26 января 2026 г.

Дежурный по стране

В экономике вообще-то есть только два предложения...
Азамат Джолдасбеков, президент АО «Казахстанская фондовая биржа»

Мы в соц сетях:



Қазақстан Президентінің Қытайға сапары: бірлескен 9 құжатқа қол қойылды

08 июнь 2018, 9:58
Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен кеңейтілген құрамда кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.

Ресми кездесу рәсімінен кейін екі елдің көшбасшылары кеңейтілген түрде келіссөз жүргізді. Қазақстан Президенті Қытай тарапына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін ризашылық білдіріп, дәстүрлі қонақжайлық көрсеткенін атап өтті.

«Мен, ең алдымен, Сізді жоғары мемлекеттік лауазымға қайта сайлануыңызбен және Қытай Компартиясының ХІХ съезін табысты өткізуіңізбен құттықтаймын. Бұл қытайлық өзіндік ерекшелігі бар социализм құру жолындағы әлемдік мәні бар айтулы оқиға болды», - деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев «Қытай арманын» жүзеге асыру ісінде ел мемлекеттілігінің тірегі саналатын Қытай Компартиясы рөлінің артқанына тоқталды. Қазақстан Президенті 2012 жылдан бері жоғары деңгейдегі 18 кездесу өткенін айтып, Қазақстан-Қытай қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

«Осы уақыт ішінде біз жалпы сомасы 67 миллиард доллар көлеміндегі 127 екі жақты құжатқа қол қойдық. Бізге осы диалогты жалғастыру қажет. Былтыр өзара сауда көлемі 11 миллиард долларға жуықтады. Бұл жердегі өсім 30 пайыздан астам. Екі жақты қатынастарымызды ілгерілету үшін біздің бұдан да зор әлеуетіміз бар», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасы Төрағасының достық, тең құқылық, өзара ынтымақтастық және мемлекеттік егемендікті құрметтеу рухында тату көршілік қатынастарды дәйекті дамыту ісіндегі жеке үлесін жоғары бағалады.

«Сіздің Жібек жолының экономикалық белдеуін қалыптастыру жөніндегі бастамаңызды іске асыру барысында біздің ынтымақтастығымыз нығая түсті», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қытай Халық Республикасының Төрағасы тату көршіліктің үлгісіне айналған екі жақты ықпалдастықтың жоғары қарқынмен дамып келе жатқанына тоқталып, бірлескен инфрақұрылымдық бастамаларды, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасын іске асыру ісінде өзара сенім мен ынтымақтастықтың нығайғанын атап өтті.

«Біз адамзаттың ортақ тағдырын қалыптастыру жолында Қазақстанмен бірге болуға және адамзаттың жарқын болашағы үшін ақыл-ойымыз бен күш-жігерімізді жұмылдыруға дайынбыз. Мен Қазақстан-Қытай достығының алып кемесін Сізбен бірге басқаруға әзірмін», - деді Си Цзиньпин.

Келіссөздер барысында Қытай тарапы Қазақстанның экологиялық тұрғыдан таза ауыл шаруашылығы өнімін өз нарығына жеткізуге, энергетика саласындағы, мұнай-газ кешеніндегі, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстар, жаңа технологиялар мен цифрландыру салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделілік танытты. Кездесу соңында Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасын Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

***


Сапардың нәтижелері бойынша мынадай құжаттарға қол қойылды.

1. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бірлескен мәлімдемесі;

2. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы ядролық және радиоактивті материалдардың, радиоактивті қалдықтар мен қауіпті заттардың заңсыз тасымалдауын болдырмау жөніндегі іс-қимыл туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметі арасындағы Қытай Халық Республикасының жеңілдетілген несие беруі туралы негіздемелік келісім;

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Қаржы министрлігі арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы өндірістік қуаттар мен инвестициялар саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастық жоспарын бірлесіп әзірлеу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Даму және реформалау жөніндегі мемлекеттік комитеті арасындағы бірлескен жобалар тізбесін және олардың индустрияландыру және инвестициялар саласындағы қалыптасу тетіктерін бекіту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі арасындағы электрондық сауда саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

8. Қытай Халық Республикасы мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы Қазақстаннан Қытайға экспортталатын сиыр етіне арналған инспекциялау, карантиндік және ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттама;

