1 июня 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мұрат Әбенов: Жергілікті әкімдер – идеолог емес

17 февраль 2020, 16:00
Мұрат Әбенов: Жергілікті әкімдер – идеолог емес
ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңес мүшесі, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов жергілікті билік жергілікті халықтың үніне жеткілікті деңгейде құлақ асып отырған жоқ деп санайды6 деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның айтуынша, көп жағдайда жергілікті депутаттар мен өңірлік әкімдердің жанындағы қоғамдық кеңес белсенді емес, тіршілікке араласпайды және қоғамда болып жатқан түйіткілді мәселені шешуге тырыспайды. Содан проблема одан сайын ушығып, "кешегідей" деңгейге жетіп отыр. Яғни, аймақтарды басқаратын әкімдер саяси өзгерістерге дайын емес, идеолог емес. Бұл туралы ол бүгін елордада өткен "Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі: талдамалық зерделеу" атты сараптамалық бағалау отырысын айтты.

Бүгінгі жиында талқыланған сұрақтар бізді ойландыруға бағыттайды. Шынымен де, теориясы бір де, елде болып жатқан практикасы мүлдем басқаша. Мысалы, ұлтаралық және этносаралық қарым-қатынастар туралы айтылды. Біз оны тек қана ресми айтатын болсақ, шын мәнінде елде болып жатқан жағдайлар шамалы басқаша. Мәселен, Жамбыл облысында болып жатқан кешегі оқиғалар. Бізде бұл механизмдердің көбісі әлі дұрыс іске аспай тұрғанын байқап тұрмыз, - дейді Мұрат Әбенов.

Оның айтуынша, Ұлттық кеңестің ерекшелігі – қоғамды тыңдай білу, қоғамда болып жатқан жағдайды дұрыс бақылап, бағамдап, халықтың үніне дер кезінде құлақ асып, соған сай шаралар қабылдау. Алайда, аталмыш механизм орталық деңгейде жұмыс істеп бастады. Дегенмен, өңірлік деңгейде билік пен халық арасында дұрыс байланыс жоқ.

Кеше ғана Жамбыл облысына барып қайттық. Біраз нәрсені байқадық. Жергілікті билік жергілікті халықтың үніне жеткілікті деңгейде толық құлақ асып отыр деп айта алмаймын. Оқиға орын алмас бұрын, алдын-ала әртүрлі сигналдар болған. Алайда, дер кезінде шара қабылдау мәселесіне келсек, кешікті. Көп жағдайда бұл механизмдердің жоқ екенін көрдік. Ұлттық қоғамдық кеңестің төңірегінде жан-жақты сын айтатын, пікірін айтатын азаматтар, осы Кеңеске мүшелікке кіріп, сырт көзге сын болып көрінгенмен де, оны билік қабылдап, қазір көп өзгерістер жасап жатыр. Дәл осы жүйені өңірлерге енгізбесек болмайды. Себебі, көп жағдайда жергілікті депутаттар мен әкімдердің жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері болсын белсенді емес, тіршілікке араласпайды және қоғамда болып жатқан түйіткілді мәселені шешуге тырыспайды. Сосын, әлбетте, проблема одан сайын ушығып, осындай деңгейге жетіп отыр, - деп атап айтты қоғам қайраткері.

Бұл орайда, Ұлттық кеңестің белсенді мүшесі жергілікті атқарушы органдардың функциясын орталыққа тартудың қажеті жоқ деп санайды. Керісінше, осы модельді төмен жаққа да беру керек.

Менің ойымша, жергілікті әкімдердің осы уақытқа дейін әзірше қоғамдық идеологиялық жұмысқа көп араласпауы – бұл проблема. Көбінесе әкімдер кәсіпкерлік тұрғыдан немесе шаруашылық басшысы тек қана экономикалық жағын ойлайды. Олар (әкімдер – ред.) саяси өзгерістерге дайын емес, идеолог емес. Халық арасында туындап жатқан шиеленістерді, яғни конфликтілерді алдын-алу мәселесі солқылдақ. Мұндай мәселе бар, - деді ол.

Мұрат Әбенов аудан, ауыл-аймақтарды басқаратын адамдар идеологиялық салаға жақын болу керек деп есептейді. Себебі, экономика онсызда өзімен-өзі жұмыс істейді.

Қазір экономиканың 80%-ы жекенің қолында. Керісінше, әкімдер неғұрлым көп араласса, соғұрлым зиян тиеді. Мәселен, заң қабылданды, шаралар бар. Әкімдер қоғамды үлкен өзгерістерге тарту, тек сыртынан бақылап отыратын топтар ретінде емес, етене араласып, пікірін білдіріп, сол өзгерістерге атсалысатын белсенді азамат ретінде таныту керек деп санаймын, - деп түйіндеді өз сөзін спикер.


***

Құрметті оқырмандар! Біз «Ауыл-Футбол» акциясы аясында Алматы облысы, Қарасай ауданы, Райымбек ауылында футбол алаңының құрылысына қаражат жинауды жалғастырамыз.

Қаражатты Kaspi-Gold 5169 4971 6091 3509 аударуға болады. Немесе + 7-707-621-6808 телефон нөмірін теру арқылы Серік Болатович М. атына жібере аласыз.

Қолдауыңыз үшін алдын ала рахмет!


Мұрат Әбенов: Жергілікті әкімдер – идеолог емес
Просмотров материала: 991

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 202 402 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 202 027 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 201 522 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 201 578 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 201 942 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 771 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 830 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 12 134 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 16 752 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 828 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 25 016 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 629 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 659 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 437 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 290 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 889 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 532 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 227 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 625 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 445 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 317 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 147 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 005 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 327 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 227 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 716 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 655 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 065 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 301 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 678 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 055 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 993 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 115 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 062 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 263 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 415 Просмотров





Опрос


«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930