22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Конституция вакцинаны міндеттеп салуға қайшы емес – Бас прокуратура

04 март 2020, 17:19
Конституция вакцинаны міндеттеп салуға қайшы емес – Бас прокуратура
Міндетті екпені алмаған бала балабақшаға алынбайды деген норма жаңа құжатта қолдау тапқан, деп хабарлайды AzattyqRuhy.kz.

Мәжілістің бүгінгі күн тәртібіне «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жаңа жобасы бірінші оқылымда талқыланды. Кодекске қатысты қорытынды әзірлеген мәжілістегі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Зауреш Аманжолова хабарлағандай, Кодексте екпе міндетті және ерікті деп бөлініп, міндетті екпе түрлерін алмаған балаларды балабақшаға алмау туралы норма қолдау тапқан.

«Инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация жүргізудің міндеттілігі бойынша норма қолдау тапты. Бұл ретте екпелер міндетті және ерікті болып айқындалды. Сонымен қатар, вакцинаның сапасын қатаң бақылау нормасы енгізіледі, оның сапасын кез келген уақытта тексеруге мүмкіндік беріліп, тексерулердің арнайы тізіміне енгізілді.

Сонымен қатар, екпе салынбаған балаларды балабақшаға қабылдауға шектеу қою жөніндегі норма қолдау тапты. Яғни, екпе салынбаған балаларды балабақшадағы ұжымдық иммунитеттің жоғары деңгейі сақталған жағдайда ғана алуға рұқсат беріледі», - дейді депутат Зәуреш Аманжолова.

Оның әріптесі, депутат Бекболат Тілеухан болса, бұл норма қазақстандықтардың конституциялық құқығына қайшы келеді дейді. Оның айтуынша, Үкімет вакцинаның міндетті екенін күштеп емес, «алдап-сулап» түсіндіру керек екен.

«Жалпы, заң жобасына көп күш салынды, біраз шаруалар жасалды, қоғамға қажетті біраз нәрселер қарайластырылды. Заң жобасына қолдау білдіремін. Бірақ, кодекстегі 89-баптың көлемінде қоғам дүрлігіп жатқанын жасырмаймыз. Мен сайлаушыларымның аманатын жеткізе отырып, осы 89-бапқа қарсы шығатынымды жеткізгім келеді. Жұмсақ күш, иландыра түсіндіру әдісімен көндірудің орнына бас көз жоқ «міндетті» деп, заңға қондырып, тізеге салудың қандай реті бар?

Үкімет күшіне сенбей ме, әлде еріне ме? Бас прокуратура өкілінен сұрайтыным, бас тартқан адам іс жүзінде заң бұзушы болып шыға келе ме? Конституциямыздағы «әр адам өзінің денаулығын қорғауға құқығы бар, онымен бірақ міндеттей алмаймыз» деген бапқа қайшы емес пе? Маған түсіндіріңіздерші, маған түсіндіре алмасаңыздар, қоғамға түсіндіруге өте қиын болады. Неге біз міндеттеуіміз керек?», - деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен Бас прокуратураның өкіліне сұрақ қойған ол.

Елжан Біртановтың айтуынша, вакцинадан бас тартудың салдарынан көп жылдан бері кездеспей кеткен инфекциялық аурулар қайта пайда болған.

«Қысқаша айтсақ, вакцинацияны міндетті түрде енгізу себебі – басқа азаматтарды инфекциялық аурулардан сақтау. Себебі, қазір, ата-аналардың екпеден бас тартуының салдарынан жалпы елімізде бұрыннан ұмытылған инфекциялық аурулар қайтып келіп жатыр. Бірақ одан тек қана сол балалар емес, онсыз да көптеген медициналық аурулармен ауыратын балалар ауырып, өліп жатыр. Сондықтан, көп мемлекетте бар тәжірибе, яғни, бәрі емес, кейбір вакцина міндетті түрде салынады, себебі басқа азаматтардың денсаулығын сақтау үкіметтің міндеті», - дейді Біртанов.

Ал, Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов екпеге міндеттеу Конституцияға мүлде қайшы емес дейді.

«Біздің Конституциямыз екі баптан тұрады, жалпы бап пен арнайы бап. Біздің негізгі заңымызда басты құндылықтарымыз - ол адам, адамның өмірі, адамның денсаулығы деп көрсетілген. Ал, Конституцияның жалпы бөлімі арнайы бөлімнен бір саты жоғары тұрады. Конституция егер адамның өміріне, денсаулығына қауіп төнсе, заңмен шектеу жасауға толық мүмкіндік беріп отыр. Сонықтан, Конституцияға қайшы емес», - дейді ол.
Просмотров материала: 968

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 216 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 048 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 689 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 713 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 021 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 472 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 650 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 717 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 904 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 051 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 430 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 320 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 648 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 352 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 454 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 166 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 129 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930