12 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Үкімет салық төлемдерін жеңілдететін Қаулы қабылдады

21 апрель 2020, 9:25
Үкімет салық төлемдерін жеңілдететін Қаулы қабылдады
Бүгін ҚР Үкіметі салық салу мәселелері бойынша экономиканы тұрақтандыру шаралары туралы Қаулы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 сәуірдегі №224 Қаулысы

"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын салық салу мәселелері бойынша iске асыру жөнiндегi одан арғы шаралар туралы

"Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

Мынадай салықтар мен әлеуметтік төлемдердің:

төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының;

жеке практикамен айналысатын тұлға дербес төлейтін жеке табыс салығының;

дара кәсіпкердің өзі үшін төлейтіндерін қоспағанда, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардың мөлшерлемелеріне "0" коэффициенті белгіленсін.

Осы тармақтың ережелері мынадай салық төлеушілер мен олардың жұмыскерлеріне қатысты қолданылады:

міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейінгі кезеңде басталатын жеке практикамен айналысатын тұлғалар және осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын микро, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері;

міндеттемелері бойынша төлеу (аудару) мерзімі 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 шілдеге дейінгі кезеңде басталатын, осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес қызмет түрлерінің тізбесі бойынша қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілері.

2020 жылғы 1 сәуірден бастап 2020 жылғы 1 қазанға дейінгі кезеңде:

әуе айлақтарындағы ұшу-қону жолақтары мен әуежайлардың терминалдары бойынша;

жеке практикамен айналысатын тұлғалардың мүлік салығының мөлшерлемелеріне "0" коэффициенті белгіленсін.

Әуе жолаушылар көлігі қызметімен айналысатын Қазақстан Республикасының резиденттері-салық төлеушілерге техникалық қызмет көрсету және әуе кемелері лизингінің мәмілелерін заңдық сүйемелдеу бойынша резидент емес үшін есептелген қосылған құн салығын төлеу бойынша 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін кейінге қалдыру берілсін.

Бұл ретте есептелген қосылған құн салығының сомасы 2021 жылғы

1 қаңтарға дейін бюджетке төленген жағдайда аталған салық төлеушілер резидент емес үшін есептелген қосылған құн салығының сомасын резидент еместен осындай жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу салық салынатын айналым деп танылған салық кезеңінде есепке жатқызады.

"COVID-19 коронавирусымен күрес шеңберінде эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылық қолдаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 4 сәуірдегі № 28/2020 бұйрығына сәйкес 2020 жылғы 1 наурыздан бастап төленетін эпидемияға қарсы

іс-шараларға тартылған қызметкерлердің үстемеақылары төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығының, әлеуметтік салықтың, міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының, әлеуметтік аударымдардың, жарналардың және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың объектілері болып табылмайды деп белгіленсін.

2019 жылғы міндеттемелер бойынша салық есептілігі нысандарын тапсыру мерзімі 2020 жылғы 31 наурыздан 2020 жылғы 31 мамырға ауыстырылсын.

Осы қаулы 2020 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілетін 4 және 5-тармақтарды қоспағанда, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

1-қосымша

2-қосымша

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi А. Мамин
Просмотров материала: 900

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 208 401 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 208 062 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 207 546 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 207 597 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 207 967 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 094 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 137 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 437 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 083 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 164 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 346 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 704 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 750 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 478 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 348 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 144 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 580 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 294 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 699 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 507 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 359 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 203 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 061 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 394 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 281 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 758 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 941 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 115 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 352 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 734 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 091 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 034 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 169 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 107 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 322 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 480 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031