25 августа 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бауыржан Байбек: Мақтарал жұртының басына түскен қиындық елге ортақ

Бауыржан Байбек: Мақтарал жұртының басына түскен қиындық елге ортақ
Елбасы, партиямыздың лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Түркістан облысының Мақтаарал ауданына арнайы келіп, апат ауқымын өз көзіммен көріп шықтым. Жүргізіліп жатқан қайта қалпына келтіру жұмыстарымен таныстым. Көршілес Өзбекстандағы су бөгетінің жарылуы салдарынан су астында қалған Достық, Жеңіс, Фирдоуси, Жаңатұрмыс және Өргебас ауылдарының тұрғындарымен кездестім. Төтенше жағдайдың кесірінен мыңнан астам үй бұзылып, 8 мың гектар егіс алқабын су басқан.

«Апат айтып келмейді» дейді халқымыз. Мақтарал жұртының басына түскен қиындық елге ортақ. Ең бастысы, бас аман болсын.

Қазір мемлекет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіліп, су тасқыны салдарын жою жұмыстары жүргізілуде. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар толықтай қайта жөндеуден өткен немесе жаңа салынған үйлермен қамтамасыз етіледі. Су басқан аймақтағы әрбір адам республика бюджетінен 100 мың теңгеден ақша алады. Әлеуметтік нысандарды, инженерлік желілер мен жолдарды қалпына келтіруге 14 миллиард теңгеден аса қаражат бөлінді.

Мемлекет басшысының үндеуіне қолдау білдірген қазақстандық кәсіпкерлер де 5 млрд. теңгеден астам қаражат аударды. Бұл ортақ іске «Nur Otan» партиясы да қызу атсалысуда. Нұротандықтар Мақтааралдағы халыққа қазірдің өзінде 920 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді, оның ішінде азық-түлік, гигиеналық құралдар, киім-кешек, төсек-орын мен құрылыс жабдықтары бар.
Бауыржан Байбек: Мақтарал жұртының басына түскен қиындық елге ортақ

Елбасының бастамасы бойынша Тұңғыш Президент Қоры мен «Nur Otan» партиясы құрған «Birgemiz» қоры да қосымша көмек көрсетеді. Осыған орай Қордың Қамқоршылық кеңесі Мырзакент елді мекеніне 20 үй тұрғызу үшін 340 млн. теңге бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша Достық ауылы тұрғындарының баспана мәселесі толықтай шешілетін болады. Облыс әкімі Ө.Шөкеевпен бірге бөлінген жерді қарап, тұрғындармен және құрылысшылармен кездестім. Бұл жерде саман үйлердің орнына газоблоктан 100 шаршы метрді құрайтын 4 бөлмелі үйлер салынады. Жұмыс сапасы авторлық және техникалық бақылау саласындағы мамандардың қатысуымен, ерекше партиялық бақылауда болады.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, бірлесіп тірлік қылсақ, шешілмейтін мәселе қалмайды.

Сонымен бірге сапар барысында жедел штаб отырысын өткіздік. Мұнда бірқатар өзекті мәселелерді, оның ішінде инфрақұрылымдарды сапалы түрде қалпына келтіру, ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне қолдау көрсету және тағы басқа жәйттерді талқыладық.

Атакент ауылында волонтерлармен кездестім. Өткен жылы 700-ден астам жасотандық бірнеше ай бойы Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарына белсене атсалысқан болатын. Бүгін де «Nur Otan» партиясы жастар қанатының мүшелері мен белсенділері мақтааралдықтарға көмектесіп жатыр.

Волонтерлік – Батыста пайда болған қозғалыс және бізге ешқандай қатысы жоқ деген пікірді естіп жүрміз. Бірақ бұл бізге жат емес. Асар дәстүрі қазақтың қанында бар. Осы игі дәстүрді біздің жастарымыз жақсы жалғастырып отыр.

Бұл жастарға осындай қиын кезеңде елмен бірге болып, өз еріктерімен жанкешті еңбек етіп жүргендері үшін алғыс айттым. Олар өздерінің нақты істерімен отаншылдықтың, ұйымшылдық пен адамгершіліктің үлгісін көрсетіп жүр. Міне, дәл осындай жауапкершілігі мол жаңа буынның өкілдері алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауларында «Nur Otan» партиясының тізімінде болуы керек. Еліміздің болашағы – осындай жастар!
Автор: Бауыржан Байбек -
Просмотров материала: 1 007

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 163 129 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 162 960 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 162 586 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 162 627 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 162 917 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 601 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 744 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 953 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 810 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 991 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 770 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 554 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 189 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 043 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 866 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 037 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 145 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 815 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 194 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 924 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 934 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 766 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 609 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 863 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 814 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 319 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 765 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 645 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 904 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 240 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 645 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 619 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 658 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 611 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 841 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 986 Просмотров





Опрос


«    Август 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031