27 ноября 2024 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Бизнесменнің бүкіл отбасын қырып салған: Алматыдағы адам шошырлық қылмыстың мән-жайы

09 сентябрь 2019, 11:37
Бизнесменнің бүкіл отбасын қырып салған: Алматыдағы адам шошырлық қылмыстың мән-жайы
2013 жылы маусым айында алматылық кәсіпкер Ержан Сәкенов бірнеше сағатқа жұмыс бабымен үйінен шығып кетеді. Қайтып оралып, сұмдық жағдайға тап болады. Аяғы ауыр келіншегін, екі кішкентай ұлы мен қонаққа келген туысын біреу өлтіріп кеткен. Сейфті де алып кетіпті.

Дереккөз: Sputnik Казахстан

Үйдегілердің бәрін қырып салған

Жұмыс бабымен кетіп, екі сағаттан соң үйіне оралған Ержан пәтердің есігі ашық жатқанын көріп аң-таң болады. Кірген бойда, үйдегілердің атын атап шақыра бастаған. Алайда ешкім жауап бермеді. Неге екені сол сәтте белгілі болды.

Ержан қонақ бөлмесінде аяғы ауыр әйелінің қанға боялған денесін көреді. Көрші бөлмеде келіншегінің ағасы өлі табылады.

Кішкентай ұлдарын аласұрып іздеген Ержан олар тірі шығар деп үміттенген еді. Алайда екі баланы да ваннаға тұншықтырып өлтіріпті.

Ер адамның қоңырауынан кейін полиция тез келді.

Жылдар бойы талай сұмдықты кезіктірген жедел топ мүшелері мән-жайды көріп, төбе құйқалары шымырлады. Олар ештеңеден тайынбайтын нағыз қанішерлерді іздеу қажеттігін бірден түсінді.

Қарақшылық шабуыл екеніне күмән жоқ

Бүкіл отбасының өліміне алдын ала жоспарланған тонаушылық әкеп соққанына тергеушілердің еш күдігі болмады: пәтерден ірі көлемде қаражат және зергерлік бұйымдар жатқан сейфті алып кеткен. Қылмыскерлер құнды заттарды іздеп үйдің астаң-кестеңін шығарыпты.

Тағы бір маңызды жайт бар еді. Есіктің құлпы бұзылмаған. Демек, қылмыскерлерді үй иесі өзі кіргізген, яғни келіншек олармен таныс деген сөз.

Отағасының тонаушылыққа қатысы бар-жоғы да тексерілуі тиіс еді. Бірақ бұл дерек расталмады. Қарақшылық шабуыл кезінде ол базардан балалар бөлмесіне қажетті құрылыс материалдарын сатып алған болатын. Бүкіл отбасы дүниеге үшінші сәбидің келуін асыға күтіп жүріпті.

Ең қызығы, көпқабатты үйде тұратын көршілер шабуыл кезінде ешқандай айғай-шуды естімепті, қылмыскерлердің сейфті алып бара жатқанын да көрмеген. Полицейлер таң атқаннан кеш батқанға дейін ауладағы орындықта отыратын әжелерден де сұрастырған. Ешкім ештеңе білмейді.

Жедел қызметкерлер қылмыскерлердің кім екенін және қайдан іздеуге болатынын білмей дал болып жүргенде, қарақшылар патруль экипажының көзіне түседі. Олар қылмыс жасаған үйдің жанындағы шұңқыр ішінде ұрланған сейфті ашқалы жатқан жерінде ұсталыпты.

Жұмысшының кінәлі екеніне сенбеді

Шұңқырда сейфті ашқалы жатқан ер адамдарды көрген полиция оларды ұстамақ болады. Алайда тәртіп сақшыларын байқап қалған күдіктілер қаша жөнелген.

Дегенмен, ешқайсысы құтылып кете алмады, полиция бәрін қолға түсірді.

Пәтерден ұрланған сейфті ер адам бірден таныды. Күдіктілердің арасынан үйін жөндеген Өзбекстан азаматын көргенде, өз көзіне өзі сене алмады.

Ержан Сәкенов Икболжан Турдиевтің қылмысқа қатысы жоқ екенін полицейлерге түсіндірмек болған. Өйткені үйінде жұмыс істеп жүргенде, балаларға бауыр басып, бірге ойнайтын, отбасы да өзбек азаматына кәміл сенген.

Айта кетсек, Турдиев ақыры соңына дейін түк білмегендей кейіп танытты. Бүкіл отбасының өліміне қатысым жоқ деп ақталуға да тырысқан.

