21 февраля 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақта қызға құда түсуге келген жаушыны ауыл қалай таныған?

29 ноябрь 2019, 9:51
Қазақта қызға құда түсуге келген жаушыны ауыл қалай таныған?
Қыз бен жігіт отау құрарда екі жақ түрлі дәстүр өткізген. Қыз айттыруға келген жаушының, сырға салынған қыздың өзіндік белгілері болған. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне екі жақтың құда болуына қатысты дәстүрлер мен ырымдар жайлы айтып берді.

Жаушының өз белгісі болған

Маманның сөзінше, қыз бен жігіт табысқаннан кейін екі жақ та жеңгесі арқылы әке-шешесіне жеткізеді екен.

"Кейін бірінші жігіт жақ жаушы жібереді. Жаушы бір балағын сыртқа шығарып, бір балағын етігінің қонышының ішіне салып, қыз жаққа барады. Жаушы шешен, беделді, білімді, дәстүрді білетін адам болуы керек. Жаушы есіктен кіре берісімен, бәрі балағына қарап-ақ қыздың ата-анасы, туыстары оның құдалық туралы сөйлесуге келгенін бірден аңғарған. Содан жаушы "Сіздерде қыз бар, бізде ұл бар, екі жасты үйлендіруге жаушылыққа келгенмін" деп айтады. Қыз жақ жаушыны күтіп, ақсарбас малын сойып, құдалық күнін бекітеді", - дейді ол.

Жаушы жібергеннен кейін жігіттің жағы құда түсуге барады. Қызға сырға салынғанда да, оның ұзатылатынын білдіретін арнайы бас киім беріледі екен.

"Кейін жігіттің жағы құдалық сөйлесуге барады. Сол кезде жігіттің жағы китпен, кәдежолымен келеді. Құдалық тәтті болсын деп түрлі тәттілер, бауырсақ, құрт-ірімшік апарады. Кейін қызға сырға тағуға барғанда аяқ киім, көйлек, жүзік, білезік, алқа алып барады. Қыздың басына бергек дейтін бас киім кигізіп кетеді. Ол сәукеледен кішілеу болады. Сол бас киімді киіп жүргенде, көрші-қолаң оған құда түсіп қойған екен деп бірден таниды. Кейін қыз ұзатылып, сәукеле киетін кезде, сол бергекті сіңлісіне сыйлап кетеді", - дейді этнограф.

Келінді оң аяғымен кіргізеді

Айтуынша, кейін жігіт жақ құда-құдағиын от жаққан жерді көрсетеміз деп өз аулына шақырады.

"Сонда ақсарбас мал сойып, көрші-қолаңдарын, туыстарын шақырып, шағын той өткізеді. "Құда болғанша құл тегіңді сұрас, Құда болғаннан кейін құл да болса, сырлас" деген сөз бар. "Құда құрдасындай, құдағи сырласыңдай" болсын деген тілек айтылады. Құдалар келген кезде құйрық бауыр асады. Сол жолы құдалықтың барлық жұмысын бекіту үшін үлкен кеңес өтеді", - дейді Бопайұлы.

Құдалық біткен соң екі жақ ұзату мен үйлену тойына дайыналады.

"Кейін жігіт жақ қыз алуға барады. Сол кезде қыз жақта той болады. Сыңсу, жар-жар, табалдырық жыры айтылады. Содан кейін қызды ұзатып алып келеді де, жігіт жақта беташар өтеді. Сөйтіп, дүркіретіп той жасайды. Келінді қара шаңыраққа не арнайы жасалған ақ отауға кіргізеді. Оң аяғымен кіргізіп, отқа май тамғызады. Осы күннен бастап ол келін атанады", - дейді ол.

Құдалар ауыр талап қоймаған Сондай-ақ этнограф тойға дайындыққа дейінгі бірқатар дәстүр туралы айтып өтті.

"Ортасында ұрын бару деген дәстүр өтеді. Ұрын барған кезде өлі-тірі жүргізеді, ірі қарадан мал береді. Одан бөлек, ақшалай, алтын-күмістен жасалған заттай, көйлек, шапан сыйлайды. Одан қалды, атаның күш ақысы, ананың сүт ақысы бар. Оған да лайық сыйлығын береді", - дейді маман.

Болат Бопайұлы қазақтың "құдасын құдайындай сыйлайтынын" айтты.

"Қазақта "Құда мың жылдық, күйеу жүз жылдық" деген сөз бар. Ол береке-бірліктің, ынтымақтың сақталуы. Құдалықтың мың жылдық болатыны мәңгілік байланған татулықтың белгісі. "Құда ренжісе, құдайы ренжиді" деген сөз бар. Бірақ құдалар бір-біріне ауыр талап қоймаған, себебі екі жастың бақытты болуын ойлаған", - дейді маман.
Просмотров материала: 1 906

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 187 734 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 187 269 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 186 832 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 186 882 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 187 212 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 938 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 055 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 316 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 610 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 741 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 254 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 257 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 512 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 332 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 165 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 489 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 412 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 100 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 507 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 246 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 209 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 046 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 883 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 167 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 103 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 603 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 268 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 925 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 193 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 555 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 950 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 893 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 962 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 926 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 142 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 285 Просмотров





Опрос


«    Февраль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728