4 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Міндетті екпе: күніне 5 әйел жатыр мойны ісігіне шалдығады

Міндетті екпе: күніне 5 әйел жатыр мойны ісігіне шалдығады
Қазақстанда күніне 5 әйел жатыр мойны ісігіне шалдығып, екеуі көз жұмады. Ең әттегенайы дертпен ауырғандар жасарып келеді. Бойжеткендер мен жас аналар жетіп артылады. Аталған проблеманың ауқымы кеңейіп, ұлт саулығына жауаптылар жатыр мойнының обыры індеттік сипатқа ие болуы себепті алдын алу мақсатында вакцина жасау қажеттілігін алға тартып отыр. Бірақ осы жерде резонанс туды. Әңгіменің әлқиссасы екпені балиғатқа толмағандарға салады. Қыз балаға 11 жасынан вакцина егу ата-аналардың, керек десеңіз кейбір қоғам белсенділері мен елге белгілі азаматтардың да қарсылығын туғызып отыр. Бұл жерде діни себеп те бар екендігін айта кету керек. Сонымен тараптардың тартысын таразыға тартсақ, кімнің қандай дәйегі мен дәлелі бар? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Жарты жылдан бері Мәжілістің қабырғасында жатқан Денсаулық туралы кодекстің кейбір тұстары жуырда қоғамдық резонанс тудырды. Бір тәуліктің ішінде 40 мыңдай адам петицияға қол қойды. Елді алаңдатқан екпе салу, яғни вакцинация мәселесі. Құжат екі апта Егов сайты арқылы қоғамдық талқылауға шығарылды. Қазақстандықтардың бірі балаларға екпе салуды міндеттеуге қарсылық білдірсе, енді бірі жасөспірім қыздарға жатыр мойнының қатерлі ісігіне қарсы күресетін вакцина салуды құптамайды екен.

Ата-ана:

"Бұл вакциналар ерікт ітүрде болу керек. Оны міндеттеуге болмайды. Кім салдырғысы келеді".


Қазір Қазақстанда 30-ға жуық вакцинаның түрі бар. Солардың қатарына енді тағы біреуі қосылмақ. 11 жастан асқан қыз балаға салынады екен. Елімізде омырау безінің обырынан кейін жатыр мойнының қатерлі ісігі асқынып тұр. Орта есеппен күніне 5 әйел ауырып, оның екеуі көз жұмады, дейді мамандар.

Бақыт Әлібекова, онко-гинеколог:

"Мен мысалы операция жасап жүрмін. 26, 23 жаста, 21 жастағы әйелді емдедім. Жанымыз қатты ашиды".
Назгүл Саркеева, Алматы қаласының тұрғыны:

"Жаңа заң жобасының ішінде қыздарға жатыр мойнының ісігіне қарсы вакцина бар. Менің өсіп келе жатқан қыздарым бар. Мен ол вакцинаны салдыртқым келмейді. Себебі ол ұрпақсыз болып қала ма кейін, оның әсеріне менің көз жеткен жоқ".
Ел-жұрттың алаңдап отырғаны балаларының болашағы. Бала көтере алмай қалуы мүмкін деген қауесет бар. Алайда, мамандар мұндай екпенің әлемнің бірқатар елінде тәжірибеден өткенін алға тартуда.

Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі:

"Ол жаңа вакцина емес, дүниежүзі қолданады. Бізде де бар. Бірақ оны жаппай міндетті түрде деуге айта алмаймын. Мен өте қуанамын, халқымыздың өзекті сұраққа жан жақты келуі. Көп талқыланды".


Дәрігерлердің сөзінше, жатыр мойнының қатерлі ісігі жыныстық жолмен таралған жұқпалы вирустің салдарынан болады. Әсіресе, қатты күйзеліске түскен әйел затында асқынып кетеді, дейді дәрігерлер. Егер 9-11 жастағы қыз балаға аты жаман ауруға қарсы екпе салатын болса 15 жылға дейін азғасы күресе алады. Бойжеткен кезде де салуға болады.

Бақыт Әлібекова, онко-гинеколог:
"Вирус папилломы человека дейді, соның әсерінен қатерлі ісік пайда болады. 1990 жылы немістің ғалымы жатыр мойыны ісігінің сол вирустан болатынын тапқан. Оның 100 түрі бар. Әсіресе қауіптісі 16, 18 түрі".


Жұқпалы вирус ағзада 10 жылдай жүріп, біртіндеп қатерлі ісікке айналады екен. Сондықтан, қазіргі 30, 40 жастан асқан келіншектер арасындағы аты жаман ауру ол бір күнде келмеген. Сондықтан, жасөспірім шақта салудың пайдасы болмаса, зияны жоқ деп сендіруде мамандар. Алайда, халықты толғандырып отырғаны вакцинаның сапасы.
Зәуреш Аманжолова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі:

"Әрине халықтың сенбеуінің, бір екі жағдай болды. осыдан 10 шақты жыл бұрын Сербиядан алынған БСЖ екпесінен кейін балаларды ахуалы төмендеді"

Мәжілістегі медицинадан хабары бар депутат ханымның сөзінше, талқыланып жатқан заң жобасында сапа, талап мәселесі де күшейтіледі екен. Өндіруші, тасымалдаушы компаниядан бастап, екпені салған дәрігердің де жауапкершілігі қаралуда. Әзірге, Парламент қабырғасында талқыланып жатқан маңызды құжат халықтың талап-тілегін ескеріп, тағы да толықтырылуы мүмкін.

Просмотров материала: 1 348

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 189 226 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 188 771 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 188 326 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 188 377 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 188 711 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 016 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 127 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 396 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 703 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 843 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 333 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 286 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 524 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 341 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 175 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 513 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 421 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 110 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 516 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 266 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 221 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 056 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 894 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 179 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 113 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 614 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 288 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 935 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 200 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 569 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 957 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 904 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 973 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 936 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 154 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 298 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031