Алайда Турдиевке қарсы бұлтартпас айғақтар болды. Бірнеше қылмыстық сараптама растағандай, жантүршігерлік қылмыс жасағандардың бірі соның дәл өзі еді.

Ержан Сәкенов айтып бергендей, сол қаралы күні таңертең Турдиев үйге келген. Ол балалар бөлмесін жөндеуге келіседі.

Кәсіпкер өзбек азаматымен қалай танысты?

Ержан Сәкенов Турдиевпен 2009 жылы оның досының үйін жөндеп жатқанда танысқан. Сол кезде өзбек азаматы бизнесменнің байлығы туралы біліп қатты қызыққан екен.

Икболжанның өзі бөтен елде әрең күнелтіп жүреді, өйткені тапқан табысының басым бөлігін Өзбекстандағы отбасына жіберетін.

Икболжан мен Ержан екеуі жақсы араласып, көп ұзамай көрші елден келген жұмысшы бизнесменнің өз адамы болып кетеді.

Балалар бөлмесін жасамақ болған кезде де Ержан Сәкенов Икболжанның көмегіне жүгінген. Ол да қуана келісіпті.

Ашық мінезді, елгезек гастарбайтердің бірнеше жылдан бері қарақшылық шабуыл ойластырып жүргенін Ержан қайдан білсін...

Турдиев бұл қылмысты бір өзі жасай алмайтынын түсінеді, сондықтан сыбайластар іздей бастайды.

Алматы тұрғындары Ерлан Мамриев пен Бақытжан Мұхажанов өзбек азаматының ұсынысына көп ойланбай, бірден келісе кетеді. Мұны бар мәселені шешіп, байып кетудің таптырмас жолы деп түсінеді.

Егжей-тегжейлі жоспарланған қылмыс

11 маусымда таңертең Турдиев Сәкеновтің үйіне келеді. Ол жөндеу жұмыстарын аяқтауға біраз материал жетпейтінін айтқан.

Бір сағаттан соң Ержан көлігіне мініп, қажетті заттарды алып келуге кетеді.

Үй есігін қаққан кезде Ержанның әйелі Икболжанды көріп, еш ойланбастан кіргізбек болады. Есікті аша бергені сол еді, бетінен жойқын соққы алып, есін жоғалтқан.

Икболжан әйелді үтіктің сымымен қылқындырып жатқанда, сыбайластары келіншектің ағасын пышақтап тастайды.

Не болып жатқанын түсінбей, шуды естіп бөлмеден шыққан балалар "Икбол ағаларының" мойнына асыла кетеді. Сол кезде ол ұлдарды "ойнайық" деп алдайды.

Жуынатын бөлмеге кіріп, ваннаны суға толтырған Икболжан әуелі Ержанның кіші ұлын тұншықтырып тастап, артынша жеті жасар баланы да дәл солай өлтірген.

Қарақшы сотты алдамақ болды

Үйдегілерді қырып салған қылмыскерлер пәтерді түгел ақтарып, сейфтен басқа құнды бірдеңе іздейді.

Басқа ештеңе таппаған олар сейфті алып, қылмыс орнынан ізін жасырған.

Қарақшылар темір қораптың ішінде қанша ақша барын білмей кетті. Сейфті аша алмай жатқан жерде патруль экипажы үстілерінен түскен екен.

Сот отырысында күдіктілердің бірі – Бақытжан Мұқажанов – Сәкеновтің үйінде не болғанын түсінбедім, екі қарақшыны танымаймын, сол күні такси болып жүр едім деп ақталды.

Бірақ тергеушілердің айғағы жеткілікті еді. Ер адам қылмысқа белсенді араласқан: әйелді қылқындырып, балаларды ваннаға тұншықтыруға көмектесіпті.

Барлық қатысушының ішінде Турдиев қана кінәсін толығымен мойындады. Тіпті жасаған ісіне қатты өкінетінін де жеткізді.

Судья сотталушылардың бәрін өмір бойына бас бостандығынан айырды.




Іс фигуранттарының аты-жөні өзгертілді.
Просмотров материала: 1 455

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 123 923 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 123 754 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 123 395 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 123 421 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 123 729 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 8 511 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 7 683 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 7 755 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 10 946 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 11 091 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 20 471 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 8 334 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 6 657 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 6 552 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 5 363 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 7 465 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 16 661 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 5 329 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 6 673 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 5 438 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 5 433 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 274 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 122 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 5 365 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 5 299 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 16 830 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 178 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 152 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 5 372 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 5 700 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 123 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 140 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 180 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 106 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 5 336 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 5 489 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930