13 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Мұрат Әбенов:- Kundelik.kz бұл бизнес

Мұрат Әбенов:- Kundelik.kz бұл бизнес Kundelik.kz бұл бизнес. Білім саласынан хабары бар Мұрат Әбенов осылай деп кесіп айтты. Қоғам белсендісі мектептегі жаңа жобаның тиімсіз тұстарын тізіп берді. Әсіресе, ата-аналар тарапынан жағымсыз пікір көп екен.

Ал министр Сағадиев әдеттегідей, электронды күнделікке шаң жуытпайды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Ерлан Сағадиев министр болып келгелі жыр болған Kundelik.kz сайты биылғы оқу жылында іске қосылған еді. Бір қызығы, бұл жобаны енгізбес бұрын оның баламалары ұсынылған жоқ. Тек осыны насихаттаумен болды министрлік.

“Әлі тиімділігіне көз жетпесе де соны ұсынады. Ата-ана да мен күнделікті пайдаланбаймын, басқаны пайдалануға мүмкіншілік жоқ. Ресейде осындай программа бар. Дневник ру деген. Ұстаздарға оны пайдаланғаны үшін қосымша айлық төлейді” – дейді қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.

IT саласының маманы, әрі оқушы тәрбиелеп отырған Рымбек Ізғалидің айтуынша, мұндай жобаны жасау аса қиын емес, қымбатқа да шықпайды. Отандық мамандардың қолынан келеді. Ал қазіргі электронды күнделік жобасының рейтингі де төмен дейді. Саяси астарын айта алмаса да, техникалық тұрғыда талдау жасап берді.

“Ең қарапайым нәрсе, сіздің бірнеше балаңыз болуы мүмкін. Кейде екі баласы екі мектепте оқитын жағдай болады. Сондай жағдайда әр балаға бөлек аккаунт ашуыңыз керек. Және екеуіне ақшаны бөлек төлеуіңіз керек. Ол ол ма, сайтқа бөлек төлейсіз, қосымшаға бөлек төлейсіз” – дейді ІТ маманы Рымбек Ізғали.

Міне, бүгін аты шулы Kundelik.kz сайтына журналист емес, ата-ана ретінде кіріп көруді жөн көрдік. Көп нәрселер міне бос тұр ішінде. Өздеріңіз көргендей, күнделік сайтына кіру, оның ішінен қандайда бір мәлімет алу өте күрделі, қиын. Және тағы бір айта кетер нәрсе, ата-аналарға Kundelik.kz қалай қолдану туралы да түсіндірме жұмыстары жүргізілген жоқ.

Онсызда қоғамда беделден жұрдай болған мұғалімдерге қосымша тегін жүктеме тауып берген білім министрлігінің басшылығы күнделік кз-ті қызғыштай қорғап әлек. Ата-анаға күн сайын электронды күнделікке кіру міндетті емес, дейді Сағадиев мырза.

“Күн сайын күнделікке кіру керек емес. Ата-аналар өздері шешеді. Балалардың бағаларын көру, үй жұмысын, сосын мұғалімдермен ақылдасу деген жағдайда сонда ғана күнделікке кіруге болады” – дейді ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.

Білім саласынан хабары бар, бір кездері вице-министр, депутат болған Мұрат Әбенов Kundelik.kz жобасына қатысты бір шындықтың шетін айтып қалды.

“Қанда пайда бар сонда? Түбін қарасақ, бұл бизнес жүйе. Неғұрлым сол жүйеге адам кірсе, соншалықты жарнама берушілер көбірек пайда табады. Егер ол бизнес болса, бизнес болып жұмыс істесін. Оның несін бір бірімізден жасырамыз” – дейді сарапшы, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов.

Қай салаға да заман көшіне ілесетін жаңалық керек. Бірақ білім саласы реформаға кенде емес еді. Енді міне, тағы біреуі қосылды. Тағы да жүйесіздік басталды. Қала мектептері улап, шулап электронды күнделікті меңгеріп жатыр. Ал интернетке зәру ауыл-аймақтағы ахуал айтпаса да түсінікті.

Дереккөз: Stan.kz
Просмотров материала: 9 908

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 067 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 757 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 255 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 289 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 663 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 819 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 852 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 184 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 864 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 894 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 102 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 874 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 007 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 638 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 516 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 534 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 756 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 510 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 908 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 700 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 517 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 360 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 203 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 572 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 446 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 938 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 366 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 265 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 502 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 899 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 241 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 189 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 336 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 263 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 507 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 642 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031