28 декабря 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақ ауа райын қалай болжаған?

07 октябрь 2019, 13:02
Қазақ ауа райын қалай болжаған?
Халқымыз табиғат тылсымын ерте заманнан-ақ түсініп, оны өзінің тұрмыс-тіршілігіне арқау етіп, қолдана білген. Солардың бірі – халықтың ауа райын болжау тәсілдері. Қысы-жазы далалық өмірде тіршілік еткен халқымыз өздері тұрған өлкенің табиғи ерекшелігі мен құпиясын терең білгендігі сондай, айсыз түнде жұлдызға қарап жол тауып, көз аштырмас боранда жердің шөбіне қарап ел тауып, құс, жан-жануар, құрт құмырсқа тіршілігіне зер салып, ауа райын күні бұрын болжап, ерте қам жасап отырған.

Жылдың әр айлары мен тоқсанында болатын ауа райындағы және табиғат өзгерістері мен құбылыстарын дала халқы әркез назарына ұстап, оған ат қойып, айдар тағып, баға беріп отырған. Мұндай жайларды үнемі қадағалап, болжап, оны күні бұрын хабарлап тұратын жұлдызшылар болған. Ондай адамдар қазір де бар. Солардың бірі – танымал жұлдызшы Назарбек Қожамсейітов.

Жылдың он екі айындағы табиғат құбылысына байланысты халықтың қағидаларға қалыптасқан болжамдар және оның атаулары мен реттері әдеттегідей наурыз айынан басталады.

Өлара – екі айдың арасы. Осы арқылы алдағы айға болжам жасалады. «Өларада жауын-шашын болса, жаңа (келесі) ай жауын-шашынды болады», - дейді халық. Бұл болжам әрқашан қатесіз келіп отырған.

Амал. Жыл он екі айда айналып соғып тұратын ыстық пен суықты, қар мен жаңбырды, жел мен боранды халық бір сөзбен амал деп атаған. Яғни жылдың әр мезгілдеріндегі табиғат құбылыстарының өткінші әрі тосын, аз уақытта болып өтетін өзгерісі мен көрінісін және оның бірнеше түрлерін айтқан. Ұлттық сандық ұғымда жеті амал бар. Олар:

1. Күннің тоқырауы.

2. Қарашаның қайтуы.

3. Үркердің батуы.

4. Мұздың қатуы.

5. Киіктің матауы.

6. Қыс тоқсан.

7. Ай тоғамы.

Құс қанаты. Наурыз айының соңғы күндерінде жыл құстары да ұшып келе бастайды. Құстардың келуімен қар аралас жаңбыр, уық жел тұрады. Мұны ел құс қанаты деп атап, амалға жатқызған.

Аласапыран. Көктемде, наурыз айында, кейде сәуір (көкек) айында қар күрт еріп, жер лайсаң болып, шаруашылыққа қиын күндер туады. Осындай жайсыз, қолайсыз мерзімді аласапыран дейді.

Бесқонақ. Жыл аяғында, яғни наурыз айының 17-21 күндері аралығында, болатын жауынды-шашынды күндер. Бұл – әр жылы соғып өтетін суық әрі лайсаң мезгіл. Жұрт бесқонақтан қатты сақтанып, күтініп отырған.

Қызыр қамшысы. Сәуір айының орта кезінен аса бере алғаш найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, жер бусанады, оңтүстікте жаздың жайлы күндері басталады. Осы сәттердегі найзағайдың жарқылын халық: «Қызырдың қамшысы шартылдады, қыс кетті», – деп есептейді.

Тобылғы жарған. Сәуірдің соңғы күндерінде екі-үш күнге созылатын суық жел соғады. Бұл – тобылғы бүршік жарды, яғни өсімдіктер тамыр жайды, алғашқы көк шыға бастады деген сөз.

Қызыл жұмыртқа. Мамыр айының алғашқы онкүндігінде дала (су) құстары балапанын шығара бастайды. Халық тілінде қызыл жұмыртқа деп аталатын, осы кездерде 1-2 күнге созылатын суық болады.

Құралайдың салқыны. Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құрайлаларын (баласын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киік қанша көп болса да, олар 2-3 күн ішінде түгелдей төлдеп болады. Киіктің тағы бір айта кетерлік ерекше қасиеті оның – енелігі кез келген құралайды емізіп, бауырына ала береді. Киік құралайының далада жетім, жалғыз қалмауы осыдан.

Үркердің батуы. Маусым айының басында үркердің мүлде көрінбей кетуі. Кейде мұны үркердің жерге түсуі дейді. Осыдан кейін 40 күн шілде басталады. «Үркер жерге түспей, жер қызбайды», – дейді халық жұлдызшалары мен есепшілері.

Қырық күн шілде. Маусым, шілде айында 40 күнге созылатын ыстық. Осы аптапты күндерге орай халық арасында қырық күн шілде деп аталатын халықтық календарлық атау пайда болған.

Үркердің толғағы. Мал-жанға жайлы кезең, шілде айының орта кезінде басталады. Бұл кезде үркер туады, жер құрғап, шөп буыны қатып, сарғая бастайды.

Таразының тууы. Тамыз айының ортасында ауа райы салқын тартып, қою бұлт пайда болып, алғашқы күз нышаны біліне бастайды. «Таразы туса – таң суыр» деген мәтел осындайдан шыққан.

Мизам шуақ. Қыркүйек айының екінші онкүндігінде салқын басталады, жаңбыр жауады, түнде шөп басына шық түседі. Осы кездерде күндіз шуақты күндер де болады. Далада ұзыннан-ұзақ мизамдар шұбатылады. Мұндай жылы мезгілдерді мизам шуақ деп атайды.

Сүмбіленің тууы. «Сүмбіле туса – су суыр», – дейді халық қағидасы, яғни қыркүйектің соңғы онкүндігінде күз келеді, суықты күндер, жауын басталады.

Дереккөз: bilim-all.kz
Просмотров материала: 3 141

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 128 099 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 127 914 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 127 573 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 127 590 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 127 898 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 707 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 879 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 955 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 11 201 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 349 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 712 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 416 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 688 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 577 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 390 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 513 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 689 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 361 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 701 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 465 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 461 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 299 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 148 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 391 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 327 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 852 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 215 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 179 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 400 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 743 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 155 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 163 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 202 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 140 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 364 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 514 Просмотров





Опрос


«    Декабрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031