19 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Біз осы «Қандас» деген қазақы атауымыздан неге қашамыз?

Біз осы «Қандас» деген қазақы атауымыздан неге қашамыз?
"Ұлт рухын көтеру мен тіліміздің кең қанат жаюында қазақ халқы санының көбеюі басты рөл атқарады. Сондықтан, 30 жылға жуық уақытта шетелдерден миллионнан аса қазақ Тәуелсіз Қазақстанға – атамекендеріне келіп, қазақтың қатарын көбейтті. Негізі Көші-қон саясатындағы көптеген тосқауылдар болмағанда, бұдан да көп келетіні айқын еді. Сондықтан шетелдегі этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасына кедергісіз келуі мен азаматтықты жеңілдетілген жолмен алуын заңмен бекітуіміз керек. Балшықтан адам жасай алмай жатқанда шеттегі 6 миллиондай қазағымызды Қазақтың көк туының астына жинау керек!

Парламентте қазір көші-қон саласына байланысты «оралман» атауының атын ауыстыру көтеріліп жатыр. Ол тіпті, әлеуметтік желіде қызу талқылануда. Мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов ұсынған «Бауырлас» деген атау тура мағына бермейді. Кешегі Кеңес империясы кезіндегі 15 одақтас елді «бауырлас елдер» деген, айдаладағы шетелдегі бір қала мен екінші қаланы «бауырлас қалалар» деген жасанды ұғымдар қазақи емес, «саяси» мәнге ие болып кетті.

Мәжіліс депутаттарының «Бауырлас» сөзіне неге «бауыр басып» қалғанына түсінбеген ақын Ауыт Мұқибек те өз парақшасында орынды мәселе көтеріп, «қандас» атауын қолай көріп тұрғанын меңзейді.

Иә, біз осы «Қандас» деген қазақы атауымыздан неге қашамыз?

Қазір Германияға барып қайта келген, немесе Ресейге барып, қайта келіп жатқан өзге ұлт өеілдері де кездеседі. «Оралман» атауы олардың да оң жамбасына келе кетеді. Ал репатриант атауы тағдыр талқысымен тарыдай шашырап кеткен қазақтарға – мемлекет құраушы ұлт өкілдеріне ғана тиісті атау болуы керек. Сондықтан, бұл жерде «қандас» атауынан артық атау табылуы қиын. Баспасөзде «репатриант» атауы – уақытша атау екенін, сондықтан олар азаматтық алған соң «қандас» болмай қала ма немесе олар қандас болғанда жергілікті қазақтар қандас емес пе?» деген белгілі журналист Сәкен Сыбанбай бауырымыздың орынды сауалы да қойылуда.

Солай болған күнде де біз шетелге барғанда, ондағы көзіңе оттай басылатын қазақ ағайындарымызды көргенде бірден «қандасым» деп қаның ойнап шыға келеді. Ал өз елімізде біз қазақтар, бір-бірімізді «қандасым» деп атамайтынымыз анық. Өйткені ондай қажеттілік тумайды. «Қандас» деп өзге ұлттардың ішіндегі өз ұлтыңды айтасың. Қалың қазақтың Ішінде, өз отанында өз қазағыңды бір-бірінен бөлектеп, «қандас» демейсің ғой… Өйткені бәрінің қаны бір ғой! Иә, мен Қытайдағы белгілі тележурналист Қуандық Асқарды «қандасым» деп, қаным тартып, ондағы миллиардтан асқан қалың қытайдан ерекше бөлек тартып тұрамын. Ал Қазақ Еліндегі қазақтарды, мысалы, тіпті, туысқан інім Сәкен Сыбанбайды шетелдің қазағындай «қандас» демеймін ғой, «бауырым» десем де…

Иә, кейінгі кезде кемістік ретінде елді екіге бөліп тұратын жағымсыз мағынаға айнала бастаған «оралман» деген атаудан гөрі «қандас» деген атау қаныңа тартып, бауырмалдықты оятып тұрады.

Шетелдердегі қазақтарды тарихи атамекеніне жинап алуды қасиетті парызы санайтын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бір ұлтты екіге бөлгісі келіп тұратын «шекараға» айналып бара жатқан «оралман» сөзін бар қазақтың бауырлық сезімін оятатын қуаты зор «қандас» деген атаумен атайық деген сәтті ұсынысын қолдауымыз керек!

Енді осы атауды заңдастыру ғана қалып тұр.

Қазыбек Иса, ҚР Президенті жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі
«Қазақ үні»
Автор: Қазыбек Иса -
Просмотров материала: 1 871

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 222 969 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 222 671 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 222 162 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 222 196 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 222 570 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 866 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 896 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 229 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 908 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 940 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 148 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 880 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 019 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 649 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 527 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 551 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 761 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 520 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 924 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 709 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 526 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 371 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 212 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 584 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 459 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 945 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 382 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 275 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 511 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 904 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 253 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 197 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 345 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 274 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 517 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 650 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031