18 ноября 2025 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



"Қытайлар қаптайды" деп шулағандарға министрлік егжей-тегжейлі түсініктеме берді

"Қытайлар қаптайды" деп шулағандарға министрлік егжей-тегжейлі түсініктеме берді
Қытайлар Қазақстанда 55 зауыт салмайды, олар тек жаңа технологияны, білімді, инвестицияны тасымалдаушылар ғана. Ал Қазақстан тарапы бұл жобаларды өзі жүзеге асырып, бюджетке мол табыс әкеледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен арнайы баспасөз мәслихатында ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР инвестициялар мен инфрақұрылымдарды дамыту министрлігінің өкілдері айтты.

Елімізге тартылған инвестициялар көлемі бойынша Нидерланды ең бірінші орында тұр екен. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер вице-министрі Ермек Көшербаев айтты.

Қазақстанға тәуелсіздік алғалы бері бүгінге дейін Нидерландыдан 87 миллиард доллар инвестиция тартылған. ІІ орында АҚШ тұр: 37 миллиард доллар. Одан соң Швейцария: 27 миллиард доллар. Төртінші орында Қытай - 17 миллиард доллар, бесінші орында – Франция: 15 миллиард доллар.

- Қытай мен Қазақстан Республикасының ынтымақтастық жөніндегі комиссиясы бар. Соның аясында индустрияландыру және инвестиция тарту бағдарламасы жасалған. Мұндай бағдарламалар тек Қытаймен ғана емес, басқа елдермен де жасалады. Мысалы, АҚШ-пен, Германиямен де ондай арада бағдарлама бар. Қазір әлемде сауда-саттыққа қатысты шиеленістер орын алып жатыр, кейбір елдер арасында өзара санкциялар да жариялануда. Мұндай жағдайда инвесторлар қауіпсіз елді-мекендерді іздестіреді, олар қауіпті аймақтарға инвестиция салмайды, олар инвестицияларының қайтарылуына жағдай жасайтын елдерді іздейді. Осыған байланысты біздің мақсатымыз - Қазақстан Республикасында осындай жағдай жасау және инвестиция тарту үшін жұмыс істеу, - деп түсіндірді Көшербаев.

Сондай-ақ, ол қытайлық тараппен 55 зауыты көшіру туралы арада бұрын-соңды сөз болмағанын кесіп айтты. Оның үстіне Қазақстанға Қытайдың ескірген технологиялары түкке қажеті жоқ.

- Бұл ақпаратты блогерлер ват-сап арқылы таратып жатыр, бірақ мұндай бағдарлама жоқ, ескі зауыттарды мұнда ешкім әкелгелі жатқан жоқ. Арнайы бірлескен комиссия бар, онда барлық жобалар іріктеуден, мемлекеттік сараптамадан өтеді. Сонымен бірге бұл жобалармен негізінен жеке кәсіпкерлер айналысады, мұнда ешкім ескі зауыттарды немесе заттарды әкелгелі жатқан жоқ. Тіпті, біреулердің сондай ойы болса, оған біздің комиссия жол бермейді, мұндай жобаға тыйым салынады, - деді ол.

Дегенмен вице-министр Әмнияз Ержанов ҚР Үкіметі мен ҚХР арасындағы индустрияландыру және инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы негіздемелік келісімнің аясында машина жасау, құрылыс индустриясы, агробизнес, индустрияландыру, химия-фармацевтикалық өнеркәсіп, мұнай-газ секторы және энергетикалық салада жүзеге асырылатын жалпы құны 27 миллиард долларды құрайтын қазақстан-қытайлық 55 жобаның бар екенін растады.

ҚР Сыртқы істер және инвестициялар мен инфрақұрылымдарды дамыту министрлігінің өзіне 15 мың жаңа жұмыс орнын ашуды көздейтін19,6 миллиард доллардың 27 жобасы бекітіліп қойылыпты.

Біз басқа мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, оның ішінде ұлттық компаниялармен бірге бұл жобалардың барлығына мониторинг жүргізіп, қадағалаймыз. 7 жоба ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне, 20 жоба Энергетика министрлігіне тиесілі, ал бір жобаны "Астана" халықаралық қаржы орталығы жүзеге асырады, - дейді ол.

Тіпті, бұл ынтымақтастық аясындағы 55 жобаның 8-і жүзеге асырылып та қойыпты.

- Осы жобаларды жүзеге асырудан біз не күтеміз? Біз сыртқы нарыққа экспортқа бағытталған, қосылған құны жоғары сапалы отандық өнімді шығаруға қабілетті бірқатар жоғары технологиялық кәсіпорындар құруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, дамуы нашар өңірлердің әл-ауқатын көтеруді көздейміз. Бүгінгі таңда 1,6 миллиард доллардың 8 жоба іске қосылды, осы ынтымақтастық аясында биыл Алматыда үлкен диаметрлі дәнекерленген болат құбырларын шығаратын жоба жүзеге асырылуда. 300-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылды. Ол жобаны іске қосу осы айда желтоқсанда аяқталады, деп жалғастырды өз сөзін Ержанов.

Сондай-ақ, ол осы жобалар аясында жергілікті кадрларды оқыту және шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу жоспарланғанын да атап өтті. Сонымен қатар, қазақстандық жұмысшылардың біліктілігін арттыру шетелдік жұмыс күшін айтарлықтай азайтады деп сендірді ол.

- Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы аясында жүзеге асырылатын барлық жобалар алғашқы салынуы мен пайдалануға берілуі кезеңінде міндетті түрде шетелдік мамандарды шақыруды талап етеді. Бірақ бүгінде жүзеге асырылған барлық жобалар бойынша арнайы тәжірибеден өтіп, біліктілігін арттырған біздің мамандар жұмыс істеп жатыр, - деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, бүгінде Ақтоғай кен байыту фабрикасында ҚХР өкілдері жұмыс істемейді, тіпті өнеркәсіп орнының басшылық құрамына да тек қазақстандық мамандар тартылған. Осыған ұқсас факті ретінде ол Бозшакөл ГОК-ті мысалға келтірді.

- Бұл зауыттарда жаңа технологиялар мен соңғы үлгідегі құрал-жабдықтар қолданылуда. Егер кәсіпорынды қытайлықтар салса, ондағы барлық құрал-жабдықтар мен технологиялар қытайлық деп айтуға болмайды. Иә, кейбір сәттерде олар алдыңғы қатарға шығады, мысалы металлургия саласында. Бірақ зауытқа әкелінген құрал-жабдықтар, ұнтақтағыштар, пештер әртүрлі елдерден алдыртылды, соның ішінде Германия мен АҚШ-та шығарылғандары да бар, деп өз сөзін түйіндеді ол.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, бірлескен өндіріс аясында Қазақстан азаматтары үшін 20 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Ал жобаларды қазақстандық тарап, негізінен жеке компаниялар жүзеге асырады.
Просмотров материала: 2 416

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 175 654 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 175 386 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 175 001 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 175 050 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 175 344 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 304 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 441 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 10 672 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 14 769 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 14 927 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 23 589 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 9 983 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 411 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 243 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 065 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 271 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 338 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 012 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 400 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 124 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 134 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 5 967 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 804 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 061 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 004 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 521 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 7 992 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 837 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 111 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 457 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 851 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 805 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 852 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 813 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 041 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 187 Просмотров





Опрос


«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930