12 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



БҒМ вице-министр қашықтықтан оқыту мәселесін түсіндірді

26 март 2020, 11:51
БҒМ вице-министр қашықтықтан оқыту мәселесін түсіндірді
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова еліміздегі төтенше жағдайларға байланысты ұстаздардың қашықтықтан білім беруіне байланысты пікір білдірді,деп жазады BAQ.KZ.

Бүгінгі күні коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде, 6 сәуірден бастап мектептер төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды. Қазір балалар көктемгі демалыста. Мұғалімдер болса, балаларды жаңаша оқытуға дайындық үстінде. Оқушылардың демалысы кезінде мұғалімдер бұған дейін де өздерінің педагогикалық шеберлігін арттырумен айналысатын, әдістемелік қоржынын толықтырып, болашақ сабақтарына қажетті материал қарастыруда болатын. Бүгінгі күні әдеттегі дайындыққа қоса мұғалімдер өз цифрлық құзіреттілігін күшейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Қашықтық тәртіпте жұмыс жасауда мұғалімдердің жүйелік тәжірибесі жоқ екенін ескеретін болсақ, әрине, бұл оңай шаруа емес, және бұндай жұмыс бұрын талап етілмеген. Десек те, сабақ барысында мұғалімдер цифрлық білім беру ресурстарымен, электронды оқулықтармен, электронды журнал жүйелерімен бұған дейін де жұмыс жасайтын. Бұның өзі цифлық жүйеде жұмыс жасаудың қандай да бір тәжірибесі екені анық - деп жазды вице-министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сонымен қатар, ол қазіргі таңда мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері, ұстаздар өздері қашықтықтан оқытуға ауысу бағытында белсенді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.

Ең маңыздысы - осы мәселені дұрыс түсіну. Қашықтық сабақ – әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес. Қашықтық сабақтың әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа. Осындай сын сәтте ұстаздарды күштеп жұмысқа тартып, онлайн-сабақтар жазуға мәжбүрлеп отыр деген орынсыз сұрақтар да туындамауы тиіс. Қазіргі жағдайда бұл мұғалімнің өзіне керек нәрсе, бұл мұғалім жұмысының жаңа шарты. Ең бастысы, оқушылар мұғалімнен қызықты, тартымды сабақ күтеді - деді ол.

Вице-министр ата-аналарды қашықтықтан оқу мәселесіне түсіністікпен қарауға шақырды.

Құрметті ата-аналар, біріншіден, бұл мәселеге сіздер түсінікпен қарауларыңызды, балаға жаңа форматта оқу материалын игеруге көмек беріп, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыстың орнауына ықпал етіп, қажетті нәтижеге жету үшін өз көмегіңізді беруді сұраймыз. Тек осылай, бірлесе жұмыс жасау арқылы біз оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырып, балаларға қажетті білім мен құзіретін бере аламыз. Кейбір мектептерде сапалы интернет мәселесі, мұғалімдер мен оқушыларда компьютердің болмауы, отбасында бірнеше бала болған жағдайда компьютерді пайдалану сұрақтары, дайын интернет-платформалардың жоқтығы түсінікті. Бұл сұрақтар, әрине, бар, олар жеке тұрғыда қарастырылады, оларды шешу жолдары анықталуда. Білім және ғылым министрлігінде, аймақтық білім беру басқармаларында қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру бойынша Жобалау офисі құрылып отыр. Пандемия кезеңінде оқу үрдісін ұйымдастыру бойынша уақытша шаралар енгізген көршілес елдердің тәжірибесі, халықаралық тәжірибе зерделенді. Мектептер мен ұстаздар үшін тиісті ұсынымдар дайындалды. Ұстаздар үшін арнайы онлайн, теле-курстар, вебинарлар әзірленді - деді Шолпан Қаринова.

Ол теле-сабақардың қалай ұйымдастырылатынына да тоқталды.

Сонымен қоса, ұстаздар мен балаларға "Балапан" және "Ел-Арна" телеарналарында төртінші тоқсан басталсымен күнде 1-11 сынып оқушыларына аптасына бес күн сабақ өткізіледі. Қазір осы теле-сабақтардың арнайы түсірілімі жүргізілуде. Ол сабақтар мемлекеттік стандарт талаптарына, оқу бағдарламаларына сәйкес құрылған. Оқушылар үшін 2 мыңнан астам теле-сабақ дайындалады. Бұған үлкен күш жұмсалуда. Нұр-Сұлтан қаласының, Назарбаев Зияткелік мектептерінің, республикалық, халықаралық және жеке мектептердің үздік ұстаздары еліміздің барлық балаларына сабақ береді. Ұстаздарға тек қолдау қажет! Ұстаздар мен оқушыларға білім әлемінде жаңа асуларды меңгеру жолында табыс тілейміз! - деді вице-министр.
Просмотров материала: 1 603

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 878 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 564 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 064 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 098 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 470 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 808 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 841 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 174 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 854 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 884 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 091 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 870 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 003 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 634 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 512 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 529 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 751 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 505 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 902 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 698 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 513 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 355 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 201 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 568 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 444 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 935 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 360 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 263 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 498 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 897 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 238 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 185 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 328 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 260 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 504 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 639 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031