17 июля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Сағынтаев бас дәрігерлермен COVID-19 қарсы күрес мәселелерін талқылады

15 апрель 2020, 9:14
Сағынтаев бас дәрігерлермен COVID-19 қарсы күрес мәселелерін талқылады
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 70-тен астам қалалық аурухана, емхана, медициналық орталықтар мен жедел жәрдем қызметінің басшыларымен бейнебайланыс режимінде жиналыс өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Барлық күш коронавирустық инфекциямен күресуге жұмылдырылған. Бірінші басымдық – халықты қорғау. Ол үшін қаладағы барлық сала жұмылдырылған. Ең алдымен біздің дәрігерлер, емханалар мен ұйымдар тарапынан қажетті талаптар орындалуда. Басты мәселе – бүкіл қала бойынша коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу, – деген Бақытжан Сағынтаев бас дәрігерлерді ашық диалогқа шақырып, өзекті мәселелерді талқылауды және оларды жедел шешу үшін қажетті шараларды бірлесіп атқару қажеттігін айтты.

Отырыс барысында жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, инфекциялық стационарларда дәрігерлердің және барлық санаттағы медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін қажетті санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау, медицина қызметкерлеріне үстеме ақы төлеу, тұрғын үй жағдайлары және науқастармен жұмыс істейтін барлық медицина қызметкерлерін тамақтандыру, сонымен қатар тұрғындардың кең контингентінің COVID-19 тестіне тапсыру мәселелері қарастырылды.

Атқарылған жұмыстар жайлы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Т.Әбілдаев және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы А.Молдағасымова баяндады. Өз кезегінде медициналық қоғамдастық өкілдерінің атынан №1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері Э.Қалиев сөйледі.

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 21 370 адам COVID-19-ға тексеруден өтті. Зертханалық түрде расталған коронавирустық инфекция жұқтырған 350 жағдай тіркелді. Инфекциялық ауруханаларда – 299 науқас ем алып жатса, провизорлық орталықтарда – 256 адам, карантиндік оқшаулауда – 366, үй карантинінде – 7097 адам отыр. Медициналық ұйымдар барлық жеке қорғаныс құралдарымен, оның ішінде 4500-ден астам бірнеше рет пайдалануға жарамды қорғаныс медициналық костюмдерімен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша, Алматы қаласында коронавируспен күреске жұмылдырылған денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің үстемақысы 99% төленді. Қалған екі карантиндік ұйым мамандарының үстемақысын төлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Төтенше жағдай кезінде медицина қызметкерлері өздерінің талап-тілектеріне сәйкес қонақ үйлерге, хостелдер мен жатақханаларға, сондай-ақ туысқандарының үйлеріне орналастырылды.

Сонымен қатар қонақ үйлерде тұруға ниет білдірушілер үшін де қосымша жатын орындар бар. Бұл ретте тұру және тамақтануға арналған шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жабылатын болады.

Бұдан өзге жиын барысында ағымдағы жылдың 1 мамырына дейін төтенше жағдайдың қолданысын ұзартуды және ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап өнеркәсіп және құрылыс кәсіпорындарының, қызмет көрсету саласының белгілі бір секторларының жұмысын іске қосуды ескере отырып, коронавирустық инфекцияны таратпау бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың одан әрі сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды. Сондай-ақ жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының жұмысын жолға қою мәселесі сөз болды. Яғни, ауруханаға медициналық қызметкерлерді тарту және оның техникалық құралдармен жабдықталуына ерекше көңіл бөлінді.

Мегаполис әкімі кездесуді қорытындылай келе, COVID-19 індетімен күрес жолында жүрген барлық мамандарға тәртіп пен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтау керектігін баса атап өтті.
Бауыржан Момышұлының сөзі бар "Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды". Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара, жұмыла жұмыс істеу қажет. Әсіресе, дәл бүгінгідей сын шақта әрбір жұмыс орнында қатаң тәртіп керек, – деді Бақытжан Сағынтаев.
Сондай-ақ әкімдік, құқық қорғау қызметі, әскери қызметшілер де қаланың эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жан-жақты қолдау көрсететінін атап өтті.
Просмотров материала: 936

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 209 131 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 208 794 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 208 278 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 208 328 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 208 699 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 135 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 175 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 473 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 124 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 202 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 386 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 711 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 766 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 486 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 357 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 157 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 586 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 306 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 710 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 518 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 368 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 211 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 071 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 403 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 288 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 770 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 952 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 126 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 359 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 740 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 098 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 042 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 178 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 116 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 328 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 486 Просмотров





Опрос


«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031