12 октября 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Оралда немересін бергісі келмеген ер-азамат келінін бауыздап тастады

12 апрель 2018, 10:08
Оралда қайын атасы немересі үшін келінін бауыздап өлтірді. Бұл жантүршігерлік қылмыс 8 сәуірде, түстен кейін болды. Семей қаласының тұрғыны Ақерке Қозыкешева екі жасар баласын күйеуінен алу үшін Оралға келген. Ақерке кішкентай ұлын қатты сағынып келген еді. Ол баланы оңайлықпен бермейтінін біле тұра күйеуінің үйіне барды. Бұл туралы uralskweek.kz хабарлады.

Қайтыс болған қыздың туысы Семейден келіп, марқұмның денесін туған жеріне алып кетті. Олар үшін бұл жағдай қатты соққы болды. Марқұмның екі туысы қарындастарының өмірін баяндағанда, көздері жасқа толды.

«Біз Ақеркені мәйітханадан көргенде, оны танымай қалдық. Қарындасымның бетінің сау-тамтығы жоқ. Беті, басы, бәрі сынған, денесі соққыдан көгеріп, кеудесі пышақталған. Сот сарапшысы Еркеміздің барлық қабырғалары сынғанын айтты. Оны неліктен сонша ұрды? Не үшін өлтірді? Ол мейірімді, ақкөңіл жан еді. Оған ашуланатындай, мен оның біреу-міреуге дауыс көтергенін көрген емеспін», – дейді қыздың нағашы ағасы Ержан Сарқытбеков.

Қаракөз қарындасынан айырылып қалған Ержан Ақеркенің Шығыс Қазақстанда туып-өскенін және Семейде анасымен бірге тұрғанын айтты.

Марқұм 2015 жылы Орал қаласының тумасы Саят Қозыкешов есімді жігітпен танысып, оған тұрмысқа шыққан. 2016 жылы отбасында Алишер атты ұл бала дүниеге келді.

Содан кейін күйеуінің ата-анасы немерелері Алишерді өзіміз қараймыз деп, Ерке мен оның күйеуін ақша табу үшін Ақсайға баруға көндірген. Марқұм күйеуімен бірге Ақсайға барып, жұмыс істеуге келісімін береді. Ол жұбайы Саятпен бірге Ақсайда жұмыс істеп жүргенде Ерке анасына қоңырау шалып, күйеуінің кейде оны ұрып-соғатынын айтып шағымданған. Ал Саяттың ата-анасы болса, келіндерін қорғамай, әрқашан ұлының сөзін сөйлеген.

2017 жылдың қазан айында Ақерке сол білегінен пышақ жарақатын алып, Ақсай қаласындағы ауруханаға түсті. Бұл жөнінде Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері түзген құжат бар. Кейін Ақерке дәрігерлерге күйеуінің пышақтағанын айтқан. Кейін өз сөздерінен бас тартып, полиция қызметкерлеріне пышақпен өзі жарақаттанып қалғанын түсіндірген соң, іс жабылған.

Біраз уақыттан кейін Саят жұмысқа кететінін айтып, хабарсыз кеткен.

"Сонымен қатар ол қоңырауларға жауап беруін тоқтатты", – дейді Ержан. Ал Ерке болса күйеуінің Оралдағы ата-анасына барады. Олар марқұмға ұлдарының онымен бірге тұрғысы келмейтінін айтады. Саяттың ата-анасы Еркеге Семейге қайтуын өтініп, Әлішерді өздерімен бірге қалады деген.

Содан кейін Ақерке анасы Бибігүл Ермұханованы шақырып, ол Семейден Оралға келеді. Екі ай бойы қыз өзінің туған баласын көре алмаған. Себебі күйеуінің ата-анасы айқайлап, оны үйден қуып шыққан. Ақерке қамқоршылық органдарына, полицияға және прокуратураға жүгінген. Ол әрең дегенде өз құқығын қорғап, 2018 жылдың ақпан айында Алишер мен анасымен бірге Семейге кеткен.

Содан кейін Саят Семейге келіп, Ерке мен Бибігүлден кешірім сұраған. Ол ата-анасымен бірге тұрмайтынын айтып, отбасымен бірге Семейде қаламын деген екен. Ерке күйеуінің сөзіне сеніп, олар Алишермен бірге ойын-сауық орталығына барып, серуендеген.

Кейін күйеуі әйеліне сұлулық салонына барып, тырнақ жасатып ал деп ұсынған. Аңғал ана жұбайының сөзіне сеніп, оның ұсынысынан бас тартпаған. Ақерке бір сағат өткеннен кейін салоннан шықса, күйеуі оның телефонын алып, ұлын ұрлап кетіпті.

Саят баласын алып, Оралға кетіп қалған. Ол анасына ұлын бермеген соң, марқұм қыз баласын қайтарып алу үшін сотқа арызданған. Біраз уақыттан кейін Ақеркеге соттан хабарлама келген. Онда ол баласымен кез келген уақытта кездесе алатыны, сондай-ақ сәбидің кімнің қолында қалатынын ерлі-зайыптылар өзара шешіп алулары керек делінген.

2018 жылдың 6 сәуірінде Ақерке Қозыкешова Орал қаласына келді. Ол теміржол вокзалына жақын маңда хостел жалдап тұрған. Марқұм қонақ үй қызметкерінен ұлымен және күйеуімен кездесетінін айтып, бір күнге пәтер тауып беруін өтінген. Ақерке екі күн бойы күйеуіне хабарласқан. Ал жұбайы Саят 8 сәуірде ұлын пәтерге алып келетінін және мәселенің басын ашып сөйлесетіндерін айтқан. Ерке күндіз екілер шамасында хостелден шығып кеткен. Сол күні, сағат бесте БҚО ІІД-не оның қайын атасы Асылбек Омаров келіп, келінін бауыздап тастағанын айтқан.

«Тергеуші бізге "Асылбек қызымызға Әлішерді бермеу үшін өлтіргенін мойындады" дейді. Бірақ мен оған сенбеймін. Ол жалғыз болған жоқ, Оған Саяттың да қатысы бар. Асылбек қарындасымды ас үй пышағымен өлтіргенін айтты, бірақ пәтерден қанды пышақ табылмады. Ол пышақтардың барлығы жуылып қойған. Ешқандай жерде саусақ іздері жоқ. Неліктен?», – дейді Ержан Сарқытбеков.

Марқұм Ақерке Қозыкешеваның туыстары Әлішерді әкесінің отбасынан алып, Семейдегі әжесінің тәрбиесіне беруді сот арқылы шешуге ниетті.
Просмотров материала: 3 547

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 221 918 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 221 605 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 221 104 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 221 139 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 221 511 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 13 810 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 12 843 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 13 176 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 17 856 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 17 886 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 26 094 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 870 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 8 003 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 634 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 513 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 9 530 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 753 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 506 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 902 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 698 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 513 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 356 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 6 201 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 569 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 444 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 935 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 9 360 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 6 263 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 498 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 897 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 6 238 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 6 187 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 6 330 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 6 260 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 504 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 640 Просмотров





Опрос


«    Октябрь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031