23 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



200 теңгенің тиынға айналуы нені білдіреді – экономистер түсіндірді

23 октябрь 2019, 10:42
200 теңгенің тиынға айналуы нені білдіреді – экономистер түсіндірді
2020 жылдан бастап 200 теңгелік қағаз ақша темір монетаға айналады. Ұлттық банк мұны қағаз ақшаның тез тозуымен түсіндіріп отыр. Десе де, көптің көкейінде "бұл теңгеміздің құнсыздануын білдірмей ме?" деген сауал жүргені анық. Sputnik Қазақстан тілшісі осыған жауап іздеп, бұл шешімнің түпкі себебін экономистерден сұрап көрді.

Уақыт талабы

Белгілі экономист Мақсат Халық қағаз ақшаның монетаға ауысуын инфляцияның салдарымен байланыстырып отыр. Айтуынша, бұл теңгенің құнсыздануынан орын алып отырған процесс.

"Бұл әлемде қағаз ақшасы бар елдердің көпшілігіне тән құбылыс. Ең алғаш теңге шыққан кезде, қазіргі тиындардың өзі қағаз ақша болатын. Кейінірек теңгелеріміз тиынға айнала бастады. Біраз уақыт бұл тенденция сақталды. 20 мың теңгелік банкнот пайда болған кезде-ақ, халық арасында енді 200, 500 теңге де тиынға айналады деген пікір тараған еді. Яғни елде саналы түрде дайындық болды. Десе де, ұлттық банк бұл үрдісті кешеуілдетті. Кім білсін, теңге еркін айналымға өтіп, девальвация орын алып жатқан кезде, 200 теңгені тиынға айналдырып жібергенде, халыққа саналы түрде ауыр тиер ме еді. Сондықтан бұл процесті кейінге қалдырған болар", - деп ойлайды экономист.

Сарапшының пікірінше, соңғы кездері ұсақ ақшаның тапшылығы да 200 теңгелік монетаның айналымға енуіне түрткі болған.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық мамандар ақша жинаудың қарапайым үш тәсілін айтып берді

"Қағаз ақша айналымнан тез шығып қалады. Жыртылады, тозады. Ал монетаның бір жақсы жері ұзақ уақыт қызмет ететінінде. Осы тұрғыдан алып қарағанда, 200 теңгені тиынға алмастыру тиімді", - деді Мақсат Халық.

500 теңге де 200 теңгенің күйін кешуі мүмкін

Экономист болашақта 500 теңгенің де монетаға ауысуы ықтимал екенін айтты.

"Оны жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, бұл "500 теңгеміз де тиын-тебенге айналды" деп байбалам салатындай қорқынышты процесс емес. Ол, ең бастысы, теңгенің ұзақ мерзімді процесте стратегиялық тұрғыдан құнды болуына жәрдемдесу деп айтқым келеді. Сол маңызды. Елдегі ішкі өндіріс, экономиканың нақты секторы дамыса, теңгеміздің құны бойында сақталады. Сондықтан мемлекет тарапынан экономиканың нақты секторына баса назар аударылуы керек", - деп санайды ол.

Мақсат Халық қағаз ақшаның тиынға айналу процесі қандай жағдайда жылдамдайтынын түсіндірді.

"Ұлттық банк инфляциялық таргеттеу саясатын жүргізетінін жақсы білесіздер. Негізгі мақсат – қолымыздағы ақшаның тез құнсызданып кетуіне жол бермеу. 2020 жылы инфляция 4% деңгейінде болады деп болжануда. Одан кейінгі жылдары да сол деңгейді сақтап қаламыз деген стратегиялық мақсат қойылып отыр. Осы міндеттер орындалса, онда қағаз ақшаның тиынға айналуын әлі ұзақ күтеміз. Ал егер елде қаржылық тұрақсыздық болып, әртүрлі фактордың әсерінен стратегия дұрыс жүзеге аспаса, қағаз ақшаның темір монетаға ауысатын күні алыс емес", - дейді маман.

Ақша үнемдеудің бір жолы

Экономист Мақсат Серәлінің пікірінше, 200 теңгелік монетаның айналымға енуі ұлттық валютаның құнсызданғанын білдіреді.

"Қазір тауар мен қызмет, тұрғын үй нарығы болсын, кез келген жерде бағаның өскені байқалады. Бұл жасырын емес. Бағаның көтерілуі – теңгенің әлсірегенінің көрінісі", - дейді сарапшы.

Айтуынша, қағаз ақшаны "темірге" ауыстыру ұлттық банкке экономикалық тұрғыдан тиімді.

"200 теңге халық арасында ең көп тараған ақша. Тиісінше ол тез тозып, жылдам ескіреді. Сол себепті оны тиынға айналдырған әлдеқайда тиімді. Темір болғандықтан, тозбайды. Қағаз ақшаға қарағанда да айналымда да ұзақ жүреді. Бұл бір. Екіншіден, қазір қағаз ақшаны басып шығарудың өзі шығын. Ұлттық банк осы мәселелерді саралап, 200 теңгені тиімді шығару туралы шешім қабылдады деп ойлаймын. Өз басым мұны дұрыс деп санаймын. Меніңше, қағаз ақшаны монетаға айналдыру қаржы үнемдеудің де жақсы бір құралы", - дейді экономист.

Ал 500 теңгенің монетаға айналуы, оның пікірінше, уақыт еншісіндегі мәселе.

"Халық әлі күнге дейін сағынады"

Мақсат Серәлінің 200 теңгелік монетаның дизайнына қатысты ұлттық банкке айтары бар екен. Оның пікірінше, орталық банк қазақстандықтармен санасуы керек.

"Ақшаны қолданатын халық қой. Сондықтан темір ақшаның дизайны қандай болуы керек екенін де ел-жұрт шешуі керек. Ұлттық банк халыққа кем дегенде 4-5 нұсқа ұсынса, халық ұнағанын таңдап алар еді. Бұл жерде ұлттық банк ұтпаса, ұтылмайтыны анық", - дейді экономист.

Сарапшы ең алғашқы теңгеде бейнеленген тарихи тұлғаларды қайтару қажет деп санайды.

"Кезінде әл-Фараби, Шоқан, Абай бейнеленген ақшаны халық әлі күнге дейін сағынады. Ол тек төлем құралы емес, тарихи құрал еді. Неге осыны жандандырмасқа?! Ол тек цифр емес, рухани жаңғыру деуге болады. Егер халықтың ой-пікірін сұраса, 80-90 проценті сол баяғы өзіміздің ұлы ойшылдарымыз, хандарымыз бейнеленген нұсқаны таңдайды деп ойлаймын", - дейді ол.

Мақсат Серәлінің өзі 200 теңгелік тиыннан Абылай ханның бейнесін көргісі келеді екен.
Просмотров материала: 1 523

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 382 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 215 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 855 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 879 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 188 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 481 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 656 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 724 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 914 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 057 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 437 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 323 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 650 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 354 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 456 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 320 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 114 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 291 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 823 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 169 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 365 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 175 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930