8 июля 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мәжіліс қоғамда көп дау туғызған митинг туралы заң жобасын мақұлдады

08 апрель 2020, 12:33
Мәжіліс қоғамда көп дау туғызған митинг туралы заң жобасын мақұлдады
Мәжіліс "Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Заң жобасына сәйкес, енді бейбіт жиындар арнайы белгіленген орындарда өтеді. Бұл орындарды жергілікті атқарушы органдар анықтайды.

"Заң жобасында жиын өтетін орындарға бірқатар талап қойылған. Олар қала мен ауылдың орталық бөлігінде орналасуы керек. Бейбіт жиынның мақсаттарына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету керек", - деді заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Қанат Мусин.
Оның айтуынша, ұйымдастыру қолайлығы, қатысушылар мен ұйымдастырушылардың инфрақұрылым нысандарын пайдалану мүмкіндігі, санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуы, бейбіт жиын ұйымдастырушылары мен қатысушыларының, басқа да адамдардың қауіпсіздігі сақталуы тиіс.

Сонымен қатар, бейбіт жиналыстарға тыйым салатын және оны тоқтататын негіздердің толық тізбесі бекітілді.

Бұдан бөлек, пикет түріндегі бейбіт жиындарды тек арнайы орындарда емес, басқа кез келген жерде өткізуге рұқсат беріліп отыр. Тек заңмен тыйым салынған орындарда ғана пикет ұйымдастырылмайды.

"Мұндай орындардың толық тізімі жұмыс тобының жаңадан енгізген бабында көрсетілген. Осы тұста бұл тыйым салынған тізімде үкімет пен парламентті қоса алғанда, бірде-бір мемлекеттік орган жоқ екенін атап өткім келеді", - деді депутат.

Сонымен қатар, енді бейбіт жиын өткізгісі келетін азаматтар жергілікті билікке алдын ала хабар берсе жеткілікті. Бұрынғыдай әкімдіктен рұқсат алудың қажеті жоқ.

Заң жобасына сәйкес, жергілікті атқарушы орган хабарландыруды алғаннан кейін, бейбіт жиынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Егер бейбіт жиын заңға қайшы болса, онда әкімдік оған тыйым салуға құқылы.

"Демонстрация мен шеру өткізу үшін оны келісу туралы өтініш беру қажет. Бұл екеуінің басқа жиындардан айырмашылығы – қатысушылардың жүретін маршруты белгіленеді, бастапқы және соңғы аялдамалары көрсетіледі, көлікті пайдалану туралы мәліметтер жазылады", - деп түсіндірді Мусин.
Айтуынша, бейбіт жиындар туралы хабар берудің мерзімі де едәуір қысқарып отыр.

Митинг немесе пикет өткізу үшін билікке бес күн бұрын хабарлау қажет. Бұған дейін үкімет он бес жұмыс күні ішінде хабар беруді ұсынған болатын.

Ал жергілікті атқарушы органдар он күн емес, енді үш жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті.

Демонстрация немесе шеру өткізуді келісу туралы өтініш беру мерзімі он бес жұмыс күнінен он жұмыс күніне дейін қысқарды. Ал өтінішті қарау мерзімі он жұмыс күнінен жеті жұмыс күніне дейін азайды.

Бұдан бөлек, депутаттар митингке қатысушылар саны әу баста жоспарланған адам санынан асып кетсе, бейбіт жиынды мәжбүрлеп тоқтату туралы бапты өзгертті.

Яғни, адам саны митингке қатысушылардың немесе көшедегі басқа адамдардың өміріне қауіп төндірген жағдайда ғана тоқтатылады.

Мәжіліс заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады.


Просмотров материала: 845

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 156 038 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 155 849 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 155 495 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 155 530 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 155 825 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 10 197 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 9 341 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 9 530 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 13 248 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 13 445 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 22 307 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 296 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 048 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 915 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 742 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 896 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 029 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 696 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 066 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 794 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 802 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 644 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 483 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 745 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 687 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 198 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 625 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 520 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 774 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 112 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 523 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 499 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 541 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 481 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 720 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 863 Просмотров





Опрос


«    Июль 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031