9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қытай Халық Республикасы Бас кеден басқармасы арасындағы Қазақстаннан Қытайға жоңышқа шөбін экспорттау жөніндегі санитарлық және фитосанитариялық талаптар хаттамасы.
Просмотров материала: 2 732

Поделиться материалом


10:04 230 миллиардов тенге возвращено государству в рамках дел... 183 879 Просмотров

20:03 Обращение жителей с. Маралды к Президенту РК К.-Ж. Токаеву... 0 Просмотров

12:16 Атырауда мыңнан астам асыл тұқымды еділбай қойы тірідей... 0 Просмотров

11:35 Бұдан былай Алматыда электрлі самокат тек 16 жастан бастап... 0 Просмотров

11:30 Қарағанды облысындағы жол апатынан сегіз адам көз жұмды... 0 Просмотров

11:17 Мұхамедиұлының Ұлттық музейдегі ұрлықтың жаңа эпизодына еш... 183 399 Просмотров

11:01 Биіктен құлап бара жатқан баланы қағып алған оқушыға үш... 182 969 Просмотров

10:47 Қарағандыда тұрғын үй ауласынан шала туылған бала табылды... 183 022 Просмотров

10:25 Ұлттық музей басшылығына қатысты қылмыстық істі... 183 340 Просмотров

18:37 Адвокат Бурхан Жансейтов задержан в Алматы... 11 743 Просмотров

17:38 Объемы производства сахара будут увеличены в семь раз —... 10 860 Просмотров

17:13 Тарифы на комуслуги изменятся в Казахстане... 11 105 Просмотров

16:54 Министр Аймағамбетов балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз... 15 365 Просмотров

16:52 «Қолайлы мектеп». Ұлттық жоба арқылы 582 мектеп бой көтереді... 15 509 Просмотров

16:52 «Суперагенты»: серьезный человек Сека уже ждет вас на IVI... 24 050 Просмотров

16:48 Балабақшаларды лицензиялауды күшейтеміз - министр... 10 172 Просмотров

16:43 Смайылов президенттің үкімет жұмысына қатысты сынына пікір... 7 473 Просмотров

16:42 Хищение средств через платформу АrtSport расследует антикор... 7 299 Просмотров

16:39 Еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады – ауа райы... 6 129 Просмотров

16:37 Про президентскую критику... 8 356 Просмотров

16:29 Министерство не запрещало показ мультфильма «Базз Лайтер» -... 17 380 Просмотров

16:15 Экология министрлігі киіктердің мекендеу ортасын зерттеуге... 6 067 Просмотров

15:48 Денсаулық сақтау министрлігі аборт жасатуға тыйым салу... 7 464 Просмотров

15:45 Елімізде коммуналдық қызмет тарифтері өзгереді... 6 198 Просмотров

15:41 Капремонт всех роддомов пообещала министр здравоохранения... 6 180 Просмотров

15:27 Благотворительный спортивный зал для детей открыли в... 6 012 Просмотров

15:00 Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады... 5 853 Просмотров

14:18 104 мың гектарға қант қызылшасы егілсе, ішкі нарықты 80... 6 132 Просмотров

13:41 Қаңтар оқиғасы кезінде қанша қару тәркіленді – ҰҚК есеп... 6 063 Просмотров

13:15 Алагузова - Нуртасу Адамбай: Богу не нужна твоя помощь... 17 569 Просмотров

13:14 Жауынгер бір жыл ішінде әскери техниканы ғана емес, қолына... 8 123 Просмотров

13:04 Тамызда өршиді: Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус... 5 881 Просмотров

13:02 В отношении руководства ТОО «Казфосфат» начато досудебное... 6 162 Просмотров

12:59 Суицид в Казахстане: 96% случаев самоубийств совершаются... 6 522 Просмотров

12:51 Усовершенствовать военную организацию Казахстана поручил... 5 911 Просмотров

12:49 Закупать уголь заранее призывают казахстанцев... 5 859 Просмотров

12:45 Павлодарда кран жұмысшыны екінші қабаттан итеріп жіберді... 5 922 Просмотров

12:42 Президенттің сынынан кейін ұзаққа созылған жол жөндеу... 5 881 Просмотров

12:38 МӘМС шенеуніктердің жемсауытына айналған – Арман Бейсембаев... 6 102 Просмотров

12:32 Шоу-бизнес өкілдерінің ЛГБТ-ны насихаттайтын «Базз Лайтер»... 6 249 Просмотров





Опрос


«    Январь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031