26 марта 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қой-ешкіге қатысты тыйымдар мен ырымдар

30 сентябрь 2019, 10:56
Қой-ешкіге қатысты тыйымдар мен ырымдар
Қазақ сенімінде төрт түлік те аса киелі жануарлар санатында. Кез-келген малды сол түліктің қарасы ауылдан ұзаған соң ғана бауыздаған.

Қойды киелі санаған халқымыздың қиялында оның шығу тегін көк аспан мен оттан жаратып, қойға қатысты табынулар қазақтардың әдет-ғұрыптарында кеңінен таралған десе де болады.

Дереккөз: bilim-all.kz

Қазақтарда қой-ешкіге қатысты дәстүрлі ырымдар мен тыйымдар көп кездеседі. Олар:

— Өрісте жайылып жүрген малдың, не қоралы қойдың ортасынан қақ жарып өтпейді. Себебі, қоралы қойдың ішінде Қызыр пайғамбар жүреді. Малдың оттай ыстық көрінуі содан деп ырымдайды. «Малды ауылда құт бар», «Мал бар жерде жан бар», «Қойдың сүті қорғасын, қойды қырған оңбасын» деген мақалдар тегін айтылмаған. Қоралы қойдың ортасын жарып етсе, Қызыр шамданады, мал екіге бөлініп, шығынға ұшырайды. Қазақтардың сенімінше таңертең Қызыр отардың алдында жүрсе, кешке соңында жүреді екен де жолаушы отармен кездескенде таңертең отардын алдын ораса, кешке соңында жүреді екен.

— Қой түнде ыңыранып жатса, төл өседі, ал маңыраса үрку, жаманшылық нышаны деп сенеді.

— Егер қой күзде төсін жиі қақса, қыста қар қалың түседі.

— Күздің аяғында не қыстың бас кезінде өрістен қайтқан қойлар аузына бір-бірден шөп тістеп келсе, қыста жұт болады.

— Күзде қозылар енелерінен қалғыштап, отардан жиі бөліне берсе, қыс қатты болып жұтқа ұласуы мүмкін.

— Егер қозылар қоралы қойдың алдына шығып жайылса, қыс аса жайлы болмақ.

— Күзде қой отары тау беткейіне, үнемі өрге қарай жайылса, жұт болуы мүмкін.

— Күзде, қыста өріске шығар алдында қойлар секіріп, ойнақтап, сүзісіп, бірін-бірі қуаласа, кешікпей күн қатты суытады.

— Таңертең қорадағы қойлар жел тұратын жаққа қарсы қарап күйсеп жатса, ауа райының жылылығы мен жайлылығы бірнеше күнге созылады.

— Егер қой тісін қайраса, кешікпей боран тұрады.

— Қыста қойлар өріске шыққысы келмей, күндегісінен кешігіп, самарқауланып, зауықсыз өрсе, сол күні ауа райы қатты бұзылады.

— Қой қыстыгүні қораға иіниіресмей, емін-еркін кірсе, ауа райы жайлы болады.

— Қой өрісте тоқтамай, тұрақсыздана жүгірсе, қорадағы көңді тұяғымемен қазып тебіндесе, кешікпей боран болады.

— Қозы-лақ секеңдеп ойнақтаса, жауын болады.

— Сойған қойдың қарнының түгі қалың болса, қыста қар қалың түседі.

— Түнде қандай жақын адамы болса да, қорадан мал ұстап бермейді. Өйткені, қой жусап жатқан қорада бақ қонып жатса, құт пен береке сонымен кетеді.

— Қойды сойып, басын үйіткенде алдымен бауыздау жағынан бастап үйітеді. Бұл пышақтың жүзіндегі қылау өртенсін дегені. Қазақта пышақтың жүзі жоғары қарап қойылса, мал басы кетеді деп ырымдап, жүзін төмен қаратады.

— Қойдың мүйізін, жүнін өртесе, қорадағы қойдың сүйегі сырқырайды.

— Қойдың үстінен аттап өтуге болмайды. Ол киелі мал. Қазақ қойды «Бейіштен шыққан», «Меккеге барған» деп дәріптейді.

Қой-ешкіге байланысты қазақтың әдет-ғұрыптары қазақ арасында кең таралған, қой-ешкі кұрбандық малы. Қазақ «ақсарбас» атаса қойды «құдайы» өткені. Қара шұнақ лақ немесе қоңыр тоқты қатардағы құрбандық болса, үш-төрт жасар боз қасқа немесе ақ сарбас қой біршама беделге ие деп жазады этнограф ғалымдар.

Қазақ қозы-лаққа ен салған күні үлкен үйдің отауларға, балаларға беретін қозы-лақтары болады. Бұны — көгентүп атаған. Қойды қазақ — сүйіншіге, кұн төлеуге, айып пұлға, қалың малға, тасаттыққа, қалжаға, бата оқырға (қайтқан адамға), елікті жерлеуге, үйлену тойында, ауруды көшіруге т.б. негізгі қолданатын малы. Ертеректе өзге біреу жайылымнан мал айдап өтсе, «тұяқ ақысы» деп бір қой беретін болған. Арықтарды қазып немесе қайта тазарту үшін жиналған жұртқа бұрындары «қан құю» ғұрпын жасатып, семіз ту қойды сойдырыпты деген деректер бар.

Қасиетті деп танылған малға қол жұмсауға, шыбыртқы қамшымен өсу, ұру, тебуге, тіптен балағаттауға, қатты кейуге болмайды. Себебі «мал киесі» теріс айналса, ешқандай құрбандықпен, тасаттық ырыммен де қайырылмайды, сөйтіп, құт қашады, ырыс ортаяды, «киесі» ашуланған малдың өнімі азайып, ауру шырмайды деген халық сенімі де тегіннен шықпаса керек.

Ешкі түлігі қазақта көкпарға тарту үшін берілетін түлік. Қара ешкі — қыс бейнесінде есептелінеді. Бата жасап сойылып, додаға салуға тапсырылады. Осы әрекет арқылы тіршілік қамы басталатын көктемге деген құрмет көрсетіледі.

Ертеде лақ етінен жаубүйрек жасауды қолайлы көрген. Ол үшін жалпақ жұқалау тастарды бір жерге үйіп, қыздырады, соған лақ етін жаймалап, тұздап, қызған тасқа лақтыра салса, тез піседі екен.

Көктен тамшы тамбай, құрғақшылық қаупі сезілгенде қазақтар серкені құрбандыққа шалып, терісін тауға көмеді. Содан тауға қарап Тәңірден жауын сұрайтын да сенім бар деп жазады ғалым Б. Алтаев. Ел ішінде осы түлікке қатысты әлі де бізге беймәлім наным-сенімдер қаншама.
Просмотров материала: 2 941

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 192 555 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 192 120 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 191 659 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 191 707 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 192 053 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 12 199 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 11 310 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 591 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 987 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 16 102 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 501 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 392 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 556 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 371 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 202 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 623 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 447 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 134 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 540 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 303 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 246 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 081 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 921 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 212 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 142 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 642 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 397 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 970 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 230 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 600 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 984 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 927 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 010 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 965 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 182 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 333 Просмотров





Опрос


«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031