16 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Алматыда салынып жатқан госпиталь сол маңдағы қорғандарға қауіп төндірмейді – сәулетші

16 апрель 2020, 12:02
Алматыда салынып жатқан госпиталь сол маңдағы қорғандарға қауіп төндірмейді – сәулетші
Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров СОVID-19-ға күдікті және олармен қатынаста болған адамдарға арналған жаңа модульдік аурухананың құрылыс алаңында болып, медициналық ұйымның жоспарымен егжей-тегжейлі танысты. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады BAQ.KZ.

Медициналық ұйым аумағында коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды оқшаулау және емдеу үшін 280 орын ашылады, соның ішінде қарқынды терапия бөлімшесі жұмыс істейді.

Ауруханада қызметкерлерге арнайы "таза" аймақтар белгіленген, болашақ инфекциялық палаталарда бөлек желдету жүйесі қарастырылады.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау басқармасымен қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыру мәселесі қарастырылуда. Медициналық қызметкерлерді жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоспар бойынша штат шамамен 280 дәрігер мен медицина қызметкерлерінен құралады.

Сапар барысында құрылыс жұмыстарының тарихи ғимараттар мен археологиялық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету нормаларының сақталуына аса назар аударылды.

Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының басшысы Алмасхан Ахмеджанов салынып жатқан госпиталь жақын орналасқан қорған кешеніне әсер етпейтінін баяндады.

Қорған кешені тарихи-мәдени қордың бас жоспарына сәйкес қорғалуда. Ауруханадан қорғандарға дейінгі қашықтық 150 метрден асады. Қорғандардың күзет аймағы 50 метрді құрайды. Барлық ережелер сақталуда, - деп уақытша құрылыстың жеңіл құрылымдардан салынатынын атап өтті Алматы қаласының бас сәулетшісі.

Қалалық Мәдениет басқармасының мәліметтеріне сәйкес, құрылыс жұмыстары басталар алдында Алматы қорғандарының айналасындағы қорғау аймақтары ескерілді. Салынып жатқан модульдік құрылым Қорғанның қорғау аймағынан 50 метр қашықтыққа созылып, оған ешқандай зақым келтірілмеген. Қорған өз аумағынан модульдік құрылымға дейін 170 метр қашықтықта, қорғаныс аймағынан 50 метр қашықтықта орналасқан.

Өз кезегінде Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтының бас ғылыми қызметкері Арнабай Нұржанов жүргізілген сараптамалық талдаудың қорытындысы туралы хабарлады.

Біз құрылыс жоспарымен таныстық. Аурухана аумағы толығымен қоршалады. Қорғанға дейінгі шекаралық аймақ 150 метр қашықтықта орналасқан. Қорғандардың күзет аймағы бөлек болады. Айта кету керек, аурухана құрылысы қорғандарға ешқандай қауіп төндірмейді, - деді Арнабай Нұржанов.

Мәселені шешу және құрылыс алаңын бақылау барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровпен қорған кешенінің рекреациялық жоспары жасау қажеттілігі алға тартылды. Сонымее қатар, Алматы аумағында орналасқан Қорғандық кешендерді одан әрі дамыту кеңесін құру ұсынылды. Оның құрамына археологтар мен тарихшылар қатарынан сарапшылар кіретін болады.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 3 сәуірінде ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын жүзеге асыру аясында Алматы қаласының аумағында госпиталь салу туралы шешім қабылдаған болатын.
Просмотров материала: 719

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 186 993 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 186 526 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 186 090 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 186 140 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 186 465 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 898 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 017 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 273 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 561 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 693 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 214 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 237 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 505 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 325 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 158 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 480 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 405 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 094 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 499 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 235 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 205 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 040 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 877 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 161 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 095 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 594 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 251 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 916 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 187 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 549 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 939 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 888 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 954 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 918 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 136 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 277 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728