22 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Тіл білген жақсы ғой, бірақ орыс тілін білудің біз үшін «зиян жағы» да байқалып қалады - С.Сыбанбай

Тіл білген жақсы ғой, бірақ орыс тілін білудің біз үшін «зиян жағы» да байқалып қалады - С.Сыбанбай
"Сөздің жауапкершілігін сезіну азайды ма деймін, әсіресе қалам ұстаған қауымның өз арасында. Сауат деңгейі де құлдырап кетті.

Тіл білген жақсы ғой, бірақ орыс тілін білудің біз үшін «зиян жағы» да байқалып қалады: орысша ойлап барып, қазақша сөйлем құрау, қалың калька қаптап жүреді. «Баратын болсақ…», «қарастыратын болсақ…», «айтатын болсақ…» дей береміз, осындағы «болсақ»-тың тіпті де артық екенін, орыстың «будемінің» ізі екенін аңғармаймыз. «Барсақ», «қарастырсақ», «айтсақ» десек те келер шақ екені білініп тұр ғой. «Оқыс оқиға орын алды» деп ­жазатындар көп. Солардан «оқыс оқиға нешінші орын алды?» деп сұрағым келеді. «Оқыс оқиға болды» десек жетпей ме? Бұл да – «иметь место»-ның калькасы.

Әлдебір мәтіннен үзінді келтіреміз де, соның ішінен бірер сөйлемді қара немесе көлбеу қаріппен беріп, жақша ішіне «астын сызған – біз» дейміз (бірақ ештеңенің де асты сызылмаған). «Подчеркнуто нами» деген сөздің көшірмесі бұл. «Подчеркнуть» сөзі тек «астын сызуды» ғана білдірмейді, сонымен қатар «ерекшелеу» деген де мағынасы бар. Яғни «астын сызған – біз» емес, «ерекшелеген – біз». «Астын сызып айтатын мәселе…» деудің орнына «аса маңыз беретін» немесе «ерекше ден қоятын мәселе» десек, мейлінше жатық болмақ.

Сөйлем ортасында да «сіз» деген сөзді бас әріппен жазамыз. Неге? Өйткені орыс тілінде солай. Орыста солай болатын себебі – оларда «вы» сөзі екі мағына береді: 1) сіз; 2) сендер. Осы екеуін ажырату үшін олар «сіз» мағынасындағы «вы»-ды бас әріппен жазады («сіз» деген сөз сыпайылықты білдіреді деген де уәжі бар, бірақ басты себебі ол емес). «Түбек» деген сөзді ұмытып, «Корей жарты аралы», «Апеннин жарты аралы» деп жоқ жерден сөз ойлап таба бастадық («полуостров» қой баяғы). «Болон процесі», «Севиль шаштаразы» деген қателерге әбден көз үйреніп бітті, тіпті елең етпейміз де. Түбірге қарамаймыз, орысшадағы «Болонский», «Севильский» дегендердің «скийін» алып тастаймыз да, жаза береміз. Егер ізденсек, «Болонскийдің» түбірі – Италиядағы ­Болонья қаласы, ал «Севильскийдің» түбірі – Испаниядағы Севилья қаласы екенін ұғар едік те, «Болонья процесі», «Севилья шаштаразы» деп сауатты жазар едік.

«Олар ауыздарына келгендерін айтты» деп сөз саптайтын халге жеттік. Бір сөйлемге бір көптік жалғау жететінін білмейміз. «Олар» дегеннен кейін-ақ көп адам екені көрініп тұр, қалғанын «аузына келгенін айтты» десек болады ғой. «Бару керекпіз», «айту керекпіз» деп ауызекі сөйлеу былай тұрсын, тіпті жаза бастадық. Дұрысы – «баруымыз керек», «айтуымыз керек» екенін біле тұра, түземей өте береміз. Керісінше, «баруға тиіс», «айтуға тиіс» деудің орнына «баруы тиіс», «айтуы тиіс» дейтін болдық. Бұл да – мән берілмей жүрген қате…

«Қазақ кинолары» деп жазатындар бар. Кино – өнердің ауқымды бір саласы, үлкен индустрия, дара ұғым, оған көптік жалғау жалғанбайды. «Қазақ мәдениеті», «қазақ әдебиеті», «қазақ даласы» деген сияқты. Сіз «қазақ мәдениеттері», «қазақ әдебиеттері», «қазақ далалары» деп айтып-жазбайсыз ғой. Әдебиеттің өнімі – әдеби шығарма (роман, дастан, т.б.) болса, киноның өнімі – фильм. «Қазақ кинолары» деп жазған журналистің айтқысы келгені осы – «қазақ фильмдері». Ал «қазақ киносы» десеңіз – әңгіме нақты бір туынды, яғни фильм емес, тұтас кино өнері хақында деген сөз.

Бірде (2002 жылы ғой деймін) «Барып қайт, балам, ауылға», «Сағыныш» секілді белгілі әндердің авторы, композитор Темірәлі Бақтыгереевпен әңгіме барысында «Соңғы жазған әніңіз қайсы?» деп сұрап қала жаздап барып, соның әбес екенін сездім бе, әйтеуір «Ең кейінгі жазған әніңіз қайсы?» деп сұрадым. Сонда Темкең балдағына сүйене орнынан көтеріліп: «Бері жақындашы-ей, қолыңды алайын! – деді. – Елдің бәрі «соңғы әніңіз қайсы?» деп сұрайды, мен енді қайтып ән жазбайтындай… «Ең кейінгі әніңіз қайсы?» деп сұраған бірінші журналист сенсің, айналайын!».

Ойланып қарасақ, орыс тіліндегі «последний» сөзі «соңғы (ақырғы)» деген мағынаны да, «кейінгі» деген мағынаны да береді екен. Яғни «последний путь» (соңғы, қайтпас сапар), «последнее мгновение» (ақырғы немесе ақтық сәт) деген жерде де, «в последнее время» (кейінгі уақытта), «последняя книга, которую вы прочитали» (сіз оқыған ең кейінгі кітап) деген мәнде де қолданылады.

Орыс тілі­нің ыңғайымен кеткеніміз сондай, біз де осы айырмашылықты аңғарудан қалып барамыз. «Ең соңғы көрген фильміңіз қандай?» немесе «Соңғы оқыған кітабыңызды айтыңызшы» ­деген сауал­нама әлеуметтік желілерде өріп жүреді. «Мен бұдан кейін ешқандай фильм көрмейтіндей…» ­немесе «бұдан соң ешқашан кітап оқымайтындай…» деп марқұм Темірәлі аға сияқты ренжісек те, ештеңе өзгермейтін секілді.

Ал шетелдік жер-су атаулары, халық­ара­лық, салалық терминдер әркімнің құлағының қалай естуіне қарай жазыла салатын болып барады. Құрығанда «гуглға» салып тексеруге де ерінеміз-ау сонда, ә… «Гугл» жоқ заманда да жұрт қатесіз жазып, газет шығарып, кітап басып келді ғой. Рас, ол кезде ғаламтор болмағанымен, адамдарда сауат бар еді. Ал қазір ғаламтор бар, ал сауат… білмеймін..."

Сәкен Сыбанбай, журналист
Автор: Сәкен Сыбанбай -
Просмотров материала: 3 489

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 267 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 099 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 122 740 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 122 764 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 072 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 475 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 652 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 719 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 907 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 053 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 432 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 321 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 649 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 546 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 353 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 455 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 653 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 319 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 667 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 432 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 428 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 268 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 113 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 360 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 290 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 822 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 167 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 147 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 364 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 692 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 116 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 130 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 174 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 097 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 330 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 482 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930