалғыз жұмыс өнбейді, әрі бәсекелестік болғандықтан «таяқ жеп қалу» қаупі бар дейді күл жинап, нәпақа тауып жүрген тұрғындар. Өзін Тілеубек деп таныстырған жігіт Павлодар ауданынан 150 шақырым жердегі МАЕС-1 және МАЕС- 2-ге арнайы келеді екен. Айтуынша, осы алып стансалардан шыққан қалдық су көлге айналған. Стансадан шыққан сумен бірге күлде ағып келеді.

«Соңғы рет үш күн жүріп 4 тоннадан астам күлді көлден қалқып алдық. Келісін 50 теңгеден өткіздік. Үш адам болып бардық. Адам көп. Осы жолы сақалдылар айналаны қоршай бастапты. Жолатқылары келмейді. Ақшаның көзі. Көлде қалқыған күл көп жеріне таласады ел. Үш адам 200 мың теңге таптық. Шүкір. Айлықтан жақсы. Бірақ қауіпті, бәле қаланың бәрі сол жерде»,- деді алты баланың әкесі Тілеубек Әзімхан.

«Бір келі күл 100 теңге»: Павлодар облысында тұрғындар күл сатып, күнелтіп жүр


Нәпақасын осы жерден тауып жүрген тағы бір жігіт әйелін ертіп ШҚО барған. Айтуынша жолы болып, бес баласын бір ай асырауға жететін ақша тауып қайтқан көрінеді.

«Өскемен қаласының жанындағы Скалскі ауылынан бардық күл теруге. ГРЭС- тің қасында Солнечный деген ауылда жатып жұмыс істедік. Болады, жақсы табыспен қайттық. Адам көп, сезон басталыпты. Күн суық, желдің өтінде көлді кешіп жүріп лай күлді сүзіп аласың. Жұмыс оңай емес»,- деп түсіндірді өзін Сүндетбек деп таныстырған жігіт.

Қапқа жиналған күлді сол маңдағы қабылдау орталықтарына өткізеді. Қыстың күні бір келі күлдің құны 100 теңгеге дейін қымбаттаса, күн жылынғанда баға екі есеге дейін арзандайды. Су кешкен тұрғындар көл бетінде қалқыған қалдықтарды арнайы ау тәріздес сүзгімен алады.



Павлодар облысының әкімдігі халықтың күл теріп кеткенін білетін болып шыққанмен, көл бізге қарамайды дегенді алға тартып, сұхбат бермеді. Ал Екібастұз қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалдықтардың пайдасы көп. Бірақ халықтың ол жаққа барып, көлдің бетін сүзуі заңсыз.

«Бұл аумақты мемлекеттік органдар бақыламайды. Халықтың күл деп жүргендері микросфера деп аталады. Алайда екі стансаның басшылары осы біз күл деп жүрген микросфераны жинайтын кәсіпорындармен шарт жасасқан. Түпкір түпкірден келіп жатқан адамдар көлден микросфераны рұқсатсыз жинап жүр. Олардың әрекеттері заңсыз», - деді Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Динара Базарбекова.

Микросфера - электр станцияларынан көмір жағылған кезде шлак күлінің құрамында пайда болатын ұсақ, әрі қатты бөлшектер. Көмір жағылғаннан кейін шлаг құбырлар арқылы арнайы белгіленген шұңқырларға құйылады. Сол жерде, жеңіл және ауыр фракциялардың бөлінуі пайда болып, жеңіл бөлшектер, яғни микросфералар көл бетінде қалқып жүреді. Микросфераны бүгінде зауыттар ондаған түрлі құрылыс материалын шығаруға пайдаланады.



Мәселен, микросфералардан пластик, гипс, керамика, жеңіл цементтен бастап өзгеде құрылыс материалдарын өндіруде тамаша толтырғыш зат болып есептеледі. Себебі, микросфералар қосылған өнімдердің төзімділігі жоғары, жеңіл, әрі әдемілігімен ерекшеленеді екен.Сонымен қатар толтырғыш ретінде микросфераларды пайдалану өнімнің өзіндік құнын да арзандатады.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЕС- 1» ЖШС-де микросфераны кәдеге жаратумен 2016 жылдан бері заңды түрде айналысады. Екібастұз МАЕС-1 және МАЕС-2 бірлескен күл үйінділерінде микросфера жинайтын ресми компаниялар жұмыс істейді. Алайда, бұл іспен кейбір адамдар заңсыз айналысатынын да жоққа шығара алмаймыз. Екібастұз қалалық полиция бөлімі бастығының орынбасары Е.Букаевтың ақпараты бойынша, заңсыз айналысатын тұлғаларды анықтайтын арнайы рейдтер полициямен жүргізілмейді», - деді Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Динара Базарбекова.

МАЕС-1 болса Екібастұз қаласынан 15, ал номері екінші жылу электр стансасы 40 шақырым жерде. Екеуінен де шыққан көмір қалдықтары жазықтағы көл тұнбасына жиналады. Жылу электр стансасының баспасөз хатшысына хабарласып, «қалдықтардың ашық аспан астында жатуы және оны халықтың қолмен жинауы зиян емес пе», деп сұраған едік. МАЕС-2 стансасының баспасөз хатшысы Аягөз Мүсәпірова, сұрақтарға жауап беруге бастықтар рұқсат бермегенін, ресми сауалхат жолдауды өтінді.

Ал төрт күнгі үзілістен соң өзінің үйреншікті ісіне қайта кіріскен Тілеубек бұл жолы жанындағы жігіттермен бірге кемі бес тонна микросфера жинауды көздеп отыр.
Просмотров материала: 2 488

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 175 662 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 175 393 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 175 008 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 175 057 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 175 351 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 304 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 441 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 672 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 769 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 927 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 589 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 983 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 411 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 243 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 065 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 271 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 338 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 012 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 400 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 125 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 134 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 967 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 804 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 061 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 004 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 521 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 992 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 837 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 111 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 457 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 851 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 805 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 852 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 813 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 041 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 187 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930