9 сентября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді

01 апрель 2020, 10:58
"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді
Астаналық инфекционист дәрігерлер медицина мекемелерінде "оқшауланып" жұмыс істеп жатыр, ауруды жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан олар әзірге жақындарымен жүздесе алмайды. Осындай қиын сәтте үкімет дәрігерлерге қолдау көрсетілетінін айтты, енді ақ халаттылар миллион теңгеге дейін жалақы алады, деп хабарлайды SputnikNews.kz.

Астананың көпсалалы медициналық орталығының инфекционисі Құралай Мырамытова Sputnik Қазақстан тілшісіне жұмысы мен науқастар жайлы айтып берді.

"Жылай бастаймын": Елордалық дәрігер ауруханада не болып жатқанын айтып берді


Аурухана үйіңе айналады

"Біз күндіз-түні коронавирус жұқтыру ошағында жұмыс істейміз, жеке инфекциялық блокта індетке шалдыққан науқастар жатады. Вирустың алғашқы жағдайы тіркелген кезден бастап үйге бармайтын болдық, себебі біз де науқаспен байланыста болып, вирус тасымалдаушы болуымыз мүмкін", - деп түсіндірді инфекционист.

Жаңа жалақы туралы сұраққа дәрігер: "күтеміз, көреміз" деп жауап берді.

Күшейтілген режимдегі жұмыс

Коронавирус пандемиясы – бүкіл әлем үшін, оның ішінде Қазақстан үшін де үлкен сын. Соған қарамастан, дәрігер қазақстандық дәрігерлер індетке дайын болды деп санайды.

"Дәрігер болып жұмыс істеп жүргеніме 10 жыл болды, инфекционист мамандығына оқыдым. Әрине, біз мұның бәрін теорияда, тәжірибеде көрдік – әрбір студент обаға қарсы киімді қалай кию керек екенін біледі. Дәрігерлер үшін, әсіресе, инфекционистер үшін әр түрлі оқиғамен тұрақты түрде тренингтер өткізіледі. Қазір біз жеке және топ болып жұмыс істеуді үйреніп, жаңа мәлімет алып жатырмыз", – дейді ол.

Дәрігерлер мен басқа да медицина қызметкерлері кесте бойынша жұмыс істейді – біреу тәулік бойы, біреу күндіз, енді біреу түнгі ауысымға шығады.

"Бізде дәрігерлер жетерлік, сондықтан ауысыммен жұмыс істейміз. Кезекшіліктен кейін міндетті түрде 12 сағат демаламыз. Ең бастысы – блоктан шықпау. Сондықтан осы жерде тамақтанып, осында ұйықтаймыз", - дейді дәрігер.

Арнайы киімнің "азабы"

Медицина қызметкерлері қажетті киім-кешекпен толық қамтамасыз етілген.

"Науқаспен қарым-қатынаста болғаннан кейін әрбір 2-3 сағат сайын бір реттік киімді ауыстырамыз. Дезинфекция хаттама бойынша жүргізіледі", - деп атап өтті ол.

Арнайы киім вирустан қорғайды, бірақ үлкен ыңғайсыздық тудырады. Бұл медицина қызметкерлерінің ауыр еңбегін көрсетеді.

"Беті көгерген Қытай дәрігерінің видеосы естеріңізде ме? Бізде де дәл солай. Өкінішке қарай, бұл жұмыстың бір бөлігі ғана. Кейде респиратор астынан әдеттегі медициналық бетпердені тағамыз, солай сәл жеңілдеу, алайда тыныс алу қиындап кетеді", - дейді дәрігер.

"Телефонда жылап жіберуден қорқамын"

Дәрігерлер инфекция тасымалдаушы бола алатындықтан, оларға туыстарымен кездесуге тыйым салынған, олар тек телефон арқылы сөйлесе алады. Құралай Мырамытова – үш баланың анасы.

"Ұлдарым 2 және 13 жаста, қызым 8 жаста. Балалармен видеосыз тек телефон арқылы сөйлесуге тырысамын – бұл мен үшін өте ауыр, жылай бастаймын. Балалар да, әрине, сағынады. Осындай сәтте көмек көрсетіп жатқан туыстарыма алғыс айтамын. Алайда оларды тезірек көргім келеді", - дейді Мырамытова.

Үйде отырыңыз!

Қазақстан коронавирусты неғұрлым тез жеңсе, дәрігерлер соғұрлым үйіне тез оралады, оған азаматтардың көмегі қажет.

Қазір елімізде 24 науқас ауруханадан шықты. Олардың барлығы Құралай жұмыс істейтін көпсалалы медициналық орталықта емделді. Айта кету керек, ауруханадан шығарылған барлық адам екі апта карантинде болады.

Бірақ ауырғандардың саны күн сайын өсіп келеді, қазір 348 адамға жетті.

"Үйде отырыңыз! Мен адамдардың қанша проценті бұл аурудың күрделі екенін түсінбей отырғанын білмеймін, тіпті менің туыстарымның арасында да күмәнмен қарағандар болды. Шындыққа сенбей, карантин ережелерін сақтамай, қонаққа барып жүрген адамдардың кесірінен науқастардың саны артуы мүмкін,- деп ескертті дәрігер.

Кеше баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда науқастардың саны сәуірде 3,5 мыңға жетуі мүмкін деді.
Просмотров материала: 12 277

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 217 009 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 216 682 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 216 184 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 216 229 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 216 598 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 543 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 581 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 902 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 566 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 622 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 815 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 804 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 908 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 571 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 445 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 393 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 683 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 424 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 831 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 624 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 448 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 296 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 147 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 494 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 382 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 866 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 219 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 196 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 442 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 827 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 179 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 128 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 261 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 205 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 436 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 581 Просмотров





Опрос


«    Сентябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930