23 октября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



И мен У дауы жалғаса бере ме?

17 апрель 2020, 12:05
И мен У дауы жалғаса бере ме?
Кеше
Беріден ғана бастайық. Бізге мектепте И мен У таңбасы әрі дауыстыны, әрі әрі дауыссызды таңбалап, дауыстының жанында тұрса – дауыссыз болады, ал дауыссыздың жанында келсе - дауысты болады деп оқытты.


-Неге? Неге біресе дауысты, біресе дауыссыз? - деп сұрақ қоятын едім. Ұстазымыз, мектеп директоры, Әбілда Ахметов ағай жауап орнына «Солай жазылады», - деп көзілдірігін жәйлап көтеруші еді. Содан үнсіз қалатынбыз. Бізге көп жаттығу жазғызатын, буынға бөліп талдатып кі –йім, о – құу деп айтуымызды талап етер еді.

Кейін филология факультетіне оқуға түскенде, профессор С. Мырзабеков ағайдан дәріс тыңдадық. У мен И-дың неге екі түрлі қызмет атқарып жүргенін ұқтық. Сөйтсек, оның құрамында дауысты Ұ мен Ү, Ы мен І дыбыстары қосамжарланып жүр екен. Профессор біздің дұрыс сөйлей алмайтынымызды, В. Радлов айтқан әуезді тілдің құрып бара жатқанын айтып налитын. Кейін шәкірті С. Ақымбекке Вильгельм Радловты зерттеуді табыстады да. Неге Радлов дейсіз бе? Өйткені Радлов қазақ тілінің табиғатын терең таныған. 16 тілді (оның ішінде араб тілі, парсы тілі, түрік тілі, татар тілі, моңғол, манчжур, қытай тілі бар) терең меңгерген Радлов (жаны жәннәтта болсын): Мен білетін тілдердің ішіндегі ең сұлу да әдемі, әуезді тілдер үшеу – ағылшын, қазақ және орыс тілдері деген екен. Байқайсыз ба, қазақ тілі екінші тұр. Әрі қазақ тіліндегі У мен И-ды бөлек жазып шығу үшін дайын тұрған жұмысын (“Түркі тайпалары халық әдебиетінің үлгілері” 3-том) біраз уақытқа шегерген (Бұл туралы Қ. Қалыбаева жеке мақала жазды).

И мен У-ға дауысты дыбыстарды қосып жазуды енгізген Кеңестік саясат еді. 1938 ж. 2 қаңтарда “Қазақ тілінің орфографиясын өзгерту” туралы арнайы қаулы қабылданды. uv (ұy), уv (үу) қосар әріп u таңбасымен ауыстырылды: uvagьt-uаgьt, uvьq-uьq, yvәdе-yәdе, kеlуv-kеlu, quvus-quьs. Сонымен бірге ьj (ый), ij (ій) қосар дыбыстарының орнына бір ғана і таңбасы алынды. Тек тый, сый сөздерінде бұрынғы емле сақталатыны туралы ескерту болды (Академик Н.Сауранбаевтың еңбектері. І -том. Алматы, 2000, -400 б.).

Назар аударыңыз, бұл 1938 жылы болған-ды.

Кейін кеңестік жылымық уағы келді, ауыздағы «кісен» кеңіді. И мен У табиғатын тану үлкен ғылыми зерделеуді талап етті. Қазақ ғалымдары осы сала бойынша еңбек етті. Профессор С. Мырзабеков (Қазіргі қазақ тілі. Фонетика), профессор Ә. Жүнісбек (Гласные казахского языка.1972.) осы мәселені 70-жылдардан (мүмкін одан да бұрын) бастап зерттеді, зерделеді, таныды, танытты. Әсіресе, Әлімхан ағай Жүнісбек бүкіл ғұмырын дыбыстардың үндестік заңының табиғатын ашуға арнады. Жазды, ғылыми тұжырым жасады, нәтижелі болды. Әлемдік түркітанушылар мойындады.

Ал бұл кезеңде бүкіл мектеп өздері біліп-білмей, түсініп-түсінбей Қазақ баласын 1938 жылғы өзгеріс бойынша оқытып, тілдің әуезді қалпынан айыруға, барынша «қызмет» етіп жатты. Ауызша дұрыс сөйлеуге еш көңіл бөлінбеді. Қалай жазылса, солай оқу күнделікті дағдыға айналды. Біз дағдыланып шықтық. Дағдыланып алдық.

1938 жылдан кейінгі ҰРПАҚ сол тәртіппен оқып шықты, оқып жатыр.

Бүгін

2017 жылы Елбасының атақты «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарияланды. Рухани жаңғыру жылдары басталды. Қуандық. Латын әліпбиіне көшу туралы әңгіме де қайта жанданды. Түсіндік, себебін ұқтық. Латын әліпбиіне көшу қажеттігі күн тәртібіне қойылды. Заңды шешімін тапты.

Енді 38 жылғы енгізілген Ережеден қазақ тілін арашалаудың нақты мүмкіндігі туған еді.

Ұ мен Ү, Ы мен І дауыстыларын И мен У дауыссыздарының ішіне қосып, «даралаудан» арылтып, дауыстыларды өздерінің заңды орнына қайтаруға тарихи мүмкіндік туды. Бұл тарихи шешім болуы тиіс.

Алайда қазір дағды сіңген кей ағаларымыз, осы тарихи деректі қабылдай алмай жатыр. Тарихи санаға, тәуелсіз ЕЛдік санаға қайтуға бәлки, батылымыз жетпей жатыр ма?

Біз тәуелсіз елміз. Енді санамызды тәуелсіз ету үшін туған тілдің өзіндік төл заңдылығын қалпына келтіріп, тілдің ішкі заңдылықтарын қалпына келтіру қажет.

Ия, қалыптасқан дағдыдан бірден бас тарту оңай болмайды. Үйреніп қалдық. Бірақ үйреніп қалдық деп құлдық санамен өмір сүре алмаймыз. Анық.

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ғалымдары ұжым боп «Латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиі: тарихы, тағылымы және болашағы» (Алматы: Арыс, 2007. 410б. 233-237бб.), «Жаңа ұлттық әліпби негізінде қазақ жазуын реформалау» (Алматы, 2016 ж. 395 б.) атты екі үлкен монографиялық зерттеу шығарды. Бірге жазды! Оқыдық. Екі еңбекте де У мен И дыбыстары дауыссыз дыбыс ретінде танылған. Сендік. У мен И кешегі кеңестік кезеңдегідей бірде дауысты, бірде дауыссыз болмайды, өз орнына ғылыми тұрғыдан орнықты, салыстырылды, салғастырылды, зерттелді, зерделенді деп сендік. Оның құрамына «күштеп қосылған» Ұ, Ү, Ы, І дауыстылары өз орнына қайта орнығады деп сендік.

Ендігі дау не үшін? Кім үшін? Оңға, дұрысқа көшу үшін, «менді» ҰЛТТЫҚ МҮДДЕГЕ, ТІЛДІҢ ІШКІ ЗАҢДЫЛЫҒЫ алдында тізе бүктірейік.

Жолы – бар. У мен И дауыссыз дыбыстарын ДАУЫССЫЗ ТАҢБАМЕН белгілеу. Болды.

Қорытындыны, ертеңгі тілдің болашағы үшін шешімді, Ұлттық комиссия, Үкімет, депутаттар, сосын Президент шешімі шығарады.

Сенейік. ҮМІТ зор.

Анар Салқынбай

Әл Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Дереккөз: Abai.kz.
Просмотров материала: 1 968

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 171 846 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 171 676 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 171 301 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 171 349 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 171 632 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 119 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 256 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 479 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 511 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 678 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 387 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 876 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 360 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 210 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 029 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 228 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 304 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 974 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 361 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 080 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 094 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 929 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 763 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 028 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 968 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 483 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 951 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 800 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 077 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 404 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 816 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 774 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 824 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 775 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 001 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 147 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031