21 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



«Билікке 5 күн бұрын хабарласса жетеді» – Митинг туралы заңның негізгі 7 ережесі

30 апрель 2020, 14:48
«Билікке 5 күн бұрын хабарласса жетеді» – Митинг туралы заңның негізгі 7 ережесі
Журналистер митинг орнындағы түсірген фото, видеоматериалдарын мемлекеттік органдарға ұсынуға міндетті болмайды, деп хабарлайды AzaattyqRuhy.kz.

Бүгін Сенатта «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Президент ескертуінен кейін митингке қатысушылар санын 250 адаммен шектеу туралы пункт алынып тасталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев заң жобасындағы Мәжіліс депутаттары ұсынысын ескере отырып әзірленген негізгі ережелермен таныстырды.

БІРІНШІ. Бейбіт жиналыстардың негізгі қағидаттары заңнамалық деңгейде енгізілді. Оған зорлықсыз сипат, заңдылық, мемлекеттік қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, қатысу еріктілігі, кінәсіздіктің анық-қанығына жету, тараптардың жауапкершілігі кіреді.

«Бұл – жиналысты өткізуге шектеуге немесе тыйым салуға негізгі себептер болмаған жағдайда, мұндай жиналыс өткізілуі қажет дегенді білдіреді», - деп түсіндірді бұл ережені Д.Абаев.

ЕКІНШІ. Заң жобасында түсінік аппараты енгізілген. Ол бейбіт жиналыс, митинг, пикет, жиналыс, демонстрация, шеру сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастыруға және оларды өзара ажыратуға мүмкіндік береді.

ҮШІНШІ. Митинг, жиналыс, пикеттерді өткізетіндер әкімдіктерден рұқсат сұрамайды, тек ескертеді. Оған әкімдіктің келісімі керек емес. Бірақ бейбіт жиналыстың мақсаты заңға қайшы деп танылса, жергілікті атқарушы орган қарсылық білдіре алады. Ол үшін митингті өткізбеу себебін түсіндіруі керек. Басқа жағдайда әкімдер ұйымдастырушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жағдай жасауы тиіс.

«Ал, шерулер мен демонстрациялар туралы ескерту басқаша болады. Ол ескертуде қатысушылардың қозғалу маршруты, басталатын және аяқталатын жері, ұзақтығы, көлік құралдарын қолдануы туралы ақпарат көрсетілуі тиіс», - деді министр.

Сонымен қатар, заңда әкімдіктерге бейбіт жиналыстарды өткізуге альтернативті орын ұсыну міндеттеліп отыр.

ТӨРТІНШІ. Бейбіт жиналыс туралы хабарлау, ескерту мерзімі қысқарды. Жиналысты, митингті немесе пикетті өткізу туралы ескерту енді 15 емес, 5 күн бұрын айтылса жеткілікті. Жергілікті билік хабарламаға 10 емес, 3 жұмыс күніне дейін жауап беруі тиіс.

Ал демонстрация немесе шеруді келісу туралы өтініш беру мерзімі 15-тен 10 жұмыс күніне дейін, ал оны қарау мерзімі 10-нан 7 жұмыс күніне дейін қысқартылды.

БЕСІНШІ. Бейбіт жиналыстар өткізетін арнайы орындарды жергілікті өкілді органдар белгілейді. Мұндай орындарға бірқатар талаптар қойылған.

«Мысалы, қала мен ауылдың орталығында болуы, бейбіт жиналыстың мақсатына қол жеткізуге мүмкіндіктер жасалуы, ұйымдастыруға ыңғайлы болуы, ұйымдастырушы мен қатысушылардың инфрақұрылым объектілерін пайдалану мүмкіндігі болуы, санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуы, бейбіт жиналысты ұйымдастырушы мен қатысушылардың, басқа да адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс», - деді бұл жайында Дәурен Абаев.

Аталған орындар туралы мәліметтер әкімдік сайтында міндетті түрде болуы керек.

Дегенмен, пикетті заңда тыйым салынбаған орындардан басқа кез келген жерде өткізе беруге болады. «Тыйым салынған жерлер» тізімі 9-бапта көрсетіледі.

АЛТЫНШЫ. Журналистер митинг орнындағы түсірген фото, видеоматериалдарын мемлекеттік органдарға ұсынуға міндетті емес. Оларға бейбіт жиналыстарға қатысқанда басқалардан ерекшелеп тұратын белгілер ұсынылады.

ЖЕТІНШІ. Бейбіт жиналысты ұйымдастырушылар хабарлама мен келісім алу өтінішін қарау мерзімі өткен сәттен бастап үгіт-насихат жұмыстарын кедергісіз жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған символикаларды, иллюстрациялық материалдарды пайдалануға құқылы.

Сонымен қатар, Заң жобасында бейбіт жиналыстар өткізуден бас тарту (рұқсат етпеу – авт.) негіздерінің толық тізбесі белгіленеді.

«Бас тарту дәлелді және негізді болуы тиіс, яғни бейбіт жиналысты өткізуден бас тартудың нақты себептері көрсетілуі қажет. Азаматтарға да, ұйымдарға да бейбіт жиналыс ұйымдастыру және оған қатысу бостандығына кепілдік берілген... Бұл жерде біз Заңнаманың қазіргі қоғам болмысынан, құқық қолдану тәжірибесінен, дәстүрден, саяси мәдениет пен саяси сана деңгейінен алшақ болмайтынын түсінуіміз керек», - деп толықтырды министр.

Енді Сенат мақұлдаған Заң жобасы Президентке жолданды.
Просмотров материала: 1 291

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 176 025 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 175 705 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 175 316 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 175 367 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 175 659 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 319 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 457 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 687 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 790 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 951 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 606 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 991 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 417 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 245 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 067 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 275 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 339 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 014 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 402 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 126 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 136 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 969 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 806 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 064 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 006 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 523 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 998 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 839 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 112 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 460 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 854 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 806 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 855 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 814 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 045 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 190 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930