13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қаладан кете алмайтын студенттер жатақханаларда тұра береді – БҒМ

16 март 2020, 16:47
Қаладан кете алмайтын студенттер жатақханаларда тұра береді – БҒМ
ҚР білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook-тегі парақшасында білім беру ұйымдарына, министрлікке қарасты мекемелердің жұмысына, педагогтер мен оқушылардың өзара іс-қимылына, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар көрсетілген министрліктің арнайы бұйрығы жіберілгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке халықты коронавирустық инфекциядан қорғау шараларын күшейтуді міндеттегенін білесіздер. ҚР президентінің тапсырмасын орындау аясында тиісті жұмыс атқарылуда.

Білім беру ұйымдарына, министрлікке қарасты мекемелердің жұмысына, педагогтер мен оқушылардың өзара іс-қимылына, оқу процесін ұйымдастыруға қатысты тапсырмалар көрсетілген Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығы жіберілді.

Тағы бір мәрте назар аударуларыңызды сұраймын.

1.Мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық режимде жұмыс істеуде. Балабақшаға балаларды апару немесе апармау мәселесі ата-аналарының қалауы байланысты. Келмегені үшін балабақшадан шығарылмайды. Яғни, балаңызды балабақшаға апармасаңыз, орны сақталады. Сондықтан, ата-аналарға мүмкіндігінше бүлдіршіндерді үйде қалдыруға кеңес беремін.

2. 16 наурыздан бастап мемлекеттік қосымша білім беру ұйымдарының қызметі тоқтатылды. Оған оқушылар мен жасөспірімдер сарайы, музыка, көркемсурет, өнер мектептері және т.б. жатады. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қазіргі жағдайды ескере отырып, ата-аналарға балаларын жекеменшік дамыту орталықтарына да апармауға кеңес береді.

3. 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін балалар көктемгі демалыста болады. Осы уақыт аралығында мектеп мұғалімдері қашықтықтан жұмыс істейді. Әріптестерімізге әдістемелік және сабаққа дайындық жұмыстарын үйде отырып орындауға болады. Ал мектеп директорлары педагогтердің қашықтықтан жұмыс істеуі және каникул кезінде атқарылатын жұмыс көлеміне сай айлықты толық төлеу туралы актілерді қабылдайды.

Каникул аяқталған соң, қажет болған жағдайда, оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл тұрғыда арнайы топ ақпараттық жүйені контентпен қамтамасыз ету, педагогтерді үйрету, сервистерді тестілеу және т.б. бағыттар бойынша жұмыс атқаруда. Ұйымдастыру жұмыстарын 5 сәуірге дейін аяқтауымыз қажет. Бізде бірнеше электронды платформа бар, қарқынды жұмыс жүргізілуде.

4. 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО студенттері қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуде. Оқыту процесі бекітілген оқу жүктемесіне, жоспарына, бағдарламасы мен кестеге сай жүргізіледі.

5. Оқу процесін ұйымдастыру үшін педагогтер мен студенттерге электрондық платформаларға кіруге жағдай жасалады. Оқыту құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн-курстар пайдаланылады. Бізде "Bilimland", "Google Classroom", "MOODLE", "Univer", "Platonus", "Canvas", "Daryn.online" сынды жақсы жүйелер бар. Сондай-ақ “Coursera” өз курстарын тегін ұсынды және "ZOOM" оқыту барысында сервисті тегін пайдалануға жағдай жасады.

Еске салайын, жоғары оқу орындары үшін қашықтықтан оқыту жүйесі жаңашылдық емес. ҚР БҒМ бұйрыққа қол қойған сәттен бастап, арнайы технологияларды пайдаланып жүрген кейбір ЖОО онлайн-форматта оқытуды бастап кетті.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту шамалы күрделі жақтары бар.
Дегенмен де колледждердің басым бөлігі тиісті жүйе бойынша жұмыс істеп көрген. Қалғандары қатарға қосылуда. Қазіргі уақытта арнайы жүйелерге контент жүктеу, ОӘК енгізу, СБР бойынша үлкен жұмыс атқарылуда.

Колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогтері де қашытықтан жұмыс істеуіне жағдай жасалауы керек. ЖОО мен колледж басшыларына осыған қатысты тиісті тапсырмалар бердім.

6. Жатақханаларға қатысты сауалдар жеткілікті. Билет немесе қаржы тапшылығы сында әртүрлі жағдайларға байланысты қаладан кете алмайтын студенттер жатақханаларда тұра береді. Бірақ олар тек өз бөлмелерінде болулары тиіс.

7. Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары онлайн-форматта өткізіледі. Кейбір курстардың өткізу мерзімі ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды.

8. Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы мен ауыл мектептеріне арналған "Мың бала" Ұлттық зияткерлік олимпиадасының IV кезеңін және басқа да конкурстарды өткізу мерзімдері кейінге шегерілді.

9. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс- шараларға қатысуына тыйым салынды. Сондай-ақ бұқаралық іс- шаралар өткізуге болмайды.

10. Білім беру ұйымдарына білім берудің барлық деңгейлері бойынша оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі ҚР БҒМ-нің әдістемелік ұсыныстары берілді. Қажет болған жағдайда олар жаңартылып отырады.

Пандемия кезеңінде кем дегенде 15 мемлекет мектептерді уақытша жабу туралы шешім қабылдаған. Тағы 14 елдің белгілі бір өңірлерінде орта білім беру ұйымдарының жұмысы тоқтатылды. Осылайша, мектептерді уақытша жабу мәселесі Азия, Еуропа, Таяу Шығыс және АҚШ сияқты мемлекеттерді айналып өтпеді.

Осыған байланысты балалар мен студенттерге білім беру және оқу процесінің үздіксіз жалғасуын қадағалау басты назарға алынып отыр.

Бұл біздің елдегі білім беру жүйесі үшін үлкен сын әрі маңызды міндет. Алға қойған тапсырмаларды біздің педагогтер, ата-аналар, оқушылар мен студенттеріміздің белсенді атсалысуы арқылы бірге орындаймыз деп сенемін.
Просмотров материала: 1 120

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 082 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 772 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 270 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 304 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 679 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 819 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 852 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 186 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 864 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 894 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 102 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 874 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 007 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 510 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 908 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 366 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 503 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031