23 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Н.Назарбаевтың суреті басылған 10 мың теңгелік ақша қайда кетті?

15 ноябрь 2019, 16:38
Н.Назарбаевтың суреті басылған 10 мың теңгелік ақша қайда кетті?
Сол кезде ұлттық банк купюраны ресми төлем белгісі ретінде жариялады. Sputnik Қазақстан тілшісі 10 000 теңгенің соңғы үлгісін ұстап жүрген адамдармен сөйлесіп, не үшін сақтап жүргенін білді. Сондай-ақ, кәсіби мамандардан портреттік серияны жалғастыруға не кедергі болып отырғанын сұрады.

Президенттік купюра

2016 жылы шыққан соңғы портреттік серия Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған болатын. Содан болар, оған тек Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті ғана басылды. Тұңғыш президенттің үлкен бір портреті ақшаның негізгі суреті болса, екіншісі қорғаныш элементі ретінде шеткі ақ жолаққа енгізілді.

Сол кезде ұлттық банк жаңа қағаз ақшаны қолдан жасау мүмкін емес екенін де мәлімдеген. Себебі мамандар "президенттік купюраны" шығарғанда қорғаныштың үздік 10 элементін пайдаланды. 18 миллиметрлік биметалды жіп және тағысын тағы. Ал Назарбаевтың портреті интаглио, яғни, сурет салудың рельефтік әдісімен басылды.

Жаңа ақша 100 мың данамен шықса да, бас кезінде айналымда болды. Бірақ артынан көрінбей кетті. Келесі жылы оны танымал хабарландыру сайттарында сата бастады. Сол кезде 10 000 теңгенің соңғы үлгісі үшін 15 000 теңге, тіпті 55 000 теңге сұрағандар да болған. Ал Алматының бір тұрғыны 8 купюраны 160 000 теңгеге сатты.

Мерейтойлық ақшаны қаншаға сатуға болады?

Астаналық Аида Қалқаманқызы да "Назарбаевтың купюрасын" сақтап қойған. Бірақ әзірше сатуды жоспарлап отырған жоқ.

"Мен өзім кассир болып жұмыс істеймін. Екі жарым жыл бұрын бір клиент Назарбаевтың суреті бар 10 000 теңгелікті алып келген. Сол кезде алып қалдым. Қазір үйде жатыр. Негізі, оны бір нәрсені сатып алу үшін пайдалануға болады. Бірақ ол купюра соңғы кезде көрінбей кетті. Бәрі сақтап жүрген шығар. Мен де сақтаймын, артынан сатып жіберетін шығармын", - дейді Қалқаманқызы.

Интернетте "президенттік купюраны" сату туралы жарнамалар әлі де көп. Бірақ үш жылдың ішінде оның бағасы 70 000 теңгеге дейін өскен. Ал 1993 жылғы Әл-Фараби, Сүйінбай, Абай мен Шоқандардың сериясын 2000-5000 теңгеге сатып алуға болады. Нумизмат Нұрсейіт Құрмановтың айтуынша, қағаз ақшаның құны көп өспейді. Номиналдан сәл жоғары болады.

"Менде ол купюраның бір данасы бар. Номиналдың бағасы өз құнымен есептеледі ғой. Уақыт өте келе, коллекциялық бағасы өседі. Қазір аукциондарда оның бағасы аса кымбат емес, 12 000-14 000 теңгенің айналасында. Ал шетелдік аукциондарда 20 000-30 000 теңгеге баратын шығар. Енді, бүгінде ол ақша ресми төлем белгісі болып саналса да, 100 000 дананың бәрін коллекция жинаушылар мен қарапайым адамдар сақтап отыр ғой", - деді Құрманов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Портреттік серияны жалғастыруға бола ма?

Ұлттық валютамыздың алғашқы портреттік сериясын жасаған дизайнерлердің бірі – Меңдібай Алин ақшаға адамның бейнесін басу оңай шаруа емес деп отыр. Осы орайда ол алғашқы тәжірибесін еске алды.

"Ол кезде оңай болған жоқ. Үкіметтің құрамы да басқаша болды ғой. Содан валютаға Семенов-Тянь-Шанский, Потанин сынды тұлғаларды да бассын деген талаптар қойылды. Бірақ біз Сүйінбай, Құрманғазы, Әбілқайыр, Абылай хан, Абай мен Шоқан Уәлихановтардың сериясын қорғап шықтық. Енді, ол жұмыстың драмасы көп болды. Негізі, Атилладан бастап Күләш Байсейітоваға дейінгі серия жасалған", - дейді Алин.

Оның сөзіне қарағанда, портреттік серияны жалғастыру үшін техникалық жұмыстардан бұрын саяси шешім керек. Одан кейін барлық ұсынысты қоғам талқысына салу қажет.

"Негізі, қазір технология жағынан қиындық жоқ қой. Сондықтан портреттік серияны жалғастырамыз десе, алдымен саяси шешім керек. Жаңа серияны бастай ма, бұрынғысын қалпына келтіре ме, бәрібір үлгілерді жаңадан жасау қажет. Сосын оның бәрін қоғам талқысынан өткізу керек. Ол да оңай шаруа емес", - дейді дизайнер.
Просмотров материала: 2 536

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 102 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 191 663 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 191 206 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 191 254 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 191 597 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 174 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 284 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 565 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 941 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 055 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 478 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 366 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 551 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 366 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 198 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 596 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 441 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 131 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 537 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 298 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 241 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 076 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 917 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 206 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 138 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 637 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 377 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 966 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 226 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 592 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 979 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 924 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 006 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 962 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 178 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 328 